Жаңа бағдарлама Алгебра және анализ бастамалары 11 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар Жаратылыстану-Математика бағыты ЖМБ 2018-2019 жыл

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағытындағы 11 — сыныптарға арналған

«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша

ұзақ мерзімді жоспар

 

11-сынып

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны Оқу мақсаттары
1-тоқсан
10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау
Алғашқы функция және интеграл Алғашқы функция және анықталмаған интеграл. Анықталмаған интеграл қасиеттері 11.3.1.1 — алғашқы функция және анықталмаған интеграл анықтамаларын білу;

11.3.1.2 — анықталмаған интеграл қасиеттерін білу және қолдану;

11.3.1.3 — негізгі анықталмаған интегралдарды

1.

2.

3.

4. ;

5. ;

6.

білу және оларды есептер шығаруда қолдану;

Интегралдау тәсілдері 11.3.1.4 — айнымалыны алмастыру әдісімен интегралды есептеу;

11.3.1.5 — бөліктеп интегралдау әдісімен интегралды есептеу;

Қисықсызықты трапеция және оның ауданы. Анықталған интеграл. 11.3.1.6 — қисықсызықты трапецияның анықтамасын білу және оның ауданын табу үшін Ньютон – Лейбниц формуласын қолдану;
Анықталған интегралдың геометриялық және физикалық есептерді шығаруда қолданылуы 11.3.1.7 — анықталған интеграл ұғымын білу, анықталған интегралды есептей білу;

11.3.1.8 — берілген сызықтармен шектелген жазық фигураның ауданын есептеу;

11.3.1.9 — айналу денесінің көлемін анықталған интеграл көмегімен есептеу формуласын білу және қолдану;

11.3.2.1 — анықталған интегралды жұмыс пен арақашықтықты есептеуге берілген физикалық есептерді шығару үшін қолдану;

Математикалық статистика элементтері Бас жиын және таңдама 11.3.2.2 — математикалық статистиканың негізгі терминдерін білу және түсіну;
Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар 11.3.3.1 — математикалық статистиканың негізгі терминдерін білу және түсіну;

11.3.3.2 — дискретті және аралық вариациялық қатарларды құрастыру үшін таңдаманы өңдеу;

Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын таңдамалар бойынша бағалау 11.3.3.3 — берілген шартқа сәйкес вариациялық қатарлардың деректерін талдау;

11.3.3.4 — таңдама бойынша кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын бағалау;

2-тоқсан
Дәрежелер мен түбірлер. Дәрежелік функция n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері 11.2.1.1 — n-ші дәрежелі түбір және n-ші дәрежелі арифметикалық түбір анықтамасын білу;

11.2.1.2 — n-ші дәрежелі түбір қасиеттерін білу;

Рационал көрсеткішті дәреже. Рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру. 11.2.1.3 — рационал көрсеткішті дәреже анықтамасын және қасиеттерін білу;

11.2.1.4 — алгебралық өрнектерді түрлендіру үшін рационал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану;

Иррационал өрнектерді түрлендіру. 11.2.1.5 — иррационал өрнектерді түрлендіру үшін n-ші дәрежелі түбір қасиеттерін қолдану;
Дәрежелік функция, оның қасиеттері мен графигі 11.3.1.10 — нақты көрсеткішті дәрежелік функция анықтамасын білу; дәреже көрсеткішіне тәуелді дәрежелік функция графигін салу;

11.3.1.11 — дәрежелік функция қасиеттерін білу;

Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы 11.3.1.12 — нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысын табу ережелерін білу және қолдану;

11.3.1.13 — нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның интегралын табу ережесін білу және қолдану;

Иррационал теңдеулер мен теңсіздіктер Иррационал теңдеулер мен олардың жүйелері 11.2.2.1 — иррационал теңдеудің анықтамасын білу, оның мүмкін мәндер жиынын анықтай алу;

11.2.2.2 — теңдеудің екі жағын бірдей n-ші дәрежеге шығару әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу;

11.2.2.3 — айнымалыны алмастыру әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу;

11.2.2.4 — иррационал теңдеулер жүйелерін шеше алу;

Иррационал теңсіздіктер 11.2.2.5 — иррационал теңсіздіктерді шеше алу;
3-тоқсан
Комплекс сандар Жорамал сандар. Комплекс сандар анықтамасы 11.1.1.1 — комплекс санның және оның модулінің анықтамаларын білу;

11.1.1.2 — комплекс санды комплекс жазықтықта кескіндеу алу;

11.1.1.3 — түйіндес комплекс сандар анықтамасы мен олардың қасиеттерін білу;

Алгебралық түрдегі комплекс сандарға амалдар қолдану 11.1.2.1 — алгебралық түрде берілген комплекс сандарға арифметикалық амалдар қолдану;

11.1.2.2 — алгебралық түрдегі комплекс санды бүтін дәрежеге шығарғанда  мәнінің заңдылығын қолдану;

11.1.2.3 — комплекс санның квадрат түбірін таба алу;

Квадрат теңдеулердің комплекс түбірлері 11.1.2.4 — квадрат теңдеулерді комплекс сандар жиынында шешу;
Алгебраның негізгі теоремасы 11.1.2.5 — алгебраның негізгі теоремасын және оның салдарларын білу;
Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар Көрсеткіштік функция, оның қасиеттері және графигі 11.3.1.14 көрсеткіштік функция анықтамасын білу және оның графигін салу;

11.3.1.15 көрсеткіштік функция қасиеттерін есептер шығаруда қолдану;

Сан логарифмі және оның қасиеттері 11.3.1.16 сан логарифмі, ондық және натурал логарифмдер анықтамаларын білу;

11.3.1.17 логарифм қасиеттерін білу және оны логарифмдік өрнектерді түрлендіруде қолдану;

Логарифмдік функция, оның қасиеттері және графигі 11.3.1.18 логарифмдік функцияның анықтамасын білу және оның графигін салу;

11.3.1.19 логарифмдік функция қасиеттерін білу және қолдану;

Көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралы 11.3.1.20 көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралын табу;
Логарифмдік функцияның туындысы 11.3.1.21 логарифмдік функцияның туындысын табу;

 

Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері 11.2.2.6 — көрсеткіштік теңдеулерді шешу әдістерін білу және қолдану;

11.2.2.7 — көрсеткіштік теңдеулер жүйелерін шеше білу;

Логарифмдік теңдеулер және олардың жүйелері 11.2.2.8 — логарифмдік теңдеулерді шешу әдістерін білу және қолдану;

11.2.2.9 — логарифмдік теңдеулер жүйелерін шеше білу;

Көрсеткіштік теңсіздіктер 11.2.2.10 — көрсеткіштік теңсіздіктер мен олардың жүйелерін шеше білу;
Логарифмдік теңсіздіктер 11.2.2.11 — логарифмдік теңсіздіктер мен олардың жүйелерін шеше білу;
4-тоқсан
Дифференциалдық теңдеулер Дифференциалдық теңдеулер туралы жалпы мағлұмат 11.3.1.22 дифференциалдық теңдеулер туралы негізгі ұғымдарды білу;

11.3.1.23 дифференциалдық теңдеулердің жалпы және дербес шешімдері анықтамаларын білу;

Айнымалылары ажыратылатын бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер 11.3.1.24 — айнымалылары ажыратылатын дифференциалдық теңдеулерді шешу;

11.3.3.1 — физикалық есептерді шығаруда дифференциалдық теңдеулерді қолдану;

Екінші ретті тұрақты коэффициентті біртекті сызықтық дифференциалдық теңдеулер. 11.3.1.25 — екінші ретті біртекті сызықты дифференциалдық теңдеулерді шешу (ay»+by’+cy=0 түріндегі ,мұндағы a,b,c —тұрақты шамалар);

11.3.3.2 — гармоникалық тербелістің теңдеуін құру және шешу;

10-11-сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *