Жаңа бағдарлама Жаратылыстану 6 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар 2018-2019 жыл

Негізгі орта білім беру деңгейінің 6-сыныптарына арналған

«Жаратылыстану» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар

6-сынып

 

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны Оқыту мақсаттары. Білім алушылар:
1-тоқсан
6.1

Ғылым әлемі

Ғылым рөлі 6.1.1.1 — жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын тізіп атау
Зерттеу сұрағы 6.1.2.1 — тәуелді, тәуелсіз және бақыланатын айнымалыларды анықтау
Зерттеуді жоспарлау 6.1.3.1 — жоспар бойынша зерттеу жұмысын жүргізу;

6.1.3.2 — қауіпсіз жұмыс жүргізудің жағдайларын анықтау

Деректерді жинау және тіркеу 6.1.4.1 — Халықаралық бірліктер  жүйесінің өлшем бірліктерін пайдалану
Мәліметтерді талдау 6.1.5.1 — алынған деректерді графикалық түрде көрсету
Қорытынды және талқылау 6.1.6.1 — алынған қорытындыларды түрлі формада көрсету
6.1

Адам. Жер. Ғалам

Макро- және микроәлем 6.2.1.1 — макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін атау
Жер туралы жалпы мағлұматтар 6.2.2.1 — Жер бетіндегі бақыланатын үдерістер мен құбылыстарды түсіндіру;

6.2.2.2 — Жердің қасиеттерін түсіндіру

Жер өрістері және олардың құрамдас бөліктері 6.2.3.1 — Жер қабықтарының өзара байланыс тәсілдерін түсіндіру
Жердегі тіршілік 6.2.4.1 — Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми болжамдарды салыстыру;

6.2.4.2 — адамның Жерде тіршілік етуінің қазіргі жағдайларын бағалау

Жер бетін бейнелеу тәсілдері 6.2.5.1 — географиялық карталар мен шартты белгілерді жіктеу;

6.2.5.2 — шартты белгілерді пайдаланып, географиялық карталарды оқу;

6.2.5.3 — масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу;

6.2.5.4 — географиялық координаттарды анықтау;

6.2.5.5 — сағаттық белдеулер картасын пайдаланып, уақытты анықтау

Материктер мен мұхиттар 6.2.6.1 — жоспар бойынша материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтау;

6.2.6.2 — жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтау

Халық географиясы 6.2.7.1 — халықтың қоныстану заңдылықтарын анықтау;

6.2.7.2 — халық тығыздығының көрсеткіштеріне баға беру;

6.2.7.3 — дүниежүзіндегі халық тығыздығының жоғары және төмен аймақтарын анықтап, себептерін түсіндіру

2-тоқсан
6.2

Заттар және материал-дар

Заттардың құрылысы мен қасиеттері 6.3.1.1 — атом мен молекулаларды, қарапайым және күрделі заттарды айыра білу;

6.3.1.2  — атомның негізгі бөлшектерін және олардың орналасуын сипаттау;

6.3.1.3 — заттардың қасиеттерін (балқу және қайнау температураларын) сипаттау

Заттардың жіктелуі 6.3.2.1 — заттарды органикалық және бейорганикалық заттар күйінде жіктеу;

6.3.2.2 — тірі және өлі табиғатта қышқыл, сілтілі және бейтарап ортаны айыра біледі және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтау;

6.3.2.3 — бейтараптандыру үдерісін түсіндіру

Заттардың пайда болуы мен оларға қол жеткізу 6.3.3.1 — жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;

6.3.3.2 — тұрмыстық химия өнімдерін қолдану саласын және оларды қауіпсіз қолдану ережелерін түсіндіру;

6.3.3.3 — Қазақстандағы пайдалы қазбалардың орындарын және қолдану салаларын анықтау;

6.3.3.4 — Қазақстандағы  пайдалы қазбаларды өндеудің ірі орталықтарын атау және көрсету;

6.3.3.5 — пайдалы қазбалардың өндірілуі  мен  өңделінуінің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру

3-тоқсан
6.3

Тірі және өлі табиғат-тағы үдерістер

Өлі табиғаттағы үдерістер 6.4.1.1 — өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді модельдеу (таудың жасалу,  мүжілу үдерістері, табиғатта заттардың айналымы);

6.4.1.2 — табиғаттағы заттардың химиялық айналымын түсіндіру

Тірі табиғаттағы үдерістер 6.4.2.1 — жасуша компоненттерін анықтау

6.4.2.2 — тірі ағзаларға тән үдерістерді түсіндіру;

6.4.2.3 — ағзалардың қоректену типтерін ажырату;

6.4.2.4 — толыққанды тамақтану рационын құру;

6.4.2.5 — азық-түлік өнімдеріндегі органикалық заттардың болуын тестілу;

6.4.2.6 — ағзалардағы қоректік заттардың тасымалдануын модельдеу;

6.4.2.7 — тыныс алғанда және тыныс шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықты зерттеу;

6.4.2.8 — ағзадан бөлініп шығатын өнімдерді атау;

6.4.2.9 — тірі ағзалардың тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясын зерттеу

6.3

Энергия және қозғалыс

Энергия түрлері мен көздері 6.5.1.1- энергия көздерін атау;

6.5.1.2 — энергияны шығарумен және оның жұтылуымен байланысты үдерістерді атау және мысалдар келтіру;

6.5.1.3 — электр энергиясының бірлігін атау;

6.5.1.4 — электр энергиясының құнын есептеу;

6.5.1.5 -энергияны алудың баламалы көздерін ұсыну;

Қозғалыс 6.5.2.1 — қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру және түсіндіру;

6.5.2.2 — қатты денелер, сұйықтар мен газдардың қысымдарын айыра білу;

6.5.2.3 — адам қаңқасының құрылысын сипаттау;

6.5.2.4 — бұлшық еттің құрылысын сипаттау;

6.5.2.5 — тірі ағзалар үшін қысымның мәніне мысалдар келтіру;

6.5.2.6 — тиісті құралдарды қолдана отырып, атмосфералық және артериялық қысымды өлшеу және қорытынды жасау

4-тоқсан
6.4

Экология және тұрақты даму

Экожүйелер 6.6.1.1 — экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын график түрінде көрсету және түсінду;

6.6.1.2 — экожүйе ауысымдарының себептерін түсіндіру;

6.6.1.3 — экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуын түсіндіру

Тірі ағзалардың сан алуандығы 6.6.2.1 — өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін ағзалардың өзіндік ерекшеліктерін қолдану;

6.6.2.2 — жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігін зерттеу

Табиғатты қорғау 6.6.3.1 — өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау;

6.6.3.2 — экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсыну

6.4

Әлемді өзгертетін жаңалықтар

Әлемді өзгерткен жаңалықтар 6.7.1.1 — әлемді өзгерткен жаңалықтардың маңызын талқылау;

6.7.1.2 — жаратылыстану ғылымдарын дамытуда қазақстандық ғалымдардың үлесін талқылау

Болашақ жаңалықтары 6.7.1.3 — ғылыми зерттеулердің  бағыттарының болашақтағы дамуына  болжам жасау

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *