Жаңа бағдарлама Дүниежүзі тарихы 7 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар 2018-2019 жыл

Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-сыныптарына арналған

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша

ұзақ мерзімді жоспар

 

  • 7- сынып:

 

Бөлім Тақырыптар, мазмұны Оқу мақсаттары. Білім алушылар тиісті:
1- тоқсан
1А бөлімі -Өнеркәсіп төңкерісі және оның әлемді өзгертудегі ықпалы XVII ғасырдың ортасындағы Ағылшын революциясы қандай маңызға ие болды

 

7.3.2.1 – Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау;

7.1.1.1–  «капитал», «буржуазия», «жұмысшы табы» \пролетариат\ ұғымдарын қоғамның әлеуметтік құрылымын түсіндіру үшін қолдану;

7.1.2.1– қоғамдық қатынастар жүйесіндегі буржуазияның рөлін анықтау

Өнеркәсіп төңкерісі әлемді қалай өзгертті 7.1.1.2 – мануфактура, фабрикалардың пайда болуы мен жалдамалы жұмысшы табының қалыптасуы арасындағы байланысты анықтау;

7.4.1.1 – себеп-салдарды анықтау арқылы Еуропадағы феодалдық құрылыстан  капиталистік шаруашылыққа (мануфактура, фабрика) өту процесін түсіндіру;

7.4.1.2 – Англияның әлемдік жетекші держава ретінде қалыптасуындағы өнеркәсіп  төңкерісінің рөлін сипаттау;

7.4.2.2 – қоғамның индустрияға дейінгі және индустриялық даму кезеңдерінің айырмашылығын анықтау

1В бөлімі —
XVIІI ғ. Үндістан және Ұлыбритания
Британдықтар саудагерлерден Үндістанның билеушілеріне қалай айналды

 

7.2.2.1 – тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану;

7.1.1.3 – Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі  Азия мемлекеттерінің әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау (Қытай, Үндістан, Жапония);

7.3.2.6 – еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау;

7.4.1.4 –  «экспорт», «импорт», «экспансия», «отарлау», «фактория» ұғымдарын қолдану арқылы, тауар-ақша қатынастарының дамуын түсіндіру

1С бөлімі – Ағартушылық идеяларының таралуы

 

Еуропалық билеушілердің қайсысының «ағартушылық» ұстанымы артық болды 7.2.1.1 – қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау

7.2.3.2 – Ағартушылық  дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау

Ағартушылық идеялар американдықтарға қалай әсер етті

 

7.3.2.1– Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау;

7.2.3.2 – Ағартушылық  дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын түсіну;

7.3.1.1 – республикалық басқару құрылымның ерекшеліктерін анықтау

2 -тоқсан
2А бөлімі – Француз революциясының көрінісі 1789-1799 жылдар аралығында Францияда қандай өзгерістер орын алды 7.3.2.1 – Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау;

7.1.1.1 – «капитал», «буржуазия», «жұмысшы табы» \пролетариат\ ұғымдарын тарихи оқиғаны жан-жақты түсіндіру үшін қолдану;

7.1.2.1 – қоғамдық қатынастар жүйесіндегі буржуазияның рөлін анықтау

Неліктен Давид пен Бодридің Марат туралы көзқарастары әртүрлі болды 7.2.2.1 – тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану;

7.2.2.2 – өнердегі негізгі стильдер мен ағымдардың белгілерін (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау;

7.3.1.1 – республикалық басқару құрылымның ерекшеліктерін анықтау

Наполеон империясы қалай құрылды және оның құлдырау себептері неде болды 7.2.2.1 – тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану;

7.3.2.4 – империалистік соғыстардың әлемдік саясаттың өзгеруіне ықпалын бағалау (Наполеон соғыстары мысалында);

7.2.3.2 – Ағартушылық  дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау

2В бөлімі – XIX  ғ. империялар және олардың бақталастығы Неліктен Ресей мен Ұлыбритания Иранға ықпал етуге бәсекелес болды 7.3.2.2 – XVIII–XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау

7.4.2.1 – түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін анықтау

Осман империясын сақтап қалуға Танзимат саясаты көмегін тигізді ме 7.4.2.1 – түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін анықтау

7.3.2.2 – XVIII–XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау

Қырым соғысының себептері мен салдары қандай болды 7.3.2.2 – XVIII–XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау
3 -тоқсан
3А бөлімі — XІX ғасырдағы Қытай мен Еуропа елдері Англия және Қытай үкіметтерінің хат алысуынан империализм туралы не біле аламыз 7.3.2.2 – XVIII – XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау
Неліктен екінші Апиын соғысы осы күнге дейін қытай халқының есінде

 

7.3.2.6 — еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау;

7.4.1.4 — «экспорт», «импорт», «экспансия», «отарлау», «фактория» ұғымдарын қолдану арқылы, тауар-ақша қатынастарының дамуын түсіндіру

7.1.1.3 – Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі  Азия мемлекеттерінің әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау (Қытай, Үндістан, Жапония);

7.2.1.2 –миссионерліктің міндеттерін анықтау;

3В бөлімі — Революциялық  идеялардың XІX ғасырдағы Еуропаға әсері 1848 ж. революциялар Еуропада қандай саяси идеяларды қалыптастырды 7.3.2.1 – Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау;

7.1.2.1 – қоғамдық қатынастар жүйесіндегі буржуазияның рөлін анықтау;

7.2.3.2 – Ағартушылық  дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау;

7.3.2.5 – тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану

7.2.3.3 К. Маркстың көзқарастарын және марксизмнің қоғамдық өмірге ықпалын түсіндіру

Италия және Германияның  бірігу жолдары қаншалықты ұқсас болды 7.3.1.4 – әртүрлі елдердің бір уақыт кезеңіндегі тарихи оқиғаларын салыстыру арқылы ұлттық мемлекеттердің (Италия, Германия) қалыптасу маңызын анықтау;

7.3.2.5 – тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану

3 С бөлімі – XІX ғасырдағы Ресейдегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы Неліктен ІІ Александр патша «Халық еркі» ұйымының құрбаны болды 7.2.3.1 – Ресейде жаңа қоғамдық-саяси ағымдардың (халықшылдық, либерализм) пайда болу себептерін анықтау;

7.3.1.3 – тарихи оқиғаны түсіндіру үшін «басыбайлы құқық», «декабристер», «халықшылдар», «жеке террор», «пролетариат диктатурасы» ұғымдарын қолдану

3 D бөлімі — XІX ғасырдағы Үндістан мен Үндіқытайдағы еуропалық үстемдік 1857-1859 жж. Үндістандағы оқиғаларды XIX ғ. британдықтар мен қазіргі кездегі үндістер қалай баяндайды

 

7.3.2.6 – еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау

7.1.1.3 – Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі  Азия мемлекеттерінің әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау (Қытай, Үндістан, Жапония)

Әлемдік отарлау жүйесі қалай қалыптасты 7.3.2.6 – еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау

7.3.2.3 – отаршылдық экспансияның салдарларын талдау арқылы XIX ғасырдағы әлемнің саяси картасындағы негізгі өзгерістерді анықтау

4 -тоқсан
4А бөлімі – Америка Құрама Штаттарының күшеюі АҚШ-тың батыс бағыттағы территориясы қалай кеңейді 7.3.1.2 – АҚШ-тың батыс бағытындағы экспансия саясатын сипаттау
АҚШ-тағы құлдық қалай  жойылды 7.1.2.2 – трансатлантикалық құлдықтың ерекшеліктерін анықтау
Неліктен АҚШ өз әскери кемелерін Жапонияға жіберді 7.4.1.3 – АҚШ-ғы капиталистік монополиялардың даму ерекшеліктерін анықтау;

7.4.2.1 – түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін анықтау

7.3.2.6 – еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау;

7.2.1.2 – миссионерліктің міндеттерін анықтау;

7.3.2.2 XVIII  – XIX ғғ. ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау

4В бөлімі  —
XІX ғасырдағы өзгерістерге шолу: суретшілер мен жазушылардың көзқарасымен
XІX ғасырдағы өнер мен  әдебиет  әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді 7.2.2.2 – өнердегі негізгі стильдер мен ағымдарды (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау;

7.2.2.1 – тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану

Эмиль Золяның «Мен айыптаймын!» атты мақаласы  сөз құдіретін қалай көрсетеді 7.2.2.1 – тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану;

7.3.2.5 – тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану

4С бөлімі

Ғылыми ойдың дамуы

 

XIX ғасырдағы қай ғылыми жаңалықтың адамдар өміріне ықпалы зор болды

 

7.2.4.1 – өзгерістер мен сабақтастықты көрсету арқылы, адам мен қоғам өміріндегі ғылыми жаңалықтардың маңызын талдау
7.2.1.1 – қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *