Жаңа бағдарлама Информатика 11 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар Қоғамдық-гуманитарлық бағыты ҚГБ 2018-2019 жыл

Жалпы орта білім беру деңгейінің

11-сыныптарына арналған

«Информатика» оқу пәнінен жаңартылған

мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына

қосымша

 

11-сынып

Бөлімдер Тақырыптар, мазмұны Оқыту мақсаттар
1-тоқсан
11.1А Компьютерлік жүйе Утилиттер 11.1.2.1 — операциялық жүйенің утилиттерін қолдану;
Мобильді құрылғылар 11.1.1.1 — мобильді құрылғылардың аппараттық қамтамасыз етудің негізгі компоненттерін атау және олардың қызметін түсіндіре алу (планшеттер, телефондар).
11.1В Ақпаратты беру жолдары Дыбыстық ақпаратты өңдеу 11.3.1.1 — дыбыстық файлдардың  форматтары арасындағы айырмашылықты түсіндіру  (mp3, wav және т.б.);

11.3.1.3 — дыбыстық және бейне файлдарды конверсиялаудың және кодектерді қолданудың  қажеттігін түсіндіру;

Видео ақпаратты өңдеу 11.3.1.2 — бейне файл форматтары арасындағы айырмашылықты түсіндіру (avi, wmv және т.б.);

11.3.1.3 — дыбыстық және бейне файлдарды конверсиялаудың және кодектерді қолданудың  қажеттігін түсіндіру;

11.2.2.1 — бейне түсіру мен монтаж жасаудың негізгі қағидаларын сақтау;

11.2.2.2 — өз сценариі бойынша, дыбыс, сурет, эффекттер және мәтін қосу арқылы, бейнеклипті монтаждау;

11.2.2.3 — бейнеклиптермен жұмыс жасайтын бағдарламалардың мүмкіндіктерін салыстыру;

11.2.3.5 — жоба нәтижелерін жариялау және тарату үшін файл алмастыру бағдарламаларын қолдану.

2-тоқсан
11.2А Сайт құрастыру Сайт дизайнын құру 11.2.1.1 — визуалды дизайнды түрлері бойынша жіктеу;

11.2.1.2 — веб-эргономика ерекшеліктерін есепке ала отырып, графикалық редакторда сайттың дизайн-макетін құру;

11.2.1.3 — өз жобасын құру кезеңдерін сипаттау;

Сайт құру 11.2.3.1 — сайт конструкторын қолдана отырып веб-сайт құру;

11.2.3.2 — веб-парақта мультимедианы орналастыру (дыбыс пен бейне);

11.2.3.3 — веб-сайт құру әдістерін салыстыру;

Интернетте жариялау 11.2.3.4 — сайтты жылжыту әдістерін сипаттау;

11.2.3.5 — жоба нәтижелерін жариялау және тарату үшін файл алмастыру бағдарламаларын қолдану.

3-тоқсан
11.3А Шынайы мәселелерді шешу ДҚБЖ-де жоба 11.2.4.1 — екінші реттегі кілт, сыртқы кілт және құрылымдық кілттер деректер қорында қалай қолданылатынын түсіндіру;

11.2.4.2 — үшінші нормалы формаға келтірілген көп кестелі деректер қорын құру;

11.2.4.3 — кестелер арасында байланыс орнату;

11.2.4.4 — МБ-ын түрлі мәселелерді шешуде қолдану;

11.2.4.5 — бір немесе бірнеше кестеден деректерді таңдау үшін логикалық операцияларды қолдану;

11.2.1.3 — өз жобасын құру кезеңдерін сипаттау;

Мобильді қосымша құру 11.4.1.1 — мобильді қосымшаға ыңғайлы интерфейс құру;

11.4.1.2 — шарт және цикл код блоктарын қолдана отырып мобильді қосымша құру;

11.4.1.3 ұялы қосымшаны құрудың кезеңдеріне сәйкес орындау.

4-тоқсан
11.4А

Үшөлшемді редакторда жұмыс

Виртуалды тур 11.4.2.1 — үш өлшемді кеңістікте фон (сахна) құру;

11.4.2.2 — 3D-галереясын құру кезінде көріністі (ландшафты) өзгерту мүмкіндігін пайдалану;

11.4.2.3 — бірінші жақтан көріністі 3D-галерея құру.

11.4 В Ақпараттық қоғам Ақпараттық технологияның дамуының заманауи тенденциялары 11.3.2.1 — ақпараттық технологияның дамуының заманауи тенденцияларын сипаттау;
Ақпараттық қауіпсіздік 11.1.3.1 — ақпаратты немесе зияткерлік меншікті қорғау туралы заңдардан аргументтік дәлелдемелер келтіру (авторлық құқық туралы, ақпарат туралы, электрондық құжат және электрондық сандық қолтаңба туралы заңдар);

11.1.3.2 — электрондық сандық қолтаңбаның және сертификаттың міндеттерін сипаттау;

11.1.3.3 — электрондық сандық қолтаңбаны электронды үкімет сайтында қолдану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *