Жаңа бағдарлама Дүниежүзі тарихы 9 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар 2018-2019 жыл

Негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныптарына арналған

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша

ұзақ мерзімді жоспар

 

  • 9- сынып

 

Бөлім Тақырыптар, мазмұны Оқу мақсаттары. Білім алушылар тиісті:
1 -тоқсан
1А бөлімі

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің саяси картасы

 

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің саяси картасы қалай өзгерді

 

9.3.2.8 – ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді айқындау;

9.3.2.4 – «қырғи қабақ соғыстан» кейін әлемдегі интеграциялық және дезинтеграциялық  процестерді айқындау;

9.3.2.1 – отаршылдық жүйе күйреуінің себептері мен салдарларын  талдау

Биполярлық әлемдік жүйе қалай қалыптасты 9.3.2.2 – «қырғи қабақ соғыс» ұғымын түсіндіру үшін тарихи оқиғаларды талдау;

9.3.2.3 – тарихи фактілер мен картаға сүйене отырып, әскери-саяси одақтар НАТО және ВШҰ-ның қарсылығын сипаттау;

9.3.2.8 – ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді айқындау

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы отарсыздандыру процесі неліктен күшейді

 

9.1.1.1 – социалистік даму жолынан бас тартуға байланысты әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді анықтау;

9.3.2.1– отаршылдық жүйе күйреуінің себептері мен салдарларын  талдау;

9.3.1.3 – мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау

1В бөлімі

Халықаралық ұйымдардың  қалыптасуы

Неліктен Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпыға бірдей адам құқығы Декларациясын жариялады 9.2.3.2 – адам құқықтарын қорғау идеяларының қазіргі халықаралық құқық қорғау ұйымдарының қызметіне ықпалын сипаттау;

9.3.1.2 – Еуропа мен Азияның жетекші мемлекеттеріндегі конституциялық-құқықтық идеологияның қалыптасу жолдарын талдау (Жалпыға бірдей адам құқығы Декларациясы, ЕҚЫҰ, Еурокеңес, Гаагадағы Халықаралық сот)

БҰҰ-ның Халықаралық Соттың қызметі қандай 9.2.3.2 – адам құқықтарын қорғау идеяларының қазіргі халықаралық құқық қорғау ұйымдарының қызметіне ықпалын сипаттау;

9.3.1.2 – Еуропа мен Азияның жетекші мемлекеттеріндегі конституциялық-құқықтық идеологияның қалыптасу жолдарын түсіндіру (Жалпыға бірдей адам құқығы Декларациясы, ЕҚЫҰ, Еурокеңес, Гаагадағы Халықаралық сот)

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары қаншалықты тиімді 9.2.3.2 – адам құқықтарын қорғау идеяларының қазіргі халықаралық құқық қорғау ұйымдарының қызметіне ықпалын сипаттау;

9.3.1.2 – Еуропа мен Азияның жетекші мемлекеттеріндегі конституциялық-құқықтық идеологияның қалыптасу жолдарын талдау (Жалпыға бірдей адам құқығы Декларациясы, ЕҚЫҰ, Еурокеңес, Гаагадағы Халықаралық сот);

1С бөлімі

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемдік экономиканың дамуы

Неліктен XX ғасырдың ІІ жартысында «әл-ауқатты мемлекеттер» дағдарысқа ұшырады

 

 

9.3.1.1 – «әл-ауқатты мемлекеттер» ұғымын 1970 – 1980 жж. әлеуметтік саладағы өзгерістерді сипаттау үшін қолдану;

9.4.1.1 – XX ғасырдың 70-жылдарындағы жұмыссыздықтың себеп-салдарын талдау;

9.4.1.2 – «инфляция», «дағдарыс», «стагнация» ұғымдарын пайдалана отырып, XX ғасырдың екінші жартысындағы мемлекеттердің экономикалық дамуын интерпретациялау

XX ғасырдың 60-70-шы жылдарында КСРО қандай экономикалық қиыншылықтарға тап болды 9.4.1.2 – «инфляция», «дағдарыс», «стагнация» ұғымдарын пайдалана отырып, XX ғасырдың екінші жартысындағы мемлекеттердің экономикалық дамуын интерпретациялау;

9.4.1.4 – себеп-салдарлық байланыстарды талдау арқылы социалистік шаруашылық жүйесінің дамуындағы қарама-қайшылықтарды анықтау;

9.4.2.1 – экономикалық жүйелердің тиімділігін интерпретациялау және негіздеу

«Азиялық серпіліс» неліктен мүмкін болды 9.4.2.1 – экономикалық жүйелердің тиімділігін интерпретациялау және негіздеу;

9.4.1.5 – Оңтүстік -Шығыс Азия мемлекеттерінің қарқынды экономикалық дамуына ықпал ететін негізгі факторларды талдау;

9.3.1.4 – тұлғаның тарихтағы рөлін анықтау

2- тоқсан
2А бөлімі

Қос кеңістікті әлем

 

1946-1963 жылдар аралығындағы «қырғи-қабақ соғысының» ерекшеліктері қандай

 

9.3.2.2 – «қырғи қабақ соғыс» ұғымын түсіндіру үшін тарихи оқиғаларды талдау;

9.3.2.3 – тарихи фактілер мен картаға сүйене отырып, әскери-саяси одақтар НАТО және ВШҰ-ның қарсылығын сипаттау;

9.3.1.4 – тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау

1979-1985 жылдар аралығындағы «қырғи-қабақ соғысының» ерешеліктері қандай

 

9.3.2.3– тарихи фактілер мен картаға сүйене отырып, әскери-саяси одақтар НАТО және ВШҰ-ның қарсылығын сипаттау;

9.3.2.5 – аймақтық шиеленістердің себептері мен салдарларын тұжырымдау;

9.3.1.4 – тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау

Саманта Смиттің КСРО-ға сапары неге мүмкін болды 9.3.2.4 – «қырғи қабақ соғыстан» кейін әлемдегі интеграциялық және дезинтеграциялық  процестерді айқындау;

9.3.1.4 – тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау

Қырғи-қабақ соғыс аяқталуының себептері қандай болды 9.3.2.4 – «қырғи қабақ соғыстан» кейін әлемдегі интеграциялық және дезинтеграциялық  процестерді айқындау

9.3.1.3 – мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау

Қырғи-қабақ соғыстың аяқталуымен әлемдегі  қауіпсіздік артты ма 9.3.2.4 – «қырғи қабақ соғыстан» кейін әлемдегі интеграциялық және дезинтеграциялық  процестерді айқындау;

9.3.2.8 – ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді айқындау;

9.3.2.5– аймақтық шиеленістердің себептері мен салдарларын тұжырымдау

2В бөлімі

Аумақтық мәселелерді шешудегі халықаралық ұйымдарының рөлі

БҰҰ Таяу Шығыстағы  дағдарысты шешудің қандай бейбіт жолдарын ұсынады 9.3.2.5 – аймақтық шиеленістердің себептері мен салдарларын тұжырымдау;

9.3.2.6 – халықаралық шиеленістерді реттеудегі БҰҰ-ның қызметін бағалау

«Араб көктемінің» себептері мен салдары қандай 9.3.2.5 – аймақтық шиеленістердің себептері мен салдарларын тұжырымдау;

9.3.2.6 – халықаралық шиеленістерді реттеудегі БҰҰ-ның қызметін бағалау;

9.1.2.4 – қоғамдық сананы қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін анықтау

3 — тоқсан
3А бөлімі

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қоғамның дамуы

 

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлем елдерінің әлеуметтік құрылысы қалай өзгерді 9.1.1.1 – социалистік даму жолынан бас тартуға байланысты әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді анықтау;

9.1.2.1 – батыс және шығыс мемлекеттеріндегі әлеуметтік құрылымның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап, әлеуметтік тігінен және көлденеңінен мобильділікке мысал келтіру 9.3.1.3 – мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау

1949 жылы коммунистік партияның билікке келу нәтижесінде Қытайда әлеуметтік құрылыс қалай өзгерді 9.4.1.4 – себеп-салдарлық байланыстарды талдау арқылы социалистік шаруашылық жүйесінің дамуындағы қарама-қайшылықтарды анықтау;

9.3.1.3 – мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау;

9.3.1.4 – тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау

Неліктен әлем елдерінің әлеуметтік даму деңгейі әртүрлі 9.1.2.1 – батыс және шығыс мемлекеттеріндегі әлеуметтік құрылымның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап, әлеуметтік тігінен және көлденеңінен мобильділікке мысал келтіру

9.1.2.2 – әлемнің жетекші және дамушы мемлекеттеріндегі халықтың өмір сүру деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау;

9.3.1.1 – «әл-ауқатты мемлекеттер» ұғымын 1970 – 1980 жылдардағы әлеуметтік саладағы өзгерістерді сипаттау үшін қолдану

3В бөлімі

Бүгінгі қоғамдағы дін

Діннің бүгінгі қоғамдағы рөлі қандай 9.2.1.2 – қазіргі қоғамдық-саяси мәселелерді түсіну және интерпретациялау үшін дін туралы білімдерін пайдалану;

9.2.1.3 – тарихи процестің сабақтастығын орнату арқылы адамзаттың өркениетті даму жолдарын қалыптастырудағы әлемдік діндердің рөлін анықтау

Бүгінгі қоғамның қандай проблемалары деструктивті діни ұйымдардың ықпалымен байланысты

 

9.2.1.1 – қоғам өміріндегі дәстүрлі және деструктивті діни ұйымдардың іс-әрекетіне баға беру;

9.2.1.2 – қазіргі қоғамдық-саяси мәселелерді түсіну және интерпретациялау үшін дін туралы білімдерін пайдалану

Дінаралық диалогті орнатуда Астана қаласында өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер Съезі қандай рөль атқарады 9.2.1.2 – қазіргі қоғамдық-саяси мәселелерді түсіну және интерпретациялау үшін дін туралы білімдерін пайдалану;

9.2.1.3 – тарихи процестің сабақтастығын орнату арқылы адамзаттың өркениетті даму жолдарын қалыптастырудағы әлемдік діндердің рөлін анықтау

3С бөлімі

Бүгінгі әлемдегі лаңкестік қаупі

Адамзат үшін лаңкестік несімен қауіпті 9.3.2.7 – қазіргі кездегі халықаралық лаңкестік және экстремизм проблемасын талдау;

9.3.2.5– аймақтық шиеленістердің себептері мен салдарларын тұжырымдау

Қазіргі әлемде діни фундаментализм қаншалықты қауіпті 9.2.1.1 – қоғам өміріндегі дәстүрлі және деструктивті діни ұйымдардың іс-әрекетіне баға беру;

9.2.1.2 — қазіргі қоғамдық-саяси мәселелерді түсіну және интерпретациялау үшін дін туралы білімдерін пайдалану

4- тоқсан
4А бөлімі

Қазіргі әлемнің жаһандануы

 

Жаһанданудың негізгі ерекшеліктері қандай 9.1.2.3 – қоғамның тарихи даму бағытын  үлгілей отыра, жаһандану процесіне байланысты қазіргі әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді (еңбек миграциясы, әлеуметтік интеграция) бақылау;

9.1.2.4 – қоғамдық сананы қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін анықтау

Жаһандану саясат пен әлемдік экономиканың дамуына қаншалықты ықпал етеді 9.1.2.3 – қоғамның тарихи даму бағытын  үлгілей (модельдеу) отыра, жаһандану процесіне байланысты қазіргі әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді бақылау (еңбек миграциясы, әлеуметтік интеграция);

9.4.1.3 – жаһандану жағдайындағы экономикалық интеграцияның маңызын бағалау;

9.4.2.2 – постиндустриалды қоғамның басты экономикалық ресурсы ретінде ақпараттың рөлін анықтау

Жаһандану заманында ұлттық біртектілікті қалай сақтауға болады 9.2.3.3 – жаһандану жағдайында ұлттық мәдени құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын дәлелдеу;

9.2.2.2– ХХ ғасырдың екінші жартысы — ХХI ғасырдың басындағы бұқаралық мәдениеттің қоғамның рухани дамуына ықпалын бағалау

4В бөлімі

 

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы-  ХХI ғасырдың басындағы ғылым, білім, технология

 

 

Әлемдік ғылымның дамуында Байқоңыр ғарыш айлағының маңызы қандай 9.2.4.1 – ғылыми-техникалық революцияның әлеуметтік және экологиялық салдарын бағалау және интерпретациялау;

9.2.4.2 – адамзат өркениетінің дамуын үлгілеу арқылы жаһандық мәселелерді шешуде ғылым мен білімнің маңызы туралы қорытынды жасау

Ғылым қазіргі адамдардың өмірін қалай өзгертті 9.2.4.2 – адамзат өркениетінің дамуын үлгілеу арқылы жаһандық мәселелерді шешуде ғылым мен білімнің маңызы туралы қорытынды жасау;

9.2.4.1 – ғылыми-техникалық революцияның әлеуметтік және экологиялық салдарын бағалау және интерпретациялау;

9.2.4.3 – ғылыми жаңалықтардың (генетика, микробиология, ақпараттық технологиялар, нано технологиялар, ядролық физика) қоғам дамуына ықпалын талдау

Неліктен білім адамның бәсекеге қабілеттілігінің факторы болып табылады 9.2.4.2– адамзат өркениетінің дамуын үлгілеу арқылы жаһандық мәселелерді шешуде ғылым мен білімнің маңызы туралы қорытынды жасау
4С бөлімі

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы-  ХХI ғасырдың басындағы мәдениет

 

ХХ ғасырдағы мәдени қайраткерлерінің адамзаттың рухани дамуына қандай әсері болды 9.2.2.1 – танымал өнер қайраткерлерінің қоғамның дамуына ықпалын талдау және олардың қызметіне дүниежүзілік тарих контекстінде өзіндік баға беру;

9.2.2.3 – ақпараттық қоғам жағдайындағы көркем шығармашылықтың жаңа түрлерінің қалыптасуын талдау;

9.2.3.1 – түрлі философиялық көзқарастардың қазіргі қоғамдық өмірге ықпалын бағалау;

9.3.1.4 тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау

Қоғамның рухани дамуына бұқаралық мәдениеттің әсері қандай 9.2.2.2 – ХХ ғасырдың екінші жартысы — ХХI ғасырдың басындағы бұқаралық мәдениеттің қоғамның рухани дамуына ықпалын бағалау;

9.1.2.4 – қоғамдық сананы қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін анықтау

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *