Жаңа бағдарлама Информатика 10 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар Қоғамдық-гуманитарлық бағыты ҚГБ 2018-2019 жыл

Жалпы орта білім беру деңгейінің

10-сыныптарына арналған

«Информатика» оқу пәнінен жаңартылған

мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына

қосымша

 

Ұзақ мерзімді жоспар

10-сынып

Бөлімдер Тақырыптар, мазмұны Оқыту мақсаттар
1-тоқсан
10.1А  Компьютерлік жүйе

 

Перифериялық құрылғылар 10.1.1.1 — перифериялық құрылғыларды қосу және баптау;
Программалық қамтамасыз етуді жіктеу 10.1.2.1 — қолданбалы программалық қамтамасыз ету түрлері бойынша, таратылу тәсілі бойынша жіктеу;

10.1.2.2 —  түрлі операциялық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін атау.

10.1В Ақпарат қауіпсіздігі Ақпаратты қорғау 10.1.3.1 — “ақпараттық қауіпсіздік”, “құпиялылық” және “мәліметтердің біртұтастығы” түсініктерін сипаттау;

 

10.1.3.2 — қауіпсіздік шараларын, деректерді резервтік көшіру, шифрлауды, айнабетіндегідей көшірмелеу (зеркалирование) ұғымдары арқылы  сипаттау;

10.1.3.3 — деректерді қорғау тәсілдерін қолдану туралы дәлел келтілу.

10.1С Дизайн теориясы Веб-сайтты жобалау 10.2.1.1 — “дизайн” және “қолайлылық” түсініктерін суреттеу;

10.2.1.2 — ақпаратты қабылдау қағидаларының жобада қалай жүзеге асыруға болатынын түсіндіру.

10.1D Графикалық нысандар Кодтау 10.3.1.1 — растрлы суреттерді екілік санау жүйесінде көрсету;
Компьютерлік  графиканың форматы 10.3.1.2 — графикалық файлдар форматтары арасындағы айырмашылықты түсіндіру (bmp, jpg, png және т.б.);

10.3.1.3 — графикалық файлдарды конверсиялаудың қажеттігін түсіндіру;

Логотип 10.2.2.1 — берілген параметрлер бойынша графикалық нысанды құру (логотип, баннер, веб-бетке арналған батырма, текстура және т.б.).

 

2-тоқсан
10.2А Сайт құрастыру Анимация 10.2.2.2 — кілттік кадрлер бойынша анимацияланған баннер құру;
Веб-сайт 10.2.1.3 — «жақсы дизайн» қағидаларын жүзеге асыру (қарапайымдылық, қолайлылық және т.б.);

10.2.3.1 — HTML құжаттың құрылымын түсіндіру;

10.2.3.2 — веб-редакторда веб-парақ құру;

10.2.3.3 — веб-сайтқа графикалық нысандарды және анимация енгізу (логотип, баннер және т.с.с.);

10.2.1.4 — өз жобасының негізінде программалық қамтамасыз етуді құру кезеңдерін түсіндіру және орындап шығу;

Жариялау 10.2.3.3 — веб-сайтқа графикалық нысандарды және анимация енгізу (логотип, баннер және т.с.с.).
3-тоқсан
10.3А Ақпараттық жүйе ДҚБЖ 10.2.4.1 — бір кестелі  деректер қорын құру;

10.2.4.2 — деректер қорындағы деректерді сұрыптау және сүзгіден өткізу;

10.2.4.3 — деректерді енгізу формасын құру;

10.2.4.4 — деректер қорына сұраныстар құру;

10.2.4.5 — алынған деректерді қолданып, есептер құру;

10.2.4.6 — алғашқы кілт деректер қорында қалай қолданылатынын түсіндіру;

Эксперттік жүйелер 10.3.2.1 — жасанды интеллект және эксперттік жүйелер туралы түсінік беру (анықтамасы, қолдану облысы);

10.3.2.2 — эксперттік жүйелерді қолдану.

10.3В Мобильдік қосымшалар Мобильдік қосымшалар

құру

10.4.1.1 — негізгі компоненттерді қолдана отырып мобильді қосымшаның интерфейсін құру;

10.4.1.2 — компоненттердің қасиеттерін қасиеттер терезесі арқылы және/немесе код блоктары көмегімен өзгерту;

10.4.1.3 — код блоктарын қолдана отырып мобильді құрылғыларға қосымша құру;

10.2.3.4 — жоба нәтижелерін жариялау және тарату үшін жергілікті желі немесе интернетті қолдану.

4-тоқсан
10.4А

Оқыту ойындары

2D ойындарды құрастыру 10.4.2.1 — екі өлшемді кеңістікте фондық сурет (сахна) құру;

10.4.2.2 — ойын құрастыру үшін қолдануға арналған нысандар (спрайт) кескінін салу;

10.4.2.3 — спрайттарды басқаратын қарапайым скрипттар жазу;

10.4.2.4 — қосымшаға дыбыстық сүйемелдеу қосу;

10.4.2.5 — жаттықтырушы 2D мини қосымшасын құру;

10.2.3.4 — жоба нәтижелерін жариялау және тарату үшін жергілікті желі немесе интернетті қолдану.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *