Жаңа бағдарлама Көркем еңбек 8 сынып Ұлдар ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар 2018-2019 жыл

Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-сыныптарына арналған

«Көркем еңбек» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша

ұзақ мерзімді жоспар

 

  • 8-сынып (ұлдар):

 

Оқу жоспарындағы ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны Оқу мақсаттары. Білім алушылар білуге тиісті
1-тоқсан
Сәндік қолданбалы өнер Мозаика өнері. Мозаика орындаудың түрлері мен техникалары 8.3.2.1-Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы идеялары мен тақырыптарды талдау мен бағалау жүргізу үшін критерийлерді қолдану
8.3.3.1-Жасалған өнімнің (шығармашылық жұмыс) сапасын қолданылған әдіс-тәсілдерін бағалау және талдау үшін критерийлерді  қолдану
Мозаикалық панноға арналған негіз дайындау. Нобай және материалды таңда 8.1.5.2-Әртүрлі графика тәсілдерін қолданып, бұйым дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтай отырып (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолданып), графикалық және технологиялық құжаттар дайындау.
Мозаика панносын орындау 8.1.6.4-Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі технологиялар мен өнер материалдарын өз бетінше анықтау, таңдау және біріктіру
8.2.1.1-Күрделі шығармашылық  идеялары мен сезімдерін білдіру үшін өз бетінше өнердің көркем құралдарын анықтау, таңдау және қолдану
Көркемдеп безендіру мен жұмыстарын таныстыру. 8.3.1.1-Онлайн платформадағы ауқымды аудитория алдында дайын жұмыстарды қорғау және оны ұсыну (онлайн форумдар, әлеуметтік желілерде)
2-тоқсан
Дизайн және технология Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен танысу 8.1.2.1-Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн  туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін көрсету
Қазақ халқының тұрмыстық заттарының орындалу техникасы мен материалдарын (торсық, дөңгелек үстел) зерделеу. 8.1.6.1-Жобалау объектісінің қолданылу мақсаты мен ерекшелігін ескере отырып, өңдеудің конструкциялық, табиғи, жасанды материалдары мен әдістерін негіздеп таңдау
Идеяларды талдау және нобайды орындау. Жұмысты жоспарлау 8.1.5.1- Функционалды (техникалық), эстетикалық, эргономикалық және  экологиялық талаптарға сай нысан дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау

 

8.1.4.1-Болашақ іс-әрекеттерін анықтауда өздерінің алған білімдері мен  тәжрибесін қолдана отырып шығармашылық әркеттерін жоспарлайды
Материалдарды өңдеу. Бұйымды дайындау 8.2.2.1-Заманауи технологиялық машиналарда конструкциялық материалдарды өңдеу бойынша күрделі операцияларды орындау
8.2.3.1-Қол, механикалық құрал-жабдықтарын қолдана отырып, бұйымдардың функционалдық және эстетикалық сапасын арттыру үшін материалдарды өңдеу мен безендіру әдістерін анықтау, пайдалану

8.2.3.2-Өз бетінше дайындаған технологиялық құжатпен күрделі бұйым (кешенді, фасонды) жасау

8.2.3.3-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

8.2.6.1-Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану
Көрме ұйымдастыру және жұмысты қорғау 8.3.1.1-Онлайн платформадағы ауқымды аудитория алдында дайын жұмыстарды қорғау және оны ұсыну (онлайн форумдар, әлеуметтік желілерде)
3-тоқсан
Дизайн және   технология Үстел ойыны. Шығу тарихы 8.1.2.1-Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн  туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін көрсету
Үстел ойынының тұжырымдамасы 8.1.4.2-Зерттеу нәтижелері негізінде тұтынушылардың өнімнің түрлеріне деген қажеттілігін анықтау
8.1.5.1- Функционалды (техникалық), эстетикалық, эргономикалық және  экологиялық талаптарға сай нысан дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау

 

Үстел ойынын дайындау. Графикалық құжаттама 8.1.5.2-Әртүрлі графика тәсілдерін қолданып, бұйым дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтай отырып (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны  қолданып), графикалық және технологиялық құжаттар дайындау.
Үстел ойының бөлшектерін дайындау. Көркемдеп безендіру 8.1.6.2-Бұйымды дайындау мен безендіру үшін заманауи және дәстүрлі емес  материалдардың тиімді қолданылуын түсіне отырып өздігінен таңдау
8.2.3.1-Қол, механикалық құрал-жабдықтарын қолдана отырып, бұйымдардың функционалдық және эстетикалық сапасын арттыру үшін материалдарды өңдеу мен безендіру әдістерін анықтау, пайдалану
Ойынды тестілеу.

Сауалнама және ақпараттар жинау

8.3.4.1-Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда

қолданылған идеяларды талдауда және бағалауда негізінделген  сыни ұсыныстар жасау

Жұмысты қорғау. 8.3.1.1-Онлайн платформадағы ауқымды аудитория алдында дайын жұмыстарды қорғау және оны ұсыну (онлайн форумдар, әлеуметтік желілерде)
4-тоқсан
Үй мәдениеті Агротехнологияның дамуындағы ғылымның рөлі (өздігінен ізденіс зерттеулері) 8.2.5.1-Ауылшаруашылық өндірісінің дамуындағы әдіс-тәсілдерді талқылау және бағалау
8.1.3.1-Шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы)
Электрқұрылғылар мен тұрмыстық техникаларды таңдау және бағалау 8.2.5.-Тұрмыстық техника мен электр жабдықтарының эстетикалық, эргономикалық және эксплуатациялық сапаларын салыстру мен бағалау
8.1.3.1-Шығармашылық идеяларды  дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы)
Бөлменің жөндеу жұмыстарына арналған заманауи материалдар мен құрал-жабдықтар (тәжірибелік жұмыс) 8.2.5.3-Тұрмыста жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында ақауларды жоюдың тиімді тәсілдерін табу

8.2.5.4- Тұрмыста жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында заманауи материалдар мен құрал-саймандарды (қол және электрлік

) қолдану

8.2.6.1-Қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне  және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

8.2.6.2-Құралдар-жабдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу туралы ескертпе парағын құру

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *