Жаңа бағдарлама Информатика 10 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар Жаратылыстану-Математика бағыты ЖМБ 2018-2019 жыл

Жалпы орта білім беру деңгейінің

10-сыныптарына арналған

«Информатика» оқу пәнінен жаңартылған

мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына

қосымша

Ұзақ мерзімді жоспар

10-сынып

 1-тоқсан
Бөлім Тақырыптар Оқыту мақсаттары
1А Аппараттық қамтамасыз ету  Аналық тақта

 

Орталық процессор

 

Компьютерлік жады

 

 

Мобильді құрылғылардың аппараттық жабдықтамаларының  компоненттері

10.1.1.1 — аналық тақтаның негізгі компоненттерінің қызметін түсіндіре алу;

10.1.1.2 — басқару құрылғысының (БҚ), арифметика- логикалық құрылғысының (АЛҚ) және процессордің бір бөлігі ретінде жад регистрінің  функциясын сипаттау;

10.1.1.3 — процессордың негізгі сипаттамаларын (такталық жиілік және разрядтылығы) түсіндіре алу;

10.1.1.4 — жад түрлерін салыстыру (RAM, ROM, сыртқы жад, кэш-жады);

10.1.1.5 — мобильді құрылғылардың аппараттық жабдықтамасының негізгі компоненттерін атау және түсіндіре алу (планшеттер, телефондар).

1В Деректерді ұсыну Позициялық және позициялық емес санау жүйелері

Бір СЖ екіншісіне аудару

Екілік СЖ қосу  және көбейту

Логикалық операциялар

(дизъюнкция, конъюнкция, инверсия (терістеу))

Ақиқат кестесін құру

Мәтіндік ақпараттарды  кодтау принциптері

10.2.1.1 — позициялық және позициялық емес санау жүйесіне мысалдар келтіру;

10.2.1.2 — ондық оң сандарды екілік санау жүйесінде көрсету;

10.2.1.3 — екілік жүйеде берілген сандарды қосу және көбейту;

10.2.2.1 — мәселелерді шешуде логикалық амалдарды колдану;

10.2.2.2 — берілген логикалық элементтер үшін ақиқат кестесін құра білетіндігін көрсету;

10.2.3.1 — Unicode және ASCII кестелерінің көмегімен мәтінді кодтау.

 

1C  Алгоритмдеу және программалау

 

 

Транслятор түрлері

 

 

 

Мәліметтердің файлдық типі

10.4.1.1 — жоғарғы және төменгі деңгейлі программалау тілдері арасындағы айырмашылықты түсіндіру;

10.4.1.2 — компиляторлар мен интерпретаторлардың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау;

10.4.3.3 — мәтіндік файлдан оқу мен жазуды ұйымдастыру.

1 D Жоба құру

 

Мини жоба құру

 

Программалық қамтуды құрудың өмірлік циклының  кезеңдері

10.8.1.1 — программалық қамтамасыз етуді құрудың өмірлік циклының  кезеңдерін атау;

10.8.1.2 — программалық қамтамасыз етуді құрудың өмірлік циклының  нақтыланған кезеңдерін  жоба құруда қолдану.

 

2-тоқсан
2А Ақпараттық  және программа-лық қамту ПҚ жіктеу

 

Утилиттер

 

Операциялық жүйелер

 

10.1.2.1 — программалық қамтамасыз етуді түрлері бойынша жіктеу;

10.1.2.2 — ОЖ утилиттерінің қызметін түсіндіру (диск дефрагментациясы, дискті тазалау, сақтық көшірме);

10.1.2.3 — түрлі операциялық жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін атау.

2В Алгоритмдеу және программалау

 

 

Сұрыптау  тәсілдері

 

Трассировкалық кестелер

 

Қолданушы процедуралары мен функцияларын құру

10.4.2.1 — көпіршікті әдіс немесе қою әдісі арқылы сұрыптау алгоритм жазу;

10.4.2.2 — алгоритм трассировкасын орындау;

10.4.3.1 — buble және  insert тәсілдерін қолданып, массив элементтерін сорттаудың программалық кодын жазу;

10.4.3.2 — функциялар мен процедураларды қолданып программалау тілінде код жазу.

 

2В Ақпараттық жүйелер

Мәліметтер модельдері

 

Мәліметтер қорының негізгі ұғымдары

 

Өрістердегі мәліметтер типтері

 

Мәліметтер қорының интерфейсін құру

 

Қалыпты  сұраныстар

 

SQL сұраныстар

 

Программалық қамтуды құрудың өмірлік циклының  кезеңдерін  жоба құруда қолдану

10.3.1.1 — “реляциялық модель” ұғымын түсіндіре алу;

10.3.1.2 — деректер қорындағы   атрибут, өріс, жазба терминдерінің анықтамасын құрастыру;

10.3.1.3 — біркестелі мәліметтер қорында бірінші және құрамдас кілтті анықтау;

10.3.2.1 — өрістердің мәліметтер типін анықтау;

10.3.2.2 — біркестелі мәліметтер қорын құру;

10.3.2.3 — қосымша компоненттер көмегімен интерфейсті ұйымдастыру (формалар және басқару элементтері);

10.3.3.1 — бір немесе бірнеше кестеден деректерді таңдау үшін логикалық операцияларды қолдану;

10.3.3.2 — кестеден деректерді ТАҢДАУ үшін құрылымдық сұраныстар тілін (SQL) қолдану;

10.8.1.2 — программалық қамтамасыз етуді құрудың өмірлік циклының  нақтыланған кезеңдерін  жоба құруда қолдану.

3-тоқсан
3 А Мәліметтерді ұсыну Графикалық ақпаратты екілік кодпен ұсыну

Графикалық файлдың көлемін анықтау

10.2.3.2 — растрлық  бейнелерді екілік санау жүйесінде ұсыну;

10.2.3.3 —  растрлық  бейненің көлемін есептеу.

 

3 В  Алгоритмдеу және программалау

 

HTML, CSS

 

Скриптер қолдану

 

Мультимедиа кіріктіру

10.4.3.2 — веб-сайт құруда HTML тегтерін және CSS командаларын қолдану;

10.4.3.3 — веб-сайт құруда скрипттерді пайдалану;

10.4.3.4 — Web-бетке

мультимедиа нысандарын кірістіру үшін HTML тегтерін қолдану;

10.4.3.5 — программалаудың «жақсы стилінің» ережелерін көрсете білу.

3С Микроэлектро-ника негізі Сандық схемалардағы негізгі элементтер және олардың функциялары

 

 

 

Құрылғыны  программалық басқару

10.6.1.1 — микроэлектроникаға байланысты негізгі ұғымдарды сипаттау;

10.6.1.2 — сандық схемаларда орналасқан негізгі элементтерді атау және қажеттілігін көрсету;

10.6.2.1 — құрылғыны басқаруда программалық кодын түсіндіру;

10.6.2.2 — құрылғыны басқару үшін жазылған кодқа, құрамына әсер етпейтін, өзгеріс енгізу;

10.6.2.3 — микроконтроллер платасына программалық кодын жазу және жұмыстың нәтижесін бақылап талдау;

10.6.2.4 — датчиктердің көрсеткіштері үшін айнымалылардың мәндерін өзгерту арқылы трассировканы орындау.

4-тоқсан
4А Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік  Компьютерлік желілердің компоненттері

 

Клиент-сервер моделі

 

 

Желілік адресация

 

 

 

 

 

Хаттамалар

 

 

 

Компьютерлік желідегі қауіпсіздік

 

 

 10.5.2.1 — желілік компоненттерді атау және олардың қызметін сипаттау (желілік түйіндер (узлы), маршрутизатор, коммутатор);

10.5.3.1 — “клиент” және “сервер” ұғымдарын сипаттау;

10.5.3.2 — “Клиент-Сервер” моделінің кемшіліктері мен ерекшіліктерін атау;

10.5.1.1 — IP –адрестің жазылуы мен қызметтерін, ұсынылуын түсіндіре алу;

10.5.1.2 — интернетте жұмыстың мәнмәтініндегі ресурсттардың бірынғай көрсеткіштік ролін түсіндіре алу  (URL);

10.5.1.3 — (DNS) домен аттар жүйесінің қызметтерін сипаттау;

10.5.1.4 — (TCP/IP, HTTP, FTP, POP, SMTP) желілік протоколдардың қызметтерін түсіндіре алу;

10.5.4.1 — компьютерлік жүйелердін қауіпсіздігін қамтасыз ететін шаралардың қажеттілігін түсіндіру;

10.5.4.2 — мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылатын шараларды сипаттау: деректердің сақтық көшірмесі.

4В Алгоритмдеу және программалау

 

Мобильді  қосымшаларды құру 10.4.4.1 — қосымшалар конструкторының негізгі компоненттерін қолдана отырып мобильді қосымшаның интерфейсін құру;

10.4.4.2 — мобильді қосымша құру барысында компоненттердің қасиеттерін қасиеттер терезесі арқылы және/немесе код блоктары көмегімен өзгерту;

10.4.4.3 — қарапайым код блоктарын қолдана отырып мобильді құрылғыларға қосымша құру.

4С Робототехника

 

Роботтардың  негізгі  функционалдық мүмкіндіктері

 

Қарапайым механизм-дерді құрастыру сызбасы (тетіктер, ұстау механизмдері және т.б.)

 

Сызықтық алгоритм-дерді жүзеге асыру

 

Тармақталған және циклдік алгоритмдерді құрастыру

10.7.1.1 — сенсорлар, датчиктер, моторлар мен контроллерлердің қажеттілігін түсіндіру;

10.7.1.2 — контроллер арқылы моторлар мен датчиктерді іске қосу;

10.7.2.1 — роботтарды жинау барысында  қарапайым механизмдер схемаларын қолдану;

10.7.3.1 — қимылдарды программалау барысында есеп формулаларын қолдану (тіке жүріс және бұрылу);

10.7.3.2 — датчиктердің анықталған көрсеткіштері  бойынша механизмерді іске қосу үшін тармақталу және циклдік алгоритмдерді қолдану.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *