Жаңа бағдарлама Информатика 11 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар Жаратылыстану-Математика бағыты ЖМБ 2018-2019 жыл

Жалпы орта білім беру деңгейінің

11-сыныптарына арналған

«Информатика» оқу пәнінен жаңартылған

мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына

қосымша

Ұзақ мерзімді жоспар

 

11- сынып

 1-тоқсан
Бөлім Тақырыптар Оқыту мақсаттары
1 А  Аппараттық және программа-лық қамтамасыз ету Виртуалды жады

 

Жүйелік  блокты  жинау

 

Мобильді құрылғылар

 

БҚ жіктелуі

 

Қолданушы интерфейсі

 

 

БҚ таңдау

 

11.1.1.1 — виртуалды жадының қызметін сипаттау;

11.1.1.2 — виртуалды жад көмегімен амалдық жүйе қалай жадты басқаратынын түсіндіре алу;

11.1.1.3 — жүйелік блокты сәйкес құрауыштармен жинастыруды көрсету;

11.1.1.4 —  мобильді құрылғылардың негізгі құрауыштарының сипаттамасын түсіндіре алу (планшеттер, телефондар);

11.1.2.1 — программалық қамтамасыз етулерді меншік құқығы, қолдануы және тарату әдістері бойынша жіктеу;

11.1.2.2 — қолданушы интерфейстерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін атау (графикалық интерфейс және командалар жолы интерфейсі);

11.1.2.3 — нақты мақсаттарға

программалық қамтамасыз етуді таңдау критерийлерін сипаттау.

1В Деректерді ұсыну Санау жүйелері

 

Оналтылық санау жүйесі

 

Логикалық функциялар мен  логикалық сызбалар

 

Бульдік вентильдер

 

Графикалық ақпараттарды сығу әдістері

11.2.1.1 — екілік кодты компьютерде қолдану мақсатын негіздеу;

11.2.1.2 — ондық оң сандарды оналтылық санау жүйесінде көрсету;

11.2.2.1 — буль алгебрасын пайдаланып логикалық сызбаларды  / өрнектерді жеңілдету;

11.2.2.2 — логикалық  өрнектерді логикалық сызбаға және керісінше ауыстыру;

11.2.2.3 — бульдік вентильдердің негізгі қызметін түсіндіре алу;

11.2.3.1 — графикалық ақпараттарды сығу әдістерін салыстыру (жойылусыз және жойылумен сығу алгоритмдері);

11.2.3.2 — графикалық (bmp, jpg) және дыбыстық (wav, mp3) форматтардың айырмашылығын түсіндіру.

1C Алгоритмдеу және программалау

 

 

Транслятордың түрлері

 

Бинарлы іздеу  алгоритмі

 

Бинарлы іздестіруді жүзеге асыру

11.4.1.1 — программалық кодты тестілеу кезінде транслятор түрін таңдауды негіздеу;

11.4.2.1 — блок-схем түрінде бинарлы іздестіру алгоритмін жазу;

11.4.3.1 — нақты тапсырманы орындау үшін екілік (бинарлы) іздестірудің программалық кодын жазу.

1 D Жоба құру

 

Мини жоба жасау.  Мәселелерді сипаттау, зерттеу,  анализ жасау 11.8.1.1 — программалық қамтуды құрудың өмірлік циклының  барлық кезеңдерін  жоба құруда қолдану.
2-тоқсан
2А Ақпараттық  және программа-лық қамту Екі өлшемді массив

 

Қолданушы функциялары мен процедураларын қолдану

11.4.3.2 — түрлі деректер типі үшін екілік массивтерді қолданып программалық код жазу;

11.4.3.5 — бағдарлама кодын тиімді ету жолдарын ұсыну.

 

2В Ақпараттық жүйелер

 

 

Қарапайым формалар

3NF келтіру

 

 

Мазмұн-байланыс сызбасы

11.3.2.1 — көпкестелі мәліметтер қорында бірінші, құрамдас және сыртқы кілтті анықтау;

11.3.2.2 — қарапайым реляциялық мәліметтер қорын үшінші қалыпты пішінге келтіру (3NF);

11.3.1.1 — көпкестелі мәліметтер базасын құру;

11.3.1.2 — үшінші қалыпты формадағы қарапайым реляциялық кесте құру (3NF);

11.3.1.3 — мазмұн-байланыс сызбасын құру (ER).

1С Жоба құру Мини жоба құру. Жобалау 11.8.1.1 — программалық қамтуды құрудың өмірлік циклының  барлық кезеңдерін  жоба құруда қолдану.
3-тоқсан
3 А  Алгоритмдеу және программалау

 

Прототиптеу

WYSIWYG

 

Мәліметтер қорының WEB — парағымен байланыс

 

SQL сұраныстар

11.8.1.2 — прототиптерді қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін  талқылау;

11.4.3.3 — мәліметтер қорының WEB — парағымен байланыс орнату;

11.4.3.4 — SQL сұраныстарын өңдеу үшін программалық код жазу;

11.3.3.1 — бір немесе бірнеше кестедегі деректерді ЖАҢАРТУ (ОБНОВИТЬ), КІРІСТІРУ (ВСТАВИТЬ) және ӨШІРУ (УДАЛИТЬ) үшін құрылымдық сұраныстар тілін (SQL) қолдану;

11.3.3.2 — сұраныстар көмегімен мәліметтер қорындағы ақпаратты өңдеуді ұйымдастыру.

3 В  Жоба құру Мини жоба құру. 11.8.1.1 — программалық қамтуды құрудың өмірлік циклының  барлық кезеңдерін  жоба құруда қолдану.
3С Микроэлектро-ника негізі Электрондық құрылғының схемаларын құру принциптері

 

Электрондық құрылғыларының схемалары

11.6.1.1 — микросхемалардың негізгі құру принциптерін сипаттау;

11.6.2.1 — электрондық құрылғының схемаларын түсіндіру;

11.6.2.2 — берілген схемаларды есептің шартына байланысты дамыту;

11.6.2.3 — өзгертілген шарттарға байланысты программалық кодты бейімдеу;

11.6.2.4 — микроконтроллерлерді бақылау үшін код жазу, дербес түрде қателерді тауып түзету.

4-тоқсан
4А Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік Желілік шлюз

 

Клиент-сервер моделі

 

 

Ішкі желінің маскасы

 

 

Желілік протоколдар

 

 

Компьютерлік желілерді модельдеу

 

 

Мәліметтерді қорғаудың жолдары

 

Ақпараттарды қорғаудың құқықтық заңдары

11.5.1.1 — Интернет желісіне қол жеткізу үшін шлюзды қолдану қажеттілігін түсіндіру;

11.5.2.1 —  клиент-сервер моделін қолданатын қосымшалар мысалдарын келтіру;

11.5.2.2 — веб-парақтарын қолдануда браузер мен Интернет серверлердің ролін түсіндіру;

11.5.3.1 — желі мен хостты анықтау үшін IP адрес және ішкі желінің маскасын талдау;

11.5.3.2 — http және https протоколдарын салыстыру;

11.5.1.2 — берілген мәліметтердің қолдануымен қарапайым желі құру (виртуалды, Packet Tracer);

11.5.4.1 — қауіпсіздік шаралардің қолдануын түсіндіру (пароль, тіркелу жазулар, аутентификация мен биометрия, сандық қолтаңба);

11.5.4.2 — ақпаратты немесе зияткерлік меншікті қорғау заңдарының (авторлық құқықты қорғау туралы, ақпарат туралы, электронды құжатпен электронды сандық қолтаңба туралы за туралы заңдар) сақталуын дәйектеу.

4В Алгоритмдеу және программалау

 

Мобильді қосымша құру 11.4.4.1 — тармақталған және циклдік алгоритмдерді пайдаланып мобильді құрылғылар үшін  қосымша құру.
4С Робототехника

 

Күрделі механизмдер-ді құрастыру сызбалары

 

Қозғалысты  программалаудағы математикалық формулалар

Программалауда мәліметтер типін қолдану

Аралас блоктар мен командалар

11.7.2.1 —  роботтарды жинау барысында қосымша тігіршігі және тетігі бар күрделі механизмдер  схемаларын қолдану;

11.7.1.1 — робототехниканың даму перспективасы және оны қолдану салалары туралы пайымдау;

11.7.3.1 — сызық бойымен қозғалысты программалауда математикалық формулаларды қолдану;

11.7.3.2 — сандық және  логикалық  типті айнымалылар мен массивтерді қолдану;

11.7.3.3 — қүрделі аралас блоктар мен командаларды қолдану.

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *