Жаңа бағдарлама Алгебра және анализ бастамалары 10 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар Жаратылыстану-Математика бағыты ЖМБ 2018-2019 жыл

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағытындағы 10 — сыныптарға арналған

«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша

ұзақ мерзімді жоспар

 

10-сынып

             

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны Оқу мақсаттары
1-тоқсан
7-9-сыныптардағы алгебра курсын қайталау
Функция, оның қасиеттері және графигі Функция және оның берілу тәсілдері. Функциялардың графиктерін түрлендіру 10.4.1.1 — функция анықтамасын және берілу тәсілдерін білу;

10.4.1.2 — функция графигіне түрлендірулер орындай алу (параллель көшіру, сығу және созу);.

Функцияның қасиеттері 10.2.1.3 — функция қасиеттерін анықтай алу;

10.4.1.4 — функцияның берілген графигі бойынша оның қасиеттерін:

1) функцияның анықталу облысы;

2) функцияның мәндер жиыны;

3) функцияның нөлдері;

4) функцияның периодтылығы;

5) функцияның бірсарындылық аралықтары;

6) функцияның таңбатұрақтылық аралықтары;

7) функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері;

8) функцияның жұптылығы,тақтылығы;

9) функцияның шектелгендігі;

10) функция үзіліссіздігі;

11) функцияның экстремумдары сипаттай алу;

Бөлшек-сызықты функция 10.4.1.5 — , бөлшек-сызықты функциясының қасиеттерін анықтау және оның графигін салу;
Күрделі және кері функция ұғымдары 10.4.1.6 — кері функцияның анықтамасын білу және берілген функцияға кері функцияны табу және өзара кері функциялар графиктерінің орналасу қасиетін білу;

10.4.1.7 — f(g(x)) күрделі функциясын ажырата білу және функциялар композициясын құру;

Тригонометриялық функциялар Тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері 10.2.3.1 — тригонометриялық функциялар анықтамаларын, қасиеттерін білу және олардың графиктерін сала білу;
Тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен салу 10.2.3.2 — тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен сала білу;

 

Кері тригонометриялық функциялар Арксинус, арккосинус, арктангенс және арккотангенс 10.2.3.3 — арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс анықтамаларын білу және олардың мәндерін таба білу;
Кері тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері 10.2.3.4 — кері тригонометриялық функциялардың анықтамалары мен қасиеттерін білу;

10.2.3.5 — кері тригонометриялық функциялардың графиктерін салу;

10.2.3.6 — кері тригонометриялық функциялары бар өрнектерді түрлендірулер орындау;

Кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулер 10.2.3.7 — кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулерді шеше алу;
2-тоқсан
Тригонометриялық теңдеулер Қарапайым тригонометриялық теңдеулер 10.2.3.8 — қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;

10.2.3.9 — тригонометриялық теңдеулерді көбейткіштерге жіктеу арқылы шешу;

Тригонометриялық теңдеулер және олардың жүйелерін шешу әдістері 10.2.3.10 — квадрат теңдеуге келтірілетін тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;

10.2.3.11 — тригонометриялық теңдеулерді тригонометриялық өрнектерді түрлендіру формулаларын қолдану арқылы шеше алу;

10.2.3.12 — біртекті тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;

10.2.3.13 — тригонометриялық теңдеулерді тригонометриялық функциялардың дәрежесін төмендету формулалары арқылы шеше алу;

10.2.3.14 — тригонометриялық теңдеулерді қосымша аргумент енгізу әдісі арқылы шеше алу;

10.2.3.15 — тригонометриялық теңдеулерді универсал алмастыру арқылы шеше алу;

10.2.3.16 — тригонометриялық теңдеулер жүйелерін шеше алу;

Тригонометриялық теңсіздіктер Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу 10.2.3.17 — қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу;

10.2.3.18 — тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу;

Ықтималдық Комбинаторика элементтері және оларды оқиғалардың ықтималдықтарын табуда қолданылуы. Жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномы 10.3.1.1 — қайталанбайтын және қайталанбалы «алмастырулар», «орналастырулар», «терулер» ұғымдарын ажырата білу;

10.3.1.2 — қайталанбайтын алмастырулар, орналастырулар және терулерді есептеу үшін формулаларды қолдану;

10.3.1.3 — қайталанбалы алмастырулар, орналастырулар және терулерді есептеу үшін формулаларды қолдану;

10.3.1.4 — комбинаторика формулаларын қолданып, ықтималдықтарды табуға есептер шығару;

10.3.1.5 — жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномын (натурал көрсеткішпен) қолдану;

Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері 10.3.2.1 — кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіру;

10.3.2.2 — ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеу;

Шартты ықтималдық. Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері 10.3.2.3 — ықтималдықтарды қосу ережелерін түсіну және қолдану

* P(A + B) = P(A) + P(B)

* P(A +B) = P(A) + P(B) – P(A ∙ B);

10.3.2.4 — ықтималдықтарды көбейту ережелерін түсіну және қолдану

* P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B)

*P(A ∙ B) = P(A) ∙ PA(B)= P(B)PB(A);

Толық ықтималдық формуласы және Байес формуласы 10.3.2.5 — толық ықтималдық формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;

10.3.2.6 — Байес формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;

Бернулли формуласы және оның салдарлары 10.3.2.7 — Бернулли схемасын қолдану шартын және Бернулли формуласын білу;

10.3.2.8 — Бернулли формуласы мен оның салдарларын есептер шығаруда қолдану;

Нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық моделдері 10.4.2.3 — нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдерін құру;
3-тоқсан
Көпмүшелер Бірнеше айнымалысы бар көпмүшелер және олардың стандарт түрі 10.2.1.1 — бірнеше айнымалысы бар көпмүшенінің анықтамасын білу және оны стандарт түрге келтіру, стандарт түрдегі көпмүшенің дәрежесін анықтау;
Біртекті және симметриялы көпмүшелер 10.2.1.2 — симметриялы және біртекті көпмүшелерді танып білу;
Бір айнымалысы бар көпмүшенің жалпы түрі 10.2.1.3 — бір айнымалысы бар көпмүшелерді ажырата және оны стандарт түрге келтіре алу;

10.2.1.4 — бір айнымалысы бар көпмүшенің бас коэффициентін, дәрежесін және бос мүшесін табу;

Көбейткіштерге жіктеу әдісі арқылы бір айнымалысы бар көпмүше түбірлерін табу 10.2.1.5 — көбейткіштерге жіктеу әдісі арқылы бір айнымалысы бар көпмүшенің түбірлерін табу;

10.2.1.6 — көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу үшін  формулаларын қолдану;

Көпмүшені көпмүшеге  «бұрыштап» бөлу 10.2.1.7 — көпмүшені көпмүшеге «бұрыштап» бөлуді орындау;
Безу теоремасы, Горнер схемасы 10.2.1.8 — Безу теоремасын және оның салдарларын есеп шығаруда қолдану;

10.2.1.9 — симметриялы және біртекті көпмүшелер түбірлерін табудың түрлі тәсілдерін қолдану;

10.2.1.10 — көпмүше түбірлерін табу үшін Горнер схемасын қолдану;

Анықталмаған коэффициенттер әдісі 10.2.1.13 — анықталмаған коэффициенттер әдісін білу және оны көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде қолдану.
Бүтін коэффициетті көпмүшенің рационал түбірлері туралы теорема 10.2.1.11 — бір айнымалысы бар бүтін коэффициетті көпмүшенің рационал түбірі туралы теореманы оның түбірлерін табуда қолдану;
Квадрат теңдеу түріне келтірілетін жоғары дәрежелі теңдеулер 10.2.2.1 — жоғары дәрежелі теңдеулерді шешуде көбейткіштерге жіктеу әдісін қолдану;

10.2.2.2 — жоғары дәрежелі теңдеулерді шешуде жаңа айнымалы енгізу әдісін қолдану;

Үшінші дәрежелі көпмүше үшін жалпыланған Виет теоремасы 10.2.1.12 — жалпыланған Виет теоремасын білу және оны үшінші ретті көпмүшелерге қолдану;

 

Функцияның шегі және үзіліссіздігі Функцияның нүктедегі және шексіздіктегі шегі 10.4.1.8 — функцияның нүктедегі шегінің анықтамасын білу және оны есептеу;

10.4.1.9 — функцияның шексіздіктегі шегінің анықтамасын білу және оны есептеу;

Функция графигінің асимптоталары 10.4.1.10 — функция графигіне жүргізілген асимптотаның анықтамасын білу және асимптоталардың теңдеулерін құра білу;
Сан тізбегінің шегі 10.4.1.11 — функцияның шексіздіктегі шегінің қасиеттерін қолданып сан тізбектерінің шектерін табу;
Функцияның нүктедегі және жиындағы үзіліссіздігі 10.4.1.12 — функцияның нүктедегі үзіліссіздігінің және функцияның жиындағы үзіліссіздігінің анықтамаларын білу;

10.4.1.13 — үзіліссіз функциялардың қасиеттерін білу және оларды функция үзіліссіздігін дәлелдеуде қолдану;

Шектерді табу. Бірінші тамаша шек 10.4.1.14 — шектерді есептеуде  және  түріндегі анықталмағандықтарды ашу әдістерін қолдану;

10.4.1.15 — бірінші тамаша шекті қолданып шектерді есептеу;

 Туынды Туындының анықтамасы 10.4.1.16 — аргумент өсімшесі мен функция өсімшесінің анықтамаларын білу;

10.4.1.17 — функция туындысының анықтамасын білу және анықтама бойынша функцияның туындысын табу;

10.4.1.18 — тұрақты функцияның және дәрежелік функцияның туындыларын табу;

Функция дифференциалы ұғымы 10.4.1.19 — функция дифференциалы анықтамасын және дифференциалдың геометриялық мағынасын білу;

10.4.1.20 — функция дифференциалын табу;

Туынды табу ережелері 10.4.1.21 — дифференциалдаудың ережелерін білу және қолдану;
Күрделі функция туындысы 10.4.1.22 — күрделі функцияның туындысын табу;
Тригонометриялық функциялардың туындылары 10.4.1.23 — тригонометриялық функциялардың туындыларын табу;
Кері тригонометриялық функциялардың туындылары 10.4.1.24 — кері тригонометриялық функциялардың туындыларын табу
Туындының физикалық және геометриялық мағынасы 10.4.2.1 — туындының геометриялық мағынасын білу;

10.4.2.2 — туындының физикалық мағынасын білу;

10.4.3.1 — туындының физикалық мағынасына сүйене отырып, қолданбалы есептер шығару;

10.4.3.2 — туындының геометриялық мағынасын қолданып есептер шығару;

 

Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі 10.4.1.25 — берілген нүктеде функция графигіне жүргізілген жанама теңдеуін құру;
4-тоқсан
Туындының қолданылуы Функцияның өсу және кему белгілері 10.4.1.26 — функцияның аралықта өсуінің (кемуінің) қажетті және жеткілікті шартын білу;

10.4.1.27 — функцияның өсу (кему) аралықтарын табу;

Функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелері 10.4.1.28 — функцияның кризистік нүктелерінің және экстремум нүктелерінің анықтамаларын, функция экстремумының бар болу шартын білу;

10.4.1.29 — функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін табу;

Функция графигінің иілу нүктелері, функция графигінің дөңестігі. Функцияны дөңестікке зерттеу 10.4.1.30 — функцияның екінші ретті туындысын табу;

10.4.1.31 — функция графигінің иілу нүктесінің анықтамасын және функция графигінің аралықтағы дөңестігінің (ойыстығының) қажетті және жеткілікті шартын білу,

10.4.1.32 — функция графигінің дөңес (ойыс) аралықтарын таба білу;

Туындының көмегімен функцияны зерттеу және графигін салу. 10.4.1.33 — туындының көмегімен функцияның қасиеттерін зерттеу және оның графигін салу;
Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері 10.4.1.34 — функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін табу; 10.4.3.3 — функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару;
Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары Кездейсоқ шамалар 10.3.2.9 — кездейсоқ шаманың не екенін түсіну және кездейсоқ шамаларға мысалдар келтіру;
Дискретті кездейсоқ шамалар 10.3.2.10 — дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалардың анықтамаларын білу және оларды ажырата алу;

10.3.2.11 — кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңы кестесін құру;

Үзіліссіз кездейсоқ шама ұғымы 10.3.2.12 — дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімі ұғымын және оның қасиеттерін білу;
Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары 10.3.2.13 — дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептеу;

10.3.2.14 — дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясы мен орташа квадраттық (стандартты) ауытқуын есептеу;

10.3.2.15 — дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын

Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім түрлері. Үлкен сандар заңы 10.3.2.16 — дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім түрлерін ажырата білу: биномдық үлестірім, геометриялық үлестірім, гипергеометриялық үлестірім;

10.3.2.17 — үлкен сандар заңының тұжырымдамасын білу;

10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *