Жаңа бағдарлама Алгебра және анализ бастамалары 10 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар Қоғамдық-гуманитарлық бағыты ҚГБ 2018-2019 жыл

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10 -сыныптарына арналған

«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша

ұзақ мерзімді жоспар

 

10-сынып

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны Оқу мақсаттары
1-тоқсан
7-9-сыныптардағыалгебра курсын қайталау
Функция, оның қасиеттері және графигі Функция және оның берілу тәсілдері 10.3.1.1 — функцияанықтамасын жәнеберілу тәсілдерін білу;
Функциялардың графиктерін түрлендіру 10.3.1.2 — функция графигіне түрлендірулер орындай алу (параллель көшіру, сығу және созу);
Функция қасиеттері 10.1.1.3 — функция қасиеттерін анықтай алу;

10.3.1.4 — функцияның берілген графигі бойынша оның қасиеттерін:

1) функцияның анықталу облысы;

2) функцияныңмәндер жиыны;

3) функцияның нөлдері;

4) функцияның периодтылығы;

5) функцияның бірсарындылық аралықтары;

6) функцияның таңбатұрақтылық аралықтары;

7) функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері;

8) функцияның жұптылығы,тақтылығы;

9) функцияның шектелгендігі;

10) функция үзіліссіздігі;

11) функцияның экстремумдары сипаттай алу;

Кері функция ұғымы 10.3.1.5 — кері функцияның анықтамасын білу және берілген функцияға кері функцияны табу және өзара кері функциялар графиктерінің орналасу қасиетін білу;
Күрделі функция 10.3.1.6- f(g(x)) күрделі функциясын ажырата білу және функциялар композициясын құру;
Тригонометриялық функциялар Тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері 10.1.3.1 — тригонометриялық функциялар анықтамаларын, қасиеттерін білу және олардың графиктерін сала білу;

10.1.3.2 — тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен сала білу;

Арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс 10.1.3.3 — арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс анықтамаларын білу және олардың мәндерін таба білу;

10.1.3.4 — құрамында кері тригонометриялық функциялары бар өрнектердің мәнін табу;

2-тоқсан
Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер Қарапайым тригонометриялық теңдеулер 10.1.3.5 — қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;
Тригонометриялық теңдеулерді шешу әдістері 10.1.3.6 — тригонометриялық теңдеулерді көбейткіштерге жіктеу арқылы шеше алу;

10.1.3.7 — квадрат теңдеуге келтірілетін тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;

10.1.3.8 — біртекті тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;

Қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шешу 10.1.3.9 — қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу
Ықтималдық Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері 10.2.1.1 — кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіру;

10.2.1.2 — ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеу;

Ықтималдықтардықосу және көбейту ережелері 10.2.1.3 — ықтималдықтардықосу және көбейту ережелерін:

* P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B);

* P(A + B) = P(A) + P(B);

3-тоқсан
Туынды

 

Функцияның нүктедегі және шексіздіктегі шегі 10.3.1.7 — функцияның нүктедегіжәне шексіздіктегішегінің анықтамасын білу;
Функцияның нүктедегі және жиындағы үзіліссіздігі 10.3.1.8 — үзіліссіз функцияның анықтамасын білу;
Туындының анықтамасы 10.3.1.9 — функция туындысының анықтамасын білу білу және анықтама бойынша функцияның туындысын табу;
Туындыны табу ережелері 10.3.1.10 — тұрақты функцияның және дәрежелік функцияның туындыларын табу;

10.3.1.11 -дифференциалдаудың ережелерін білу және қолдану;

Туындының физикалық және геометриялық мағынасы 10.3.2.1 — туындының геометриялық мағынасын білу;

10.3.2.2 — туындының физикалық мағынасын білу;

10.3.3.1 — туындының физикалық мағынасына сүйене отырып, қолданбалыесептер шығару;

10.3.3.2 — туындының геометриялық мағынасын қолданып есептер шығару;

Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі 10.3.1.12 — функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін құрастыру;
Күрделі функцияның туындысы 10.3.1.14 — күрделі функцияның анықтамасын білу және оның туындысын табу;
Тригонометриялық функциялардың туындылары 10.3.1.13 — тригонометриялықфункциялардың туындыларын табу;
Туындының қолданылуы Функцияның өсу және кему белгілері 10.3.1.15 — функцияның аралықта өсуінің (кемуінің)қажетті және жеткілікті шартынбілу және қолдану;
Функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелері 10.3.1.16 — функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерінің анықтамаларын және экстремумының бар болу шартын білу;

10.3.1.17 — функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін табу;

Туындының көмегімен функцияны зерттеу және оның графигін салу 10.3.1.18 — туындының көмегімен функция қасиеттерін зерттеу және оның графигін салу;
Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері 10.3.1.19 — функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін табу;

10.3.3.3 — функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланыстықолданбалыесептер шығару;

4-тоқсан
Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары Кездейсоқ шамалар 10.2.1.4 — кездейсоқ шаманың не екенін түсіну және кездейсоқ шамаларға мысалдар келтіру;
Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар 10.2.1.5 — дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалардың анықтамаларын білу және оларды ажырата алу;

10.2.1.6 — кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңы кестесін құру;

Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары 10.2.1.7 — дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімі ұғымын және оның қасиеттерін білу;

10.2.1.8 — дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептеу;

10.2.1.9 — дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясы мен орташа квадраттық (стандартты) ауытқуын есептеу;

10.2.1.10 — дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын қолдану арқылы есептер шығару;

10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *