Жаңа бағдарлама Информатика 7 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар 2018-2019 жыл

Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-сыныптарына арналған

«Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар

 

7-сынып:

 

Бөлімдер Тақырыптар, мазмұны Оқыту мақсаттары. Білім алушылар тиісті:
1-тоқсан
Ақпаратты өлшеу және компьютер жадысы

 

Ақпараттың өлшем бірліктері 7.2.1.1 — ақпараттың өлшем бірліктерін атап өту;

7.2.1.2 — ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірліктеріне ауыстыруды жүзеге асыру;

Компьютерлік жады 7.1.1.1 — компьютердің жады түрлерінің қызметін (жедел сақтау құрылғысы, тұрақты сақтау құрылғысы, сыртқы сақтау құрылғысы, кэш – жады) сипаттау;
Файлдардың көлемі 7.1.2.3 — бірдей ақпарат сақталған әртүрлі пішімдегі файлдардың көлемін салыстыру;

7.1.2.2 — әртүрлі пішімдегі мұрағаттарды құру және мұрағаттан шығару.

Желілер және қауіпсіздік Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі 7.1.3.1 — компьютерлік желілерді топтастыру;
Вирусқа қарсы қауіпсіздік 7.4.2.1 — компьютерді зиянды программалардан қорғау.
2-тоқсан
Есептерді электронды кестелердің көмегімен шешу Мәтіндік процессордағы кестелер 7.2.2.1 — мәтіндік процессорда кесте элеметтерін пішімдеу;
Электронды кестелердің элементтерін пішімдеу 7.2.2.2 — электронды кесте элементтерін пішімдеу;
Мәліметтер пішімі 7.3.3.1 — деректердің типін жіктеу;
Шартты пішімдеу 7.2.2.4 — электронды кестеде шартты пішімдеуді қолдану;
Кестелі мәліметтердің графикалық ұсынылуы 7.2.2.3 — электронды кестеде диаграммалар құру;
Процесстерді электронды кестелерде модельдеу 7.2.2.2 — электронды кесте элементтерін пішімдеу;

7.3.3.1 —  деректердің типін жіктеу;

7.2.2.4 — электронды кестеде шартты пішімдеуді қолдану;

7.2.2.3 — электронды кестеде диаграммалар құру.

3-тоқсан
Шешімдерді программалау Программалау тілдері 7.1.2.1 — «программалау жүйесі» және «программалау тілдері» ұғымдарын ажырата білу;
Программалау жүйелері 7.1.2.1 — «программалау жүйесі» және «программалау тілдері» ұғымдарын ажырата білу;
Мәліметтер типтері 7.3.3.1 —  деректердің типін жіктеу;
Шешімдерді программалау Жобаның интерфейсі 7.4.1.1 — жасалатын жобаның интерфейсін құру талаптарын орындау;
Сызықтық алгоритмдерді программалау 7.3.2.1 — алгоритмді программалау тілінде жазу;

7.3.3.2 — сызықтық және тармақталу алгоритмдерін программаны өңдеудің кіріктірілген ортасыңда (С/С++, Python, Delphi, Lazarus) жазу;

Тармақталу алгоритмдерін программалау 7.3.2.1 —  программалау тілінде алгоритмді жазу;

7.3.3.2 — сызықтық және тармақталу алгоритмдерін программаны өңдеудің кіріктірілген ортасыңда (С/С++, Python, Delphi, Lazarus) жазу;

Кірістірілген шарттарды

программалау

7.3.2.1 —  программалау тілінде алгоритмді жазу;

7.3.3.2 — сызықтық және тармақталу алгоритмдерін программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында (С/С++, Python, Delphi, Lazarus,  Pascal ABC) жазу;

Құрамды шарттарды программалау 7.3.2.1 —  алгоритмді программалау тілінде жазу;

7.3.3.2 — сызықтық және тармақталу алгоритмдерін программаны өңдеудің кіріктірілген ортасыңда (С/С++, Python, Delphi, Lazarus) жазу.

4-тоқсан
Нысандар мен оқиғаларды модельдеу Үш өлшемді модельдер 7.3.1.1 — нысандар мен оқиғалардың 3D моделін құру;
Редакторға кіріктірілген нысандар 7.3.1.1 — нысандар мен оқиғалардың 3D моделін құру;
Нысандардың үш өлшемді модельдері 7.3.1.1 — нысандар мен оқиғалардың 3D моделін құру;
Оқиғалардың үш өлшемді модельдері 7.3.1.1 — нысандар мен оқиғалардың 3D моделін құру.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *