Жаңа бағдарлама Алгебра және анализ бастамалары 11 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар Қоғамдық-гуманитарлық бағыты ҚГБ 2018-2019 жыл

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11 -сыныптарына арналған

«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша

ұзақ мерзімді жоспар

11-сынып

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны Оқу мақсаттары
1-тоқсан
10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау
Алғашқы функция және интеграл Алғашқы функция және анықталмаған интеграл. Анықталмаған интеграл қасиеттері 11.3.1.1 — алғашқы функция және анықталмаған интеграл анықтамаларын білу;

11.3.1.2 — анықталмаған интеграл қасиеттерін білу және қолдану;

11.3.1.3 — негізгі анықталмаған интегралдарды

1.

2.

3. ;

4. ;

5. білу және оларды есептер шығаруда қолдану;

Қисықсызықты трапеция және оның ауданы. Анықталған интеграл. 11.3.1.4 — қисықсызықты трапецияның анықтамасын білу және оның ауданын табу үшін Ньютон-Лейбниц формуласын қолдану;

11.3.1.5 — анықталған интеграл ұғымын білу және оны есептеу;

Жазық фигуралар аудандары мен айналу денелерінің көлемдерін анықталған интеграл көмегімен есептеу 11.3.1.6 — берілген сызықтармен шектелген жазық фигураның ауданын есептеу;

11.3.1.7 — айналу денесінің көлемін анықталған интеграл көмегімен есептеу формуласын білу және қолдану;

2-тоқсан
Дәреже мен түбір. Дәрежелік функция n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері 11.1.1.1 — n-ші дәрежелі түбір және n-ші дәрежелі арифметикалық түбірдің анықтамасын білу;

11.1.1.2 — n-ші дәрежелі түбір қасиеттерін білу;

Рационал көрсеткішті дәреже 11.1.1.3 — рационал көрсеткішті дәреже анықтамасын және қасиеттерін білу;
Рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру 11.1.1.4 — алгебралық өрнектерді түрлендіру үшін рационал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану;
Иррационал өрнектерді түрлендіру 11.1.1.5 — иррационал өрнектерді түрлендіруде n-ші дәрежелі түбір қасиеттерін қолдану;
Дәрежелік функция, оның қасиеттері мен графигі 11.3.1.8 — дәрежелік функция анықтамасын білу және дәреже көрсеткішіне тәуелді дәрежелік функция графигін салу;
Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы 11.3.1.9 — нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысын табу ережелерін білу және қолдану;

11.3.1.10 — нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның интегралын табу ережелерін білу және қолдану;

Иррационал теңдеулер Иррационал теңдеулер. Иррационал теңдеулерді шешу әдістері 11.1.2.1 — иррационал теңдеудің анықтамасын білу, оның мүмкін болатын мәндер жиынын анықтай алу;

11.1.2.2 — теңдеудің екі жағынn дәрежеге шығару әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу;

11.1.2.3 — айнымалыны алмастыру әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу;

3-тоқсан
Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар Көрсеткіштік функция, оның қасиеттері мен графигі 11.3.1.11 — көрсеткіштік функция анықтамасын білу және оның графигін салу;

11.3.1.12 — көрсеткіштік функцияның негізіне қатысты қасиеттерін білу;

Сан логарифмі және оның қасиеттері 11.3.1. 13 — сан логарифмі, ондық және натурал логарифмдер анықтамаларын білу;

11.3.1.14 — логарифм қасиеттерін білу және оны логарифмдік өрнектерді түрлендіруде қолдану;

Логарифмдік функция, оның қасиеттері мен графигі 11.3.1.15 — логарифмдік функцияның анықтамасын, қасиеттерін білу және оның графигін салу
Көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралы 11.3.1.16 — көрсеткіштік функцияның туындысы мен мен интегралын табу;
Логарифмдік функцияның туындысы 11.3.1.17 — логарифмдікфункцияның туындысын табу;
Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер Көрсеткіштік теңдеулер 11.1.2.4 — көрсеткіштік теңдеулерді шеше алу;
Логарифмдік теңдеулер 11.1.2.5 — логарифмдік теңдеулерді шеше алу;
Көрсеткіштік теңсіздіктер 11.1.2.6 — көрсеткіштік теңсіздіктерді шеше алу;
Логарифмдік теңсіздіктер 11.1.2.7 — логарифмдік теңсіздіктерді шеше алу;
4-тоқсан
Математикалық статистика элементтері Бас жиын және таңдама 11.2.2.1 — математикалық статистиканың негізгі терминдерін білу және түсіну;
Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар 11.2.2.2 — дискретті және аралық вариациялық қатарларды құрастыру үшін таңдаманы өңдеу;
Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын таңдамалар бойынша бағалау 11.2.2.3 — таңдама бойынша кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын бағалау;
10-11 сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *