Жаңа бағдарлама Геометрия 10 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар Қоғамдық-гуманитарлық бағыты ҚГБ 2018-2019 жыл

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныптарына арналған

«Геометрия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша

ұзақ мерзімді жоспар

1) 10-сынып

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны Оқу мақсаттары
1-тоқсан
7-9-сыныптардағы геометрия курсын қайталау
Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтар өзара орналасуы Стереометрия аксиомалары және олардың салдарлары 10.2.1 — стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын білу және оларды математикалық символдар арқылы жазып көрсету;
Кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы 10.2.2 — кеңістіктегі параллель және айқас түзулердің анықтамаларын білу және олардыанықтау және кескіндеу;

10.2.3 — кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану;

Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы 10.2.4 — түзу мен жазықтықтың параллельдік және перпендикулярлық белгілерін, қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
Екі жазықтықтың өзара орналасуы 10.2.5 — жазықтықтардың параллельдігі мен перпендикулярлығының белгілерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
2-тоқсан
Кеңістіктегі бұрыш.Кеңістіктегі арақашықтық Кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрыш 10.2.6 — кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыш анықтамасын білу;
Перпендикуляр және көлбеу 10.3.5 – кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын білу;
Үш перпендикуляр туралы теорема 10.3.1 -үш перпендикуляр туралы теореманы білу және оны есептер шығаруда қолдану;
3-тоқсан
Кеңістіктегі бұрыш.Кеңістіктегі арақашықтық Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш 10.3.2 — түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу;
Екі жазықтық арасындағы бұрыш. Екіжақты бұрыш 10.3.3 — жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) анықтамасын білу,кескіндей алу және оның шамасын табу;
Кеңістіктегі арақашықтық. 10.3.4 — нүктеден жазықтыққа дейінгіжәне айқас түзулер арасындағы арақашықтықтарды таба білу;
Кеңістіктегі тікбұрышты координаталаржүйесі және векторлар Кеңістіктегі тікбұрышты координаталаржүйесі 10.4.1 — кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесін жазықтықта кескіндей алу және оны сипаттау;
Екі нүктенің арақашықтығы 10.4.2 — кеңістіктегі екі нүкте арасындағы арақашықтықты таба білу;
Кесінді ортасының координаталары 10.4.3 — кеңістіктегі кесінді ортасының координаталарын таба білу;
Сфера теңдеуі 10.4.4 — сфера теңдеуін білу және оныесептер шығаруда қолдану;
4-тоқсан
Кеңістіктегі тікбұрышты координаталаржүйесі және векторлар Кеңістіктегі вектордың координаталары 10.4.5 — кеңістіктегі вектордың координаталарын және ұзындығын таба білу;
Векторлардың коллинеарлығы және компланарлығы 10.4.6 — кеңістіктегі коллинеар және компланарвекторлардың анықтамаларын, векторлардың коллинеарлық шартын білу;
Векторларды қосу,векторды санға көбейту 10.4.7 — векторларды қосу және азайтуды, векторды санға көбейтуді орындау;
Векторлардың скаляр көбейтіндісі 10.4.8 — координаталық түрдегі векторлардың скаляр көбейтіндісі формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;
10-сыныптағы геометриякурсын қайталау

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *