Жаңа бағдарлама Биология 11 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар Қоғамдық-гуманитарлық бағыты ҚГБ 2018-2019 жыл

11- сыныптың ұзақ мерзімді жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны Оқу мақсаттары
1 тоқсан
11.1А  Молекулярлық биология және биохимия

(8 сағат)

Антиген мен антидененің әрекеттесу механизмі 11.4.1.1 антиген мен антидененің әрекеттесуін  түсіндіру
Фермент пен субстраттың өзара әрекеттесуі. Ферментативті катализде белсенді орталықтың рөлі. Зертханалық жұмыс «Иммобилизациялаудың ферменттердің белсенділігіне әсерін зерттеу». 11.4.1.2 фермент-субстрат комплексінің түзілу механизмін түсіндіру
Транскрипция. Трансляцияның кезеңдері. 11.4.1.3 нәруыз биосинтезі үдерісі кезеңдерін сипаттау
Генетикалық кодтың қасиеттері: үшөрімділігі, көптігі, әмбебаптығы, бірін-бірі жаппайтындығы. 11.4.1.4 генетикалық кодтың қасиеттерін түсіндіру
11.1В Қоректену

(10 сағат)

Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері. Фотосинтездің пигменттері. Зертханалық жұмыс «Әртүрлі өсімдік жасушаларында фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу». 11.1.2.1. хлоропласттың құрылымы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату

 

Фотосинтездің жарық кезеңі. Фотофосфорлану. 11.1.2.2 фотосинтездің жарық кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру
Фотосинтездің қараңғы кезеңі. Кальвин циклі. 11.1.2.3 фотосинтездің қараңғы кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру
Фотосинтездің жылдамдығына әсер ететін факторлар. Фотосинтездің шектеуші факторлары: жарық толқынының ұзындығы немесе жарық интенсивтілігі, көмірқышқыл газының концентрациясы, температура.

Зертханалық жұмыс «Шектеуші факторлардың фотосинтездің интенсивтілігіне әсерін зерттеу».

11.1.2.4 фотосинтездің шектеуші факторларын зерттеу және түсіндіру
Хемосинтез. Фотосинтез бен хемосинтез үдерістерін салыстыру. 11.1.2.5 фотосинтез және хемосинтез үдерістерінің ерекшеліктерін салыстыру
2 тоқсан
11.1А

Заттар тасымалы

(4 сағат)

натрий-калий сорғысы мысалында белсенді тасымалдың механизмі 11.1.3.1 натрий-калий сорғысы мысалында белсенді тасымалды түсіндіру
Заттар тасымалдануының симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдары және олардың маңызы. 11.1.3.2 заттар тасымалданудың  симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдарының мәнін түсіндіру
Су потенциалы. Зертханалық жұмыс «Түрлі концентрациялы тұз ерітінділеріндегі жасушалардың су потенциалын анықтау» 11.1.3.3 түрлі концентрациялы тұз ерітінділеріндегі жасушалардың су  потенциалын зерттеу
11.2 В Координация және реттелу

(6 сағат)

Биологиядағы басқару жүйесі. «Басқару жүйесі» ұғымы. Температураның/көмірқышқыл газының/оттегі газының деңгейлерінің реттелуі мысалында кері байланыс принципі. 11.1.7.1 биологиядағы басқару жүйесін сипаттау
  Гормондардың әсер ету механизмі.

Инсулин мен эстроген мысалдарында гормондардың нысана-жасушаларға әсер ету механизмі.

11.1.7.2 гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру
Өсіргіш заттар. Өсіргіш заттардың өсімдіктерге әсер ету механизмі. Ауксин әсері. Зертханалық жұмыс «Ауксиннің тамырдың өсуіне ықпал етуі». 11.1.7.3 өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер етуін зерттеу
11.2 С Көбею

(4 сағат)

Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. 11.2.1.1. адам гаметогенезін түсіндіру
Сперматогенез бен оогенезді салыстыру. 11.2.1.2 сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын түсіндіру
3 тоқсан
11.2 А Өсу және даму (2 сағат) Бағаналы жасушалар ұғымы және олардың қасиеттері (қайта жаңаруы, жіктелуі).  Бағаналы жасушалардың түрлері: эмбрионалды және соматикалық. Практикада қолданылуы. Этикалық аспектісі. 11.2.3.1 бағаналы жасушалардың мамандану үдерісін  және олардың практикалық қолданылуын түсіндіру
11.2 В Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары  (4 сағат) ДНҚ-ң кездейсоқ мутациясы. генетикалық үдеріс қателері:  репликация. 11.2.4.1 мутациялардың  ДНҚ рекомбинациясы арасындағы байланысын табу
Халықаралық «Адам геномы» жобасы. Адамның геномдық ДНҚ-ін секвенирлеу. Жоба аясында жүргізілген зерттеулердің маңызы. 11.2.4.2 Халықаралық «Адам геномы» жобасының маңызын талқылау
11.3 С

Жасушалық биология

(5 сағат)

Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау. Зертханалық жұмыс «Жасушалардың негізгі компоненттерін микрофотографиялар қолданып сипаттау». 11.4.2.1 микрофотография  қолданып жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау және сипаттау
Органелдердің сызықтық ұлғаюын есептеу. Оптикалық және электронды микроскоптардың үлкейту және айқындау мүмкіндіктері арасындағы айырмашылықтар.

 

11.4.2.2 жасушалардың компоненттерінің нақты мөлшерін анықтау
11.3 D Биотехнология

(9 сағат)

Грамм оң және грамм теріс бактериялар және олардың құрылыс ерекшеліктері.  

11.4.3.1 грамм оң және грамм теріс бактерияларды салыстыру

 

«Рекомбинантты ДНҚ» ұғымы. Рекомбинантты ДНҚ алу тәсілдері. Рекомбинантты ДНҚ-ң қолданылуы. «Клондау» ұғымы. 11.4.3.2 рекомбинантты ДНҚ –ны алу тәсілдерін түсіндіру

 

Ағзаларды клондау тәсілдері. 11.4.3. ағзаларды клондау тәсілдерін түсіндіру
Ферменттердің медицинада, химияда және өнеркәсіпте қолданылуы. 11.4.3.4 ферменттерді медицинада, өнеркәсіпте қолдану мүмкіндігін талқылау
4 тоқсан
11.3 A Биомедицина және биоинформатика (6 сағат) Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсер ету ерекшеліктері. 11.4.4.1 электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсерін түсіндіру
«Биоинформатика» ұғымы. Биоинформатиканың құралдарын зерттеулерге қолдану. 11.4.4.2 биоинформатиканың рөлін сипаттау
ЭКҰ (ЭКО) әдісі және оның маңызы. ЭКҰ-ң этикалық аспектілері. 11.4.4.3 ЭКҰ (ЭКО) әдісінің маңызын түсіндіру
Моноклоналды антиденелердің маңызы. Моноклоналды антиденелердің өндірісі. Моноклоналды антиденелер көмегімен ауруларды диагностикалау және емдеу. 11.4.4.4 ауруларды диагностикалау және емдеуде моноклоналды антиденелерді қолдануды түсіндіру
11.4 B Биосфера, экожүйе,

популяция

(6 сағат)

Түрлердің биоалуантүрлілігі. Харди — Вайнбергтің генетикалық тепе-теңдік заңы. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін қорғау. 11.3.1.1 экожүйенің  биоалуан түрлілігі  мен тұрақтылығы арасындағы өзара байланысты орнату
Жергілікті экожүйедегі ағзалардың саны мен таралуын анықтауда түрлі статистикалық әдістерді қолдану. Жергілікті экожүйенің биоалуантүрлілігін анықтауда кездейсоқ іріктеу әдісінің маңызы.  Зертханалық жұмыс «Талдаудың статистикалық әдістерін қолдану арқылы өз аймағының экожүйесінің жағдайын анықтау». 11.3.1.2 өз аймағының экожүйесін статистикалық талдау әдістерін пайдаланып зерттеу
11.4C Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері  (4 сағат) Ғаламдық жылыну: себептері, салдарлары және шешу жолдары. Модельдеу «климаттың ғаламдық жылынуының компьютерлік моделі» 11.3.2.1 мүмкін болатын климаттың жаһандық жылыну салдарын болжау
Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары. 11.3.2.2 Қазақстанның экологиялық проблемаларының шешу жолдарын ұсыну

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *