Жаңа бағдарлама Дүниежүзі тарихы 10 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар Қоғамдық-гуманитарлық бағыты ҚГБ 2018-2019 жыл

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы

10-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша

ұзақ мерзімді жоспар

 

10-сынып:

Бөлім Бөлімше Тақырып Оқыту мақсаттары.

Білім алушылар тиісті:

1-тоқсан
Өркениет: даму ерекшелік

тері

 

Өркениет: зерттеудің теориялары мен әдістері

 

«Өркениет» түсінігі 10.1.1.1 — тарихи оқиғаларды, процес тер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «өркениет», «өркениет типі» терминдерін қолдану;

10.1.1.2 — «Өркениет» түсінігін зерттеудің негізгі әдістерін түсіндіру

Өркениеттердің жіктелуі

 

Өркениеттің дәстүрлі (аграрлық)түрі: көшпелі және отырықшы-егіншілік 10.1.2.1 — өркениеттің дәстүрлі түрінің ерекшеліктерін түсіндіру;

10.1.2.2 — шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау

Өркениеттің индустриалдық даму кезеңі 10.1.2.2 — шаруашылық  қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау;

10.1.2.3 — өркениеттің индустриалды түрінің ерекшеліктерін түсіндіру

Өркениеттің постиндустриалды даму кезеңі 10.1.2.4 — өркениеттің постиндус триалды дамуының ерекшеліктерін түсіндіру;

10.1.2.5 — ақпараттық техноло гиялардың қазіргі өркениеттің дамуына әсерін анықтау

Әлем өркениеттерінің тарихы Ежелгі әлем өркениеті 10.1.2.2 — шаруашылық  қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау;

10.1.3.1 — ежелгі өркениеттердің ерекшеліктерін оларға тән белгілерін салыстырмалы талдау негізінде анықтау;

10.1.3.2 — ежелгі өркениеттердің дамуына діни сенімдердің әсерін анықтау;

10.1.3.3 — мемлекет пен қоғамның дамуы туралы ежелгі философиялық ілімдерді зерттеу

Африка, Америка, Австралия және Океанияның дәстүрлі өркениеттері 10.1.2.2 — шаруашылық  қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау;

10.1.3.2 — ежелгі өркениеттердің дамуына діни наным-сенімдердің әсерін анықтау;

10.1.3.4 — локальді өркениеттердің ерекшеліктерін, оларға тән белгілерін салыстырмалы талдау негізінде анықтау;

10.1.3.5 — аймақтардың өркениеттік ерекшеліктер трансформациясының себептерін анықтау

Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы 10.1.3.6 — әлемдік діндердің даму кезеңдері мен ерекшеліктерін сипаттау;

10.1.3.7 — әлемдік діндердің философиялық негіздерін түсіндіру;

10.1.3.8 — әлемдік діндер ілімдеріндегі жалпы адамгершілік құндылықтарды анықтау;

10.1.3.9 — қазіргі кездегі өркениет жағдайында әлемдік діндердің даму тенденцияларын анықтау;

10.1.3.10 — қазіргі кездегі деструк тивті діни ұйымдар мен ағымдардың қоғамға әсерін бағалау

Өркениеттердің өзара әрекеттесуі

 

Өркениеттер әрекеттестігінің сауда- экономикалық аясы 10.1.4.1 — себеп-салдарлық байланыс ты анықтай отырып, әлемдік сауданың өркениет дамуындағы рөлін анықтау;

10.1.4.2 — әлемдік экономиканың дамуындағы халықаралық ұйымдар дың рөлін анықтау

Өркениеттер әрекеттестігінің дипломатиялық аясы 10.1.4.3 — өркениеттерді жақындас тыру факторы ретінде дипломатия ның маңызын анықтау;

10.1.4.4 — қазіргі өркениеттің дамуындағы дипломатияның рөлін анықтау

Өркениеттер әрекеттестігінің әскери-саяси аясы 10.1.4.5 — ежелгі және орта ғасырлардағы жаулап алушылық жорықтардың себептерін түсіндіру;

10.1.4.6 — отаршыл экспансия мен қазіргі замандағы жаһандық мәселе лердің себеп-салдарлық байланысын анықтау;

10.1.4.7 — қазіргі өркениеттің даму контекстінде әскери қақтығыстардың ерекшеліктері мен салдарларын анықтау

Мәдениеттер диалогі 10.1.4.8 — әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін зерттей отырып, мәдениеттердің өзара әрекеттестігі мен өзара ықпалын сипаттау;

10.1.4.9 — жаһанданудың жағымды және жағымсыз жақтарын анықтай отырып, оның қоғамның рухани дамуына әсерін бағалау

Зерттеу жұмысы Әлемдік тарих тұрғысындағы өркениеттердің өзара әрекеттестігі мен өзара ықпал ету тәсілдері
2-тоқсан
Этникалық, әлеуметтік және саяси процестер

 

Антропогенез және этногенез Адамның шығу тегі теориялары 10.2.1.1 — антропогенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау
Этностардың пайда болуы туралы теориялар 10.2.1.2 — тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «этнос», «этногенез», «ұлт» ұғымдарын қолдану;

10.2.1.3 — этногенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау;

10.2.1.4 — Л.Н. Гумилевтің этностардың пайда болуы мен дамуы туралы ғылыми көзқараста рының ерекшеліктерін зерттеу

Әлемнің этникалық картасы: өткен заманда және қазіргі уақытта 10.2.1.5 — әлем картасын пайдалана отырып әртүрлі тарихи кезеңдердегі этникалық процестерді түсіндіру;

10.2.1.6 — қазіргі кездегі ассимиляция мен саны аз этностардың жойылып кету себептерін анықтау;

10.2.1.7 — жаһандану жағдайындағы этникалық және мәдени әртүрлілікті  сақтаудың маңыздылығын негіздеу

Әлем тарихындағы этносаралық қатынастар

 

Этносаралық қатынастар: проблемалары және қарама-қайшылықтары

 

10.2.2.1 — тарихи оқиғаларды, процес тер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «ұлтшылдық», «шовинизм», «нәсілдік кемсітушілік» терминдерін қолдану;

10.2.2.2 — ұлтаралық қақтығыстар дың пайда болуының себеп-салдарлық байланысын анықтау;

10.2.2.3 — тарихи оқиғаларды талдау негізінде қазіргі кездегі ұлтаралық қатынастардың сипатын бағалау

Этносаралық қатынастар: бейбіт өзара әрекеттестік тәсілдері 10.2.2.4 — ұлтаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық ұйымдар- дың рөлін талдау;

10.2.2.5 — қазіргі кездегі интеграция лық процестердің тиімділігін бағалау;

10.2.2.6 – ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің мысалында этностар арасындағы бейбіт әрекеттестіктің мүмкіндігін дәлелдеу

Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары Социогенез туралы теориялардың алуан түрлілігі 10.2.3.1 — тарихи процестерді түсіндіру үшін «социогенез», «формациялық әдіс», «өркениеттік әдіс» ұғымдарын қолдану;

10.2.3.2 — социгенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау

Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары 10.2.3.3 — қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формаларын, оларға тән белгілерін анықтай отырып түсіндіру;

10.2.3.4 — қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясын зерттеу

Зерттеу жұмысы Әлем тарихындағы этникалық және әлеуметтік процестер
3 — тоқсан
Мемлекет тарихы және қоғамдық-саяси ойдың қалыптасуы Мемлекеттің тарихи типтері, формалары және саяси режимдер

 

Мемлекет түсінігі. Мемлекеттің пайда болу теориялары 10.3.1.1 — тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін «мемлекет», «билік», «басқару институты» терминдерін қолдану;

10.3.1.2 — мемлекеттік құрылыстың ерекшеліктерін түсіндіру үшін мемлекеттің пайда болу теорияларын салыстыру

Мемлекет формаларының эволюциясы: ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін 10.3.1.3 — тарих контекстінде мемлекеттік құрылыс формасының өзгеруінің заңдылықтарын анықтау және талдау;

10.3.1.4 — мемлекеттердің тарихи формаларына тән белгілерін анықтай отырып, салыстыру

Саяси режимдердің типтері 10.3.1.5 — деректерді талдау негізінде саяси режимдер түрлерінің мықты және әлсіз жақтарын анықтай отырып, салыстыру;

10.3.1.6 — тоталитарлық саяси режимнен қазіргі замандағы демократияға ауысудың ерекшелік терін талдау

Әлем тарихының барысына әсер еткен әскери -саяси оқиғалар

 

Антикалық кезеңдегі әлемдік империялардың қалыптасуы 10.3.2.1 — деректерді қолдана отырып грек -парсы соғыстарының мысалын да ерте империялардың пайда болу процесін түсіндіру;

10.3.2.2 — антика дәуірінде империя лардың пайда болуының себептері мен салдарларын талдау;

10.3.2.3 — эллинизмді таратуда А.Македонскийдің жорықтарының рөлін бағалау

Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары ежелгі заманнан ортағасырларға өтудің бір факторы ретінде 10.3.2.4 — халықтардың ұлы қоныс аударуының жағымды және жағымсыз салдарларын анықтау;

10.3.2.5 — тарихи деректердің негізінде антикалық дәуірден орта – ғасырларға өту заңдылығын тұжырымдау

Араб шапқыншылықтары мен Крест жорықтары 10.3.2.6 — дәйекті қорытындылар жасай отырып, араб шапқыншылық тары мен мен крест жорықтарының себептерін анықтау;

10.3.2.7 — әлемдегі өзгерістерді зерттей отырып араб шапқыншылық тары мен крест жорықтарының салдарларын салыстыру

Еуразия картасының өзгеруіне

Шыңғысхан жорықтарының ықпалы

10.3.2.8 — моңғол шапқыншы лығының Еуразиядағы ұлттық мемлекеттердің қалыптасу процесіне әсерін талдау;

10.3.2.9 — әлемдегі өзгерістерді зерттей отырып моңғол шапқыншы лығының салдарларын бағалау

Еуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері 10.3.2.10 — наполеон соғыстары мен Еуропа мемлекеттеріндегі капиталис тік дамудың ілгерілеуі арасындағы себеп-салдарлық байланысты орнату;

10.3.2.11 — Наполеон Кодексінің Еуропадағы либералды қоғамдық идеялардың таралуындағы маңызды лығын бағалау

ХХ ғасырдағы дүниежүзілік соғыстардың халықаралық қатынастар жүйесіне әсері 10.3.2.12 — тарихи құжаттарды талдау негізінде Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардың себептері мен салдарларын түсіндіру;

10.3.2.13 — Версаль-Вашингтон және Ялта-Потсдам жүйелерінің тиімділі гін және олардың қазіргі заманға әсерін бағалау;

10.3.2.14 — дүниежүзілік соғыстар кезеңінде халықаралық қатынастар дың даму тенденцияларын талдау

Революция

лар қоғам өзгеруінің бір факторы ретінде

 

Буржуазиялық революциялар – индустриалды қоғамның құрылуының катализаторы 10.3.3.1 — аграрлы қоғамнан индустриалды қоғамға өту заңдылық тарын тұжырымдау;

10.3.3.2 — буржуазиялық революция лардың нәтижесіндегі әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді түсіндіру;

10.3.3.3 — революциялардың жағым ды және жағымсыз салдарларын бағалау

Социалистік революция әлеуметтік теңдік идеяларын жүзеге асырудың радикалды әдісі ретінде 10.3.3.3 — революциялардың жағымды және жағымсыз салдарларын бағалау;

10.3.3.4 — социалисттік революция ның мәнін түсіну үшін әлеуметтік теңдік идеясының даму кезеңдерін зерттеу;

10.3.3.5 — капитализмнен социализм ге өтудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарын анықтау;

10.3.3.6 — социалисттік революция лардың нәтижесінде қоғамның әлеуметтік құрылымдағы өзгерістер ді түсіндіру

Қазіргі кездегі революциялар: себептері мен салдары 10.3.3.7 — Шығыс Еуропадағы «барқыт» революцияларының  мазмұны мен нәтижелерін талдау;

10.3.3.8 — «араб көктемі» және «түрлі-түсті революциялардың» ішкі және сыртқы факторларын анықтау;

10.3.3.9 — қоғамдық мәселелерді шешудің революциялық тәсілінің салдары жайлы қорытынды жасау

Зерттеу жұмысы Әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шешудің тәсілдері
4 — тоқсан
Мәдениет, білім және ғылымның дамуы Адамзаттың мәдени мұрасын сақтап қалу жолдары

 

Адамзаттың тарихи-мәдени мұрасын сақтап қалудағы ЮНЕСКО-ның қызметі 10.4.1.1 — ЮНЕСКО қызметін мысалға ала отырып тарихи-мәдени мұраны сақтау жолдарын түсіндіру;

10.4.1.2 — ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандар тізімі ескерткіште рінің мысалында тарихи-мәдени мұраның маңыздылығын анықтау

Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы 10.4.1.3 — әлемнің ең ірі мұражайларын зерттеп, ерекшелік- терін анықтау;

10.4.1.4 — әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалудағы мұражайлар дың рөлін түсіндіру;

Өнер – қоғам дамуының бейнесі

 

Тарихи процестер контекстіндегі өнердің бағыттары мен стильдері 10.4.2.1 — қоғамдағы өзгерістерді түсіну үшін «абстракцианизм», «модернизм», «постмодернизм», «авангардизм», «футуризм», «кубизм», «сюрреализм», «экспрес сионизм», «гиперреализм», «хайтек» терминдерін қолдану;

10.4.2.2 — өнердің стильдері мен бағыттарының дамуына қоғамдық процестердің әсерін анықтау;

10.4.2.3 — әлем мәдениетінің көрнекті өкілдерінің шығармашы лық туындыларын талдап, олардың ерекшеліктерін анықтау

Зманауи өнердің даму тенденциялары 10.4.2.4 — өзгерістер пен сабақтастық тарды анықтай отырып, қазіргі кездегі өнердің даму тенденцияла рын анықтау;

10.4.2.5 — бұқаралық мәдениеттің ерекшеліктерін түсіндіріп, оның қазіргі қоғамға әсерін талдау

Қазіргі қоғамның рухани-адамгер

шілік құндылық

тары

 

Жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы 10.4.3.1 — деректерді талдау негізінде адамзаттың рухани-моральдық құндылықтарының қалыптасу қайнар көздерін анықтау
Тарихи оқиғалар контекстіндегі құндылықтардың өзгеруі 10.4.3.2 — дәйекті қорытындыларды жасай отырып, қоғамның тарихи даму контекстіндегі рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеруінің мысалдарын зерттеу;

10.4.3.3 — қоғамның моральдық құндылықтарын қайта бағалауға септігін тигізген XX ғасырдың тарихи оқиғаларының ерекшелік терін анықтау

Жаһандану жағдайындағы рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеру мәселесі 10.4.3.4 — қоғамның тұрақты дамуы үшін қазіргі әлемнің жалпыадам заттық адамгершілік құндылық тардың маңызын түсіндіру;

10.4.3.5 — жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға әсерін талдау;

10.4.3.6 — болашақтағы адамның моральдық бейнесін анықтай отырып, адамзаттың рухани-адамгершілік дамуының ықтимал жолдарын болжау

Зерттеу жұмысы Мәдениет адамзаттың рухани-адамгершілік құндылықтардың бейнесі ретінде

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *