Жаңа бағдарлама Жаратылыстану 5 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар 2018-2019 жыл

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-сыныптарына арналған

«Жаратылыстану» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар

 

5-сынып

 

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны Оқыту мақсаттары. Білім алушылар:
1-тоқсан
5.1

Ғылым әлемі

Ғылымның рөлі 5.1.1.1 — ғылымның қызметтерін адам іс-әрекетінің түрі ретінде анықтау
Зерттеу сұрағы 5.1.2.1 — зерттеу сұрағы мен болжамды тұжырымдау
Зерттеуді жоспарлау 5.1.3.1- зерттеу жоспарын құрастыру;

5.1.3.2 — зерттеу жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін тұжырымдау

Деректерді жинау және жазу 5.1.4.1 — нысандар параметрлерін өлшем бірліктермен анықтау;

5.1.4.2 — бақылаулар мен өлшеу деректерін тіркеу

Деректерді талдау 5.1.5.1 -қайталанған өлшеулер кезіндегі арифметикалық орташа шаманы есептейді және тенденцияларын анықтау
Қорытынды және талқылау 5.1.6.1 — зерттеу сұрағы бойынша қорытынды тұжырымдау
5.1

Адам. Жер. Ғалам

Макро- және микроәлем 5.2.1.1 — макро- және микроәлем нысандарын ажырата білу және мысалдар келтіру
Жер туралы жалпы мағлұматтар 5.2.2.1 — Жер ғаламшарының пайда болуын түсіндіру

5.2.2.2 — Жердің құрылысы мен құрамын атау

Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері 5.2.3.1 — Жер қабықтарын және олардың құрамдас бөліктерін сипаттау
Жердегі тіршілік 5.2.4.1 — Жерде тіршіліктің пайда болуын сипаттау;

5.2.4.2 — тіршілік етуге қажетті жағдайларды анықтау

Жер бетін бейнелеу тәсілдері 5.2.5.1 — «жоспар» және «шартты белгілер» ұғымдарын түсіндіру;

5.2.5.2 — шартты белгілерді қолданып, жергілікті жердің планын оқу;

5.2.5.3 — бір тәсіл бойынша жергілікті жердің түсірілімін жасау (көз мөлшермен түсіру, полярлық түсіру, бағдарлық түсіру);

5.2.5.4 — тіркеу талаптарына сай жергілікті жердің қарапайым пландарын сызу

Материктер мен мұхиттар 5.2.6.1 — материктер мен дүние бөліктерін игеру және зерттеу тарихын сипаттау;

5.2.6.2 — мұхиттарды зерттеу тарихын сипаттау

Халық географиясы 5.2.7.1 — дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын, негізгі нәсілдер мен нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтау;

5.2.7.2 — нәсілдік белгілердің қалыптасу факторларын анықтау;

5.2.7.3 — нәсілдер теңдігін дәлелдеу

2-тоқсан
5.2

Заттар және материалдар

Заттардың құрылысы мен қасиеттері 5.3.1.1 — бөлшектердің сұйық және газтектес заттарда таралуын түсіндіру;

5.3.1.2 — заттардың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылымын бөлшектер теориясына сәйкес түсіндіру;

5.3.1.3 — заттардың қасиеттерін: тығыздығын, аққыштығын, жылу және электрөткізгіштігін, созылғыштығын, иілімділігін сипаттау;

5.3.1.4 — физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату

Заттардың жіктелуі 5.3.2.1 — қоспалар мен таза заттарды ажырату;

5.3.2.2 — қоспалардың түрлерін сипаттайды және бөлу әдістерін ұсыну;

5.3.2.3 — құрамы белгілі ерітіндіні дайындау;

5.3.2.4 — еріген заттың массалық үлесін есептеу;

5.3.2.5 — заттарды ерігіштігі бойынша, металдар және бейметалдарға жіктеу

Заттардың түзілуі және алынуы 5.3.3.1 — кейбір табиғатта түзілген және жасанды жолмен алынған заттарға мысалдар келтіру;

5.3.3.2 — зертханалық жағдайда заттарды бөліп ала алу

3-тоқсан
5.3

Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер

Өлі табиғаттағы үдерістер 5.4.1.1 — өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер);

5.4.1.2 — өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістердің себеп-салдарларын түсіндіру

Тірі табиғаттағы үдерістер 5.4.2.1 — тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттау;

5.4.2.2 — тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерін сипаттау;

5.4.2.3 — микроскоппен жұмыс істеу ережелерін қолдану;

5.4.2.4 — уақытша микропрепарат дайындау;

5.4.2.5 — фотосинтез үдерісін түсіндіру;

5.4.2.6 — өсімдіктерде пигменттердің болуын зерттеу;

5.4.2.7 — фотосинтездің жүруі үшін қажетті жағдайларын зерттеу

5.3

Энергия және қозғалыс

Энергия түрлері мен көздері 5.5.1.1 — энергия түрлерін ажырату;

5.5.1.2 — температура мен жылу энергиясын ажырату;

5.5.1.3 — термометрді пайдалана отырып температураны өлшеу;

5.5.1.4 — ғимараттарда жылу оқшаулағыштарын пайдаланудың практикалық әдістерін түсіндіру;

5.5.1.5 — жылулық ұлғаюды сипаттау;

5.5.1.6 — энергияның өзара айналымына мысалдар келтіру

Қозғалыс 5.5.2.1 — тірі және өлі табиғатта қозғалыстың маңыздылығына мысалдар келтіреді және түсіндіру;

5.5.2.2 — әртүрлі жануарлардың қаңқа түрлерінің ерекшеліктерін зерттеу;

5.5.2.3 — денелер қозғалысының себебін анықтау

4-тоқсан
5.4

Экология және тұрақты даму

Экожүйелер 5.6.1.1 — экожүйенің құрамдас бөліктерін анықтау;

5.6.1.2 — экожүйе түрлерін жіктеу;

5.6.1.3 — экологиялық факторлардың экожүйе қызметіне ықпал етуін түсіндіру;

5.6.1.4 — табиғи және жасанды экожүйелерді салыстыру

Тірі ағзалардың сан алуандығы 5.6.2.1 — ағзаларды тірі табиғат дүниелеріне жіктеу;

5.6.2.2 — біржасушалы және көпжасушалы ағзаларды сипаттау

Табиғатты қорғау 5.6.3.1 — Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерін атау;

5.6.3.2 — өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу;

5.6.3.3 — Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының маңыздылығын анықтау

5.4

Әлемді өзгертетін жаңалықтар

Әлемді өзгертетін жаңалықтар 5.7.1.1 — әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіру
Болашақ жаңылықтары 5.7.2.1 — болашақ ғылыми зерттеулер үшін  зерттеу идеяларын ұсыну

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *