Жаңа бағдарлама Биология 11 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар Жаратылыстану-Математика бағыты ЖМБ 2018-2019 жыл

Жалпы орта білім беру деңгейінің

жаратылыстану-математикалық бағыттағы

11 — сыныптарына арналған «Биология» пәнінен

жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар

11- сынып

Ұзақ мерзімді жоспар-дың тарауы Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны Оқу мақсаттары
1-тоқсан
11.1 Молеку-лярлық биология және биохимия Антиденелердің құрылысы мен құры-лымы. Антиденелердің арнайылығы (белсенді орталығының). Антиген мен антидененің әрекеттесуі 11.4.1.1 — антиген мен антидененің әрекеттесуін  түсіндіру
Фермент пен субстраттың өзара әрекет-тесуі. Ферментативті катализде белсен-ді орталықтың ролі. Фишердің теория-сы. Ферменттердің иммобилизациясы. Зертханалық жұмыс «Иммобилизация-лаудың ферменттердің белсенділігіне әсерін зерттеу» 11.4.1.2 — фермент-субстрат комплексінің түзілу механизмін түсіндіру
Ферменттердің бәсекелес және бәсеке-лес емес ингибирленуі. Ферменттердің белсенділігін реттеу. Дәрілік препарат-тар мен ауыр металдар иондарының ферменттердің белсенділігіне әсері. Зертханалық жұмыс «Активаторлар мен ингибиторлардың ферменттік реакцияның жылдамдығына әсерін зерттеу» 11.4.1.3 — ферменттердің бәсекелес және бәсекелес емес ингибирленуін салыстыру
Транскрипция. Пре-м рибонуклеин қышқылы посттранскрипциялық модификациясы. Трансляцияның кезеңдері 11.4.1.4 — нәруыз биосинтезі үдерісіндегі транскрипция мен трансляцияны сипаттау
Генетикалық кодтың қасиеттері: үшөрімділігі, көптігі, әмбебаптығы, бірін-бірі жаппайтындығы 11.4.1.5 — генетикалық кодтың қасиеттерін түсіндіру
11.1 Қоректену Хлоропластың құрылымдық компо-ненттері және олардың қызметтері. Фотосинтездің пигменттері. Rмәні. Зертханалық жұмыс «Әртүрлі өсімдік жасушаларында фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу» 11.1.2.1 — хлоропласттың құрылымы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату
Фотосинтездің жарық кезеңі. Фотофосфорлану 11.1.2.2 — фотосинтездің жарық кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру
Фотосинтездің қараңғы кезеңі. Кальвин циклі 11.1.2.3 — фотосинтездің қараңғы кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру
 С3 және С4 өсімдіктер жапырақтары-ның анатомиясы. Мезофилл жасушала-рында көмірқышқыл газын фиксация-лаудың ерекшеліктері. Көмірқышқыл газының акцепторлары. Зертханалық жұмыс «С3 және С4 өсімдіктер жапырақтарының мезофилін микропрепараттар арқылы зерттеу» 11.1.2.4 — С3 және С4 өсімдіктердегі көміртекті тұту (фиксация) жолдарын оқып білу
Фотосинтездің жылдамдығына әсер ететін факторлар. Фотосинтездің шектеуші факторлары: жарық толқыны-ның ұзындығы мен жарық интенсивті-лігі, көмірқышқыл газының концентра-циясы, температура. Зертханалық жұмыс «Шектеуші факторлардың фотосинтездің интенсивтілігіне әсерін зерттеу» 11.1.2.5 — фотосинтездің шектеуші факторларын зерттеу және түсіндіру
Хемосинтез. Фотосинтез бен хемосинтез үдерістерін салыстыру 11.1.2.6 — фотосинтез және хемосинтез үдерістерінің ерекшеліктерін салыстыру
11.1 Заттардың тасымал-дануы Өсімдіктердегі заттар транслокациясының механизмі 11.1.3.1 — өсімдіктердегі заттар транслокациясы механизмін түсіндіру
Заттар тасымалдануының симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдары және олардың маңызы 11.1.3.2 — заттар тасымалданудың  симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдарының мәнін түсіндіру
Жасуша мембранасы арқылы заттар тасымалдануының типтері 11.1.3.3 — жасуша мембранасы арқылы заттар тасымалының әр түрлі типтерінің механизмдерін түсіндіру
Натрий-калий сорғысы белсенді тасымал механизмінің мысалы ретінде 11.1.3.4 — натрий-калий сорғысы мысалында белсенді тасымалды түсіндіру
Мембраналық потенциалды сақтаудағы белсенді тасымалдың ролі 11.1.3.5 — мембраналық потенциалды сақтаудағы активті  тасымалдың маңызын  анықтау
Су потенциалы. Зертханалық жұмыс «Түрлі концентрациялы тұз ерітінділеріндегі жасушалардың су потенциалын анықтау» 11.1.3.6 — түрлі концентрациялы тұз ерітінділеріндегі жасушалардың су  потенциалын зерттеу
2-тоқсан
11.2 Координация және реттелу Биологиядағы басқару жүйесі. «Басқару жүйесі» ұғымы. Басқару жүйесінің негізгі компоненттері. Температураның/көмірқышқыл газының/оттегі газының деңгейлерінің реттелуі мысалында кері байланыс принципі 11.1.7.1 — биологиядағы басқару жүйесін сипаттау
Мембраналық рецепторлар арқылы гормондық сигналдардың берілуі. Инсулин мен эстроген мысалдарында гормондардың нысана-жасушаларға әсер ету механизмі 11.1.7.2 — гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру
Өсіргіш заттар. Өсіргіш заттардың өсімдіктерге әсер ету механизмі. Ауксин мен гибериллиннің әсері. Зертханалық жұмыс «Ауксиннің тамырдың өсуіне ықпал етуі» 11.1.7.3 — өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін зерттеу
11.2 Көбею Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары 11.2.1.1 — адам гаметогенезінің сызбасын талдау
Сперматогенез бен оогенездің айырмашылықтары. Сперматогенез бен оогенезді салыстыру 11.2.1.2 — сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын түсіндіру
11.2 Өсу және даму Бағаналы жасушалар ұғымы және олардың қасиеттері (қайта жаңаруы, жіктелуі). Бағаналы жасушалардың түрлері: эмбрионалды және соматикалық. Практикада қолданылуы. Этикалық аспектісі 11.2.3.1 — бағаналы жасушалардың мамандану үдерісін және олардың практикалық қолданылуын түсіндіру
11.2 Тұқым-қуалаушылық пен өзгергіш-тік заңдылықтары Дезоксирибонуклеин қышқылының

кездейсоқ мутациясы. Репликацияның, репарацияның, рекомбинацияның генетикалық үдерістердің қателері

11.2.4.1 — мутациялардың дезоксирибонуклеин қышқылы

репарациясы, дезоксирибонуклеин қышқылы  рекомбинациясы, дезоксирибонуклеин қышқылы

репликациясы арасындағы байланысын табу

Белгілердің тұқым қуалауының нақтылығын талдаудың статистикалық әдістері (χ² критерий, t-критерий). Зертханалық жұмыс «Белгілердің тұқым қуалауының нақтылығын талдау» 11.2.4.2 — белгілердің тұқымқуалауының нақтылығын талдауда  статистикалық әдістерді қолдану (t-критерий, χ² критерий)
 «Адам геномы» жобасы. Адамның геномдық ДНҚ-ін секвенирлеу. Жоба аясында жүргізілген зерттеулердің маңызы 11.2.4.3 — «Адам геномы» жобасының маңызын талқылау
3-тоқсан
11.3 Жасуша-лық биология Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау. Зертханалық жұмыс «Жасушалардың негізгі компоненттерін микрофотографиялар қолданып сипаттау» 11.4.2.1 — микрофотография қолданып жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау және сипаттау
Органелдердің сызықтық ұлғаюын есептеу. Оптикалық және электронды микроскоптардың үлкейту және айқындау мүмкіндіктері арасындағы айырмашылықтар. Окулярмикрометр мен объективмикрометрді жасушалардың мөлшерін есептеуде қолдану. Зертханалық жұмыс «Микрометр мен объективмикрометрді жасушалардың нақты мөлшерін анықтауға қолдану» 11.4.2.2 — жасушалардың нақты мөлшерін анықтау
11.3 Биотехнология Микробиологиялық зерттеулердің кезеңдері. Микроағзалармен жұмыс жасағандағы дезинфекциялау және стерильдеу әдістері. Қоректік орталардың түрлері және оларды әзірлеу. Қоректік орталарға себу тәсілдері мен техникасы. Инкубация. Зертханалық жұмыс «Сүтқышқылды өнімдердің түрлі қоректік ортадағы микрофлорасын зерттеу» 11.4.3.1 — микробиологиялық зерттеу кезеңдерін сипаттау және түсіндіру
Грамм оң және грамм теріс бактериялар және олардың құрылыс ерекшеліктері. Өкілдері. Зертханалық жұмыс «Бактерияларды Грамм әдісі бойынша бояу» 11.4.3.2 -грамм оң және грамм теріс бактерияларды зерттеу
«Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылы» ұғымы. Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылы

алу тәсілдері. Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылының

қолданылуы. Плазмиданың қасиеттері және олардың генетикалық клондауда қолданылуы. «Клондау» ұғымы

11.4.3.3 — рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылы

алу тәсілдерін түсіндіру

Ағзаларды клондау тәсілдері 11.4.3.4 — ағзаларды клондау тәсілдерін түсіндіру
«Микроклоналды көбею» ұғымы. Өсімдіктерді микроклоналды көбейтудің кезеңдері мен әдістері. Маңызы 11.4.3.5 — өсімдіктерді микроклоналды көбейту тәсілін сипаттау
Ферменттердің медицинада, химияда және өнеркәсіпте қолданылуы 11.4.3.6 — ферменттерді медицинада, өнеркәсіпте қолдану мүмкіндігін талқылау
11.3 Биомеди-цина және биоинформатика Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсер ету ерекшеліктері 11.4.4.1 — электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсерін түсіндіру
«Эпигенетика» ұғымы. Эпигенетика туралы жалпы түсініктер. Эпигенетиканың молекулярлық негіздері. Адамдағы эпигенетикалық салдарлар. Эпигенетика және эпигеномика. дезоксирибонуклеин қышқылың метилденуі. 11.4.4.2 — гендердің реттілігін бұзбайтын, гендерді реттеудің механизмін зерттеудегі эпигенетиканың маңызын түсіндіру
«Биоинформатика» ұғымы. Биоинформатиканың құралдарын зерттеулерге қолдану. 11.4.4.3 — биоинформатиканың ролін сипаттау
Экстракорпоральды ұрықтандыру

әдісі және оның маңызы. Экстракорпоральды ұрықтандырудың

этикалық аспектілері

11.4.4.4 — экстракорпоральды ұрықтандыру әдісінің маңызын түсіндіру
Моноклоналды антиденелердің маңызы. Моноклоналды антиденелердің өндірісі. Моноклоналды антиденелер көмегімен ауруларды диагностикалау және емдеу 11.4.4.5 — ауруларды диагностикалау және емдеуде моноклоналды антиденелерді қолдануды түсіндіру
4-тоқсан
11.4 Биосфера, экожүйе,

популяция

Экологиялық пирамидалар. Трофикалық деңгейлер. Қарым-қатынас түрлері. Модельдеу «Қоректік тізбектерде энергияның тасымалдануының сызбасын құрастыру». Экологиялық жағдайлар мен экологиялық есептер шешу 11.3.1.1 — экологиялық пирамида ережесін түсіндіру;

11.3.1.2 — экожүйелердегі трофикалық деңгейлердің сызбасын құрастыру

Түрлердің алуантүрлілігі. Харди — Вайнбергтің генетикалық тепе-теңдік заңы. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін қорғау. 11.3.1.3 — экожүйенің алуан түрлілігі мен тұрақтылығы арасындағы өзара байланысты орнату
Жергілікті экожүйедегі ағзалардың саны мен таралуын анықтауда түрлі статистикалық әдістерді қолдану. Жергілікті экожүйенің биоалуантүрлі-лігін анықтауда кездейсоқ іріктеу әдісінің маңызы. Зертханалық жұмыс «Талдаудың статистикалық әдістерін қолдану арқылы өз регионы экожүйесінің жағдайын анықтау» 11.3.1.4 — өз аймақтың экожүйесін статистикалық талдау әдістерін (Стьюденттің t-критерийі, χ2-критерий) қолданып  зерттеу
10.4 Экология және адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері Ғаламдық жылыну: себептері, салдарлары және шешу жолдары. Модельдеу «Климаттың ғаламдық жылынуын компьютерлік модельдеу» 11.3.2.1 — мүмкін болатын климаттың жаһандық жылыну салдарын болжау
Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары 11.3.2.2 — Қазақстанның экологиялық проблемаларын оқып білу және шешу жолдарын ұсыну

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *