Жаңа бағдарлама Математика 5 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар 2018-2019 жыл

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-сыныптарына арналған «Математика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар

 

5-сынып

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Ұзақ мерзімді жоспар

бөлімінің мазмұны

Оқыту мақсаттары
1-тоқсан
Натурал сандар және нөл саны

 

Натурал сандаржәне нөл 5.1.1.1 — натурал сандар жиыны ұғымын меңгеру;

5.1.1.2 — тақ және жұп сандар ұғымдарын меңгеру;

Координаталық сәуле. Натурал сандарды салыстыру. Қос теңсіздік 5.3.1.1 — өлшеудің түрлі ұзындық бірліктерін білу және координаталық сәуледегі бірлік кесінді дегенді түсіну;

5.5.2.2 — натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндеу;

5.1.2.1 — натурал сандарды салыстыру, сонымен қатар координаталық сәуленің көмегімен салыстыру;

5.5.2.6 – натурал сандарды салыстырудың нәтижесін  белгілері арқылы жазу;

5.5.2.7 — натурал сандарды салыстыру мен реттеуді талап ететін жағдайды зерттеу;

Арифметикалық амалдардың қасиеттері. Натурал сандарға арифметикалық  амалдар қолдану 5.1.2.2 — амалдар саны төрттен артық болатын жақшамен және жақшасыз берілген санды өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтау және  мәндерін табу;

5.1.2.3 — санды өрнектердің мәндерін табу үшін көбейту мен қосу амалдарының қасиеттерін қолдану;

Санды және әріпті өрнектер, олардың мәндері. Өрнектерді ықшамдау 5.2.1.1 — қосу және көбейту амалдарының қасиеттерін қолданып, әріпті өрнектерді түрлендіру;

5.2.1.2 — әріптердің берілген мәндері бойынша әріпті өрнектердің мәндерін табу;

Теңдеу. Теңдеудің түбірі. Теңдеуді шешу. 5.2.2.1 — арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережесі негізінде теңдеулерді шешу;

5.2.2.2 — теңдеудің шығарылуының дұрыстығын тексеру тәсілдерін қолдану;

Формула. Формула арқылы есептеу. Мәтінді есептерді шығару. Натурал сандардан тұратын сандар тізбегі 5.5.1.1 — натурал сандарға арифметикалық  амалдар қолдана отырып, мәтінді есептерді шығару;

5.5.1.8 — әріпті өрнектерді құру және оларды есептер шығаруда қолдану;

5.5.1.9 — мәтінді есептерді шығару үшін формулаларды қолдану;

5.2.3.1 — натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын   анықтау;

5.2.3.2 — натурал сандар тізбегінің жеткіліксіз элементтерін табу;

5.2.3.3 — натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын құрастыру және тізбектерді жазу;

Натурал сандардың бөлінгіштігі Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері 5.1.1.5 — натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу;

5.1.2.8 — натурал сандардың бөлгіштерін табу;

5.1.2.9 — натурал сандардың еселіктерін табу;

Жай және құрама сандар 5.1.1.6 — жай және құрама сандардың анықтамаларын білу;
Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері 5.1.2.10 — көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау;

5.1.2.11 — қосындының және айырымның берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау;

2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері 5.1.2.5 — натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану;

5.1.2.6 — натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану;

Дәреже 5.1.1.3 — натурал сан дәрежесінің анықтамасын  білу;

5.1.1.4 — натурал санды ондық жазылу түрінде көрсету;

5.1.2.4 — бірдей сандардың көбейтіндісін дәреже түрінде жазу;

Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу 5.1.2.7 — құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу;
Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік 5.1.1.7 — ортақ бөлгіш, ортақ еселік,  ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ), ең кіші ортақ еселік ( ЕКОЕ) ұғымдарының анықтамаларын білу;

5.1.2.12 — екі және одан артық сандардың  ЕҮОБ-ін және ЕКОЕ-ін табу;

5.1.1.8 — өзара жай сандардың анықтамасын білу;

5.5.1.2 — мәтінді есептерді шығаруда ЕҮОБ және ЕКОЕ қолдану;

Жай бөлшектер Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу 5.1.1.9 — жай бөлшек ұғымын меңгеру;

5.5.2.1 — жай бөлшектерді оқу және жазу;

Жай бөлшектің негізгі қасиеті 5.1.2.14 — жай бөлшектерді қысқартуда бөлшектің негізгі қасиетін қолдану;

5.1.2.15 — жай бөлшекті жаңа бөлімге келтіру;

Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер 5.1.1.10 — дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату;
Аралас сандар 5.1.1.11 — аралас сан анықтамасын білу;

5.1.2.13 — бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке  айналдыру;

Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу 5.5.2.3 — жай бөлшектерді,аралас сандарды  координаталық сәуледе кескіндеу;
2-тоқсан
Жай бөлшектерге амалдар қолдану Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру. Жай бөлшектерді және аралас сандарды салыстыру 5.1.2.16 — жай  бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру; жай  бөлшектерді, аралас сандарды салыстыру;
Жай бөлшектерді косу және азайту 5.1.2.17 — бөлімдері бірдей бөлшектерді  қосу және азайтуды орындау;

5.1.2.18 — бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;

Аралас сандарды қосу. Аралас сандарды азайту 5.1.2.19 — натурал саннан жай бөлшекті азайтуды орындау;

5.1.2.20 — аралас сандарды қосу және азайтуды орындау;

Жайбөлшектерді және аралас сандарды көбейту.Өзара кері сандар 5.1.2.21 — жай бөлшектерді, аралас сандарды көбейтуді орындау;

5.1.1.12 — өзара кері сандар анықтамасын білу;

5.1.2.22 — берілген санға кері санды табу;

Жай бөлшектерді және аралассандарды бөлу 5.1.2.23 — жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау;
3-тоқсан
Мәтінді есептер Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер 5.1.2.24 — санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу;

5.5.1.4 — санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды немесе шаманы табуға арналған есептерді құрастыру және шығару;

Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер 5.5.1.3 — жай бөлшектерге  арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару (мысалы, бірлесіп жұмыс жасауға қатысты есептер және тағы басқа);
Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру 5.1.1.13 — ондық бөлшек ұғымын меңгеру;

5.5.2.5 — ондық бөлшектерді оқу және жазу;

5.1.1.14 — ондық бөлшек түрінде жазылған сандардың теңдігін түсіну, мысалы, 1,3 және 1,30;

5.1.2.25 — бөлшектерді бір  жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру;

Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру 5.5.2.4 — ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;

5.1.2.26 — ондық бөлшектерді салыстыру;

Ондық бөлшектерді қосу және азайту 5.1.2.27 — ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;
Ондық бөлшекті натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту 5.1.2.28 — ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау;
Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу 5.1.2.30 — ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау;
Ондық бөлшектерді 10; 100; 1000;… және 0,1; 0,01; 0,001;… сандарына көбейту және бөлу 5.1.2.29 — ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 және 0,1; 0,01; 0,001 көбейту ережелерін қолдану;

5.1.2.31 — ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 және 0,1; 0,01; 0,001 – бөлу ережелерін қолдану;

Ондық бөлшектерді дөңгелектеу 5.1.1.15 — санның жуық мәні ұғымын меңгеру;

5.1.2.32 — ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеу;

Мәтінді есептерді шығару. Бөлшектерден тұратын сандар тізбектері 5.5.1.5 — бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару;

5.2.3.4 — бөлшектерден тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтау;

5.2.3.5 — бөлшектерден тұратын тізбектердің заңдылықтарын құрастыру және тізбектерді жазу;

Жиын Жиын. Жиынның элементтері. Жиындарды кескіндеу 5.4.1.1 — жиын, оның элементтері, бос жиын ұғымдарын меңгеру;

5.5.2.8 — жиындармен жұмыс істеуде  имволдарын қолдану;

Жиындар арасындағы қатынастар. Ішкі жиын 5.4.1.4 — ішкі жиын ұғымын меңгеру;

5.4.1.5 — жиындар арасындағы қатынастардың сипаттамасын анықтау (қиылысатын және қиылыспайтын жиындар);

Жиындардың бірігуі мен қиылысуы 5.4.1.2 — жиындардың қиылысуы және бірігуі анықтамаларын білу;

5.4.1.3 — берілген жиындардың қиылысуы мен бірігуін табу, нәтижесін  символдарын қолданып жазу;

Мәтінді есептерді шығару 5.5.1.7 — Эйлер-Венн диаграммасын қолданып, есептер шығару;
4-тоқсан
Пайыз Пайыз 5.1.1.16 — пайыз ұғымын меңгеру;

5.1.2.33 — бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыру ;

Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу 5.1.2.34 — берілген санның пайызын табу;

5.1.2.35 — бір санның екінші санға пайыздық қатынасын және керісінше табу;

5.1.2.36 — берілген пайызы бойынша санды табу;

Мәтінді есептерді шығару 5.5.1.6 — пайызға байланысты мәтінді есептерді шығару;
Бұрыш.

Көпбұрыш

Бұрыш. 5.3.1.4 — бұрыш және оның градустық өлшемі ұғымдарын меңгеру, бұрыштарды белгілеу және салыстыру,

5.3.1.5 — бұрыштардың түрлерін ажырату (сүйір, тік, доғал, жазыңқы, толық );

5.3.3.1 — бұрышты транспортир көмегімен өлшеу;

5.3.3.2 — градустық өлшемі берілген бұрышты транспортир көмегімен салу;

5.3.3.3 — бұрыштың градустық өлшемін табуға, бұрыштарды салыстыруға берілген есептерді шығару;

Көпбұрыш 5.3.1.7 — көпбұрыш ұғымын меңгеру;
Диаграмма Шеңбер. Дөңгелек. Дөңгелек сектор 5.3.1.2 — шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері (центр, радиус, диаметр) ұғымдарын меңгеру;

5.3.1.3 — циркульдің көмегімен шеңберді салу;

5.3.1.6 — дөңгелек сектор ұғымын меңгеру;

Диаграмма 5.4.3.1 — дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар туралы түсініктері болу;

5.4.3.2 — дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар салу;

Статистикалық деректерді көрсету тәсілдері 5.4.3.3 — кесте немесе диаграмма түрінде берілген статистикалық ақпаратты алу;
Кеңістік фигураларының жазбалары Тік бұрышты параллелепипед (текше)  және оның  жазбасы 5.3.1.8 — тік бұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы туралы түсінігі болу;

5.5.2.9 — жазық фигуралардың және кеңістіктегі геометриялық фигуралардың жазбаларын салу (текше және тік бұрышты параллелепипед);

Фигураларды қиюға берілген есептер. Фигураларды құрастыруға берілген есептер 5.3.2.1 — фигураларды қию және құрастыру арқылы есептер шығару;
5-сыныптағы математика курсын қайталау

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *