Жаңа бағдарлама Геометрия 10 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар Жаратылыстану-Математика бағыты ЖМБ 2018-2019 жыл

Жалпы орта білім беру деңгейінің деңгейінің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныптарына арналған

«Геометрия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша

ұзақ мерзімді жоспар

 

1) 10-сынып

             

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны Оқу мақсаттары
1-тоқсан
7-9-сыныптардағы геометриякурсын қайталау
Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі параллельдік Стереометрия аксиомалары және олардың салдарлары 10.2.1 — стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын білу; олардыкескіндеу және математикалық символдар арқылы жазып көрсету;
Кеңістіктегі түзулердің өзара орналасуы 10.2.2 — кеңістіктегі параллель және айқас түзулер анықтамаларын білу, оларды анықтау және кескіндеу;

10.2.3 — кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану;

Тетраэдр, параллелепипед 10.1.1 — тетраэдр және параллелепипедтің анықтамаларын білу, тетраэдр, параллелепипедті және олардың элементтерін жазықтықта кескіндей алу;
Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы. Жазықтықтардың параллельдігі 10.2.4 — түзу мен жазықтықтың параллельдік белгісін және қасиеттерін білу,оларды есептер шығаруда қолдану;

10.1.2.5 — жазықтықтардың параллельдік белгісін және қасиеттерін білу, оларды есептер шығаруда қолдану;

2-тоқсан
Кеңістіктегі перпендикулярлық Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы. Үш перпендикуляр туралы теорема 10.2.6 — перпендикуляр түзулердіңанықтамасы мен қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану;

10.2.7 — түзу мен жазықтықтың перпендикулярлық анықтамасын, белгісін және қасиеттерін білу, оларды есептер шығаруда қолдану;

10.2.8 — кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын білу;

Кеңістіктегі арақашықтықтар 10.3.1 — үш перпендикуляр туралы теореманы білу және оны есептер шығаруда қолдану;

10.3.5 — нүктеден жазықтыққа дейінгі және айқас түзулер арасындағы арақашықтықтарды таба білу;

Кеңістіктегі бұрыштар 10.2.9 — кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыш анықтамасын білу;

10.2.10 — айқас түзулер арасындағы бұрыш пен олардың ортақ перпендикулярын сызбада кескіндей алу;

10.3.2 -түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу;

10.3.3 — жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу;

Жазықтықтардың перпендикулярлығы 10.3.4 — жазықтықтардың перпендикулярлық белгісі мен қасиетін білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
3-тоқсан
Кеңістіктегі перпендикулярлық Тікбұрышты параллелепипед 10.1.2 — тікбұрышты параллелепипед анықтамасын және қасиеттерін білу;

10.3.7 — тікбұрышты параллелепипедтің қасиеттерін қорытып шығару және есептер шығаруда қолдану;

Жазық фигураның жазықтыққа ортогональ проекциясы және оның ауданы 10.2.11 — жазық фигураның ортогональ проекциясын жазықтықта салу;

10.3.6 — жазық фигураның жазықтыққа ортогональ проекциясы ауданының формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;

Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар Кеңістіктегі векторлар және оларға амалдар қолдану. Коллинеар және компланар векторлар 10.4.1 -кеңістіктегі вектор, вектордың ұзындығы, тең векторлар анықтамаларын білу,

10.4.2 — векторларды қосу және векторды санға көбейтуді орындау;

10.4.3 — кеңістіктегі коллинеар және компланар векторлардың анықтамаларын білу;

Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі 10.4.5 — кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі анықтамасын білу және оны кескіндей алу;

10.4.6 — кеңістіктегі нүктені оның координаталары бойынша тікбұрышты координаталар жүйесінде кескіндеу;

Кеңістіктегівектордың координаталары 10.4.11 — вектордың координаталары ұғымын білу, вектор координаталарын бірлік векторлар бойынша жіктеп таба білу;
Координатасымен берілген векторларды қосу және азайту, координатасымен берілген вектордысанға көбейту 10.4.13 — координаталарымен берілген векторларды қосуды және векторды санға көбейтуді орындау;
Векторды үш компланар емес вектор бойынша жіктеу 10.4.14 -векторлардың коллинеарлық және компланарлық шартын білу және оны есептер шығаруда қолдану;

10.4.15 — векторды үш компланар емес векторлар бойынша жіктеу;

Екі нүктенің арақашықтығы 10.4.7 — кеңістіктегі екі нүкте арасындағы арақашықтықты таба білу;

10.4.12 — кеңістіктегі вектордың координаталарын және ұзындығын таба білу;

Кесіндіні берілген қатынаста бөлу 10.4.8 — кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүкте координаталарының формулаларын қорытып шығару және олардыесептер шығаруда қолдану;
Кесінді ортасының координаталары 10.4.9 — кесінді ортасының координаталары формулаларын білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
4-тоқсан
Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар Векторлардың скаляр көбейтіндісі 10.4.4 — кеңістіктегі векторлардың скаляр көбейтіндісінің анықтамасы мен қасиеттерін білу;

10.4.16 — координаталық түрдегі векторлардың скаляр көбейтіндісі формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;

10.4.17 — кеңістіктегі екі вектордың арасындағы бұрышты есептеу;

10.4.18 — кеңістіктегі векторлардың перпендикулярлық шартын білу және қолдану;

Сфера теңдеуі 10.4.10 — сфера теңдеуін білу және оны есептер шығаруда қолдану;
Жазықтық теңдеуі 10.4.19 — жазықтықтың жалпы теңдеуін (ax+by+cz+d=0) нормаль вектор  және осы жазықтықтағы нүкте бойынша қорытып шығару;
Кеңістіктегі түзудің теңдеуі 10.4.20 — түзудің канондық теңдеуін құрастыру;

10.4.21 — түзу теңдеуінің канондық түрінен параметрлік түріне көше алу;

10.4.22 — берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін құру;

10-сыныптағы геометрия курсын қайталау

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *