Жаңа бағдарлама Математика 6 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар 2018-2019 жыл

Негізгі орта білім беру деңгейінің 6-сыныптарына арналған «Математика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар

 

  • 6-сынып
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны Оқыту мақсаттары
1-тоқсан
5-сыныптағы математика курсын қайталау
Қатынастар және пропорциялар Екі санның қатынасы. Екі санның пайыздық қатынасы 6.1.1.1 — екі санның қатынасы нені көрсететінін түсіну;

6.1.2.1 — сандардың қатынасы ұғымын меңгеру;

6.1.2.2 — берілген қатынасқа кері қатынасты табу;

6.5.2.1 — екі санның қатынасын оқу  және жазу;

Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті 6.1.2.3 — пропорция анықтамасын білу;

6.1.2.4 — пропорцияларды ажырату және құрастыру;

6.1.2.5 — пропорцияның негізгі қасиетін білу және қолдану;

6.5.2.2 — пропорцияны оқу және жазу;

Турапропорционалдық

тәуелділік. Керіпропорционалдық

тәуелділік

6.1.1.2 — қандай шамалар тура пропорционалды болатынын түсіну және оларға мысалдар келтіру, есептер шығару;

6.1.1.3 — қандай шамалар кері пропорционалды болатынын түсіну және оларға мысалдар келтіру,есептер шығару;

6.5.1.1 — шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді ажырату және шығару;

Мәтіндіесептердіпропорцияныңкөмегіменшығару 6.5.1.2 — пайызға берілген есептерді пропорция арқылы шешу;

6.1.2.6 — шамаларды берілген қатынаста бөлу;

6.1.2.7 — шамаларды берілген сандарға кері болатын пропорционал бөліктерге бөлу;

Масштаб 6.1.1.5 — масштаб ұғымын меңгеру;

6.5.1.3 — картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану;

Шеңбердің

ұзындығы. Дөңгелектің

ауданы. Шар. Сфера

6.3.3.2 — шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты сан екенін білу;

6.3.3.3 — шеңбер ұзындығының формуласын білу және қолдану;

6.3.3.4 — дөңгелек ауданының формуласын білу және қолдану;

6.3.1.7 — шар мен сфера туралы түсінігінің болуы

Рационал сандар және оларға амалдар қолдану Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар 6.1.1.4 — координаталық түзудің анықтамасын білу және координаталық түзуді салу;

6.1.1.7 — қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеру, оларды координаталық түзуде белгілеу;

Бүтін сандар. Рационал сандар 6.1.1.6 — бүтін сан ұғымын меңгеру;

6.5.2.3 — шамаларды сипаттау  үшін бүтін сандарды  қолдану;

6.1.1.8 — рационал сан ұғымын меңгеру;

6.1.2.9 — координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу;

6.1.2.11 — рационал сандардың ішкі жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеу;

Санның модулі 6.1.1.9 — санның модулі анықтамасын білу және оның мәнін табу;

6.2.1.11 —  өрнегінің геометриялық мағынасын түсіну;

6.3.3.1 — координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табу;

Рационал сандарды салыстыру 6.1.2.8 — бүтін сандарды салыстыру;

6.1.2.12 — рационал сандарды салыстыру;

Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу 6.1.2.10 — бүтін сандарды координаталық түзу көмегімен қосу және азайтуды орындау;
Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу. 6.1.2.13 — таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды орындау;
Рационалсандардыазайту. Координаталықтүзуденүктелердіңарақашықтығы. 6.1.2.14 — рационал сандарды азайтуды орындау;

6.1.2.24 — координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табу;

2-тоқсан
Рационал сандарға амалдар қолдану Рационал сандарды көбейту 6.1.2.15 — рационал сандарды көбейтуді орындау;
Рационал сандарды қосу мен көбейтудіңауыстырымдылықжәнетерімділікқасиеттері 6.1.2.17 — рационал сандарды қосу мен көбейтудің қасиеттерін қолдану;

 

Рационал сандарды бөлу 6.1.2.16 — рационал сандарды бөлуді орындау;
Рационал санды шексіз периодты ондық бөлшек түрінде беру. Шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. 6.1.2.18 — шектеулі ондық бөлшектер түрінде жазуға болатын жай бөлшектерді танып білу;

6.1.2.19 — рационал санды шектеусіз периодты ондық бөлшек түрінде көрсету;

6.1.2.20 — шектеусіз периодты ондық бөлшектің периодын табу;

6.1.2.21 — шектеусіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру;

Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану 6.1.2.22 — рационал сандармен арифметикалық амалдардыорындау
Мәтінді есептерді шығару 6.5.1.4 — рационал сандарды қолданып мәтінді  есептерді шығару;
Алгебрлық өрнектер Айнымалы. Айнымалысыбар өрнек 6.2.1.1 — алгебралық өрнек ұғымын меңгеру;

6.2.1.2 — айнымалылардың берілген рационал мәндері үшін алгебралық өрнектердің мәндерін есептеу;

6.2.1.3 — алгебралық өрнектегі айнымалының мүмкін мәндерін табу;

6.2.1.4 — айнымалылардың қандай мәндерінде алгебралық өрнектің практикалық есептер мәнмәтіндіде мағынасы бар болатынын  түсіну;

Жақшаларды ашу. Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру 6.2.1.5 — жақшаны ашу ережелерін білу;

6.2.1.6 — коэффициент, ұқсас мүшелер ұғымдарының анықтамаларын білу;

6.2.1.7 — алгебралық өрнектерде ұқсас мүшелерді біріктіруді  орындау;

Өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Тепе-теңдік 6.2.1.8 — тепе-теңдік және тепе-тең түрлендіру анықтамаларын білу;
Алгебралық өрнектерді түрлендіру 6.2.1.9 — алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау;
Мәтінді есептерді шығару 6.5.2.4 — мәтінді есептер шығаруда айнымалысы бар өрнектер мен формулалар құрастыру;

6.2.1.10 — теңдіктерден бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектеу;

3 тоқсан
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу Санды теңдіктер және олардың қасиеттері 6.2.2.1 — тура санды теңдіктердің қасиеттерін білу және қолдану;
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу 6.2.2.2 — бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің, мәндес теңдеулердің анықтамаларын білу;

6.2.2.3 — бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу;

Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы барсызықтық теңдеу 6.2.2.4 —  түріндегі теңдеулерді шешу, мұндағы a және b – рационал сандар;
Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару 6.5.1.6 — мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру  арқылы шығару;
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер Санды теңсіздіктер және олардың қасиеттері 6.2.2.5 — тура санды теңсіздіктердің қасиеттерін білу және қолдану;

6.2.2.6 — теңсіздіктерді қосу, азайту, көбейту және бөлуді түсіну және қолдану;

Сан аралықтар. Сан аралықтардың бірігуі мен қиылысуы 6.2.2.7 — сан аралықтарын жазу үшін белгілеулерді пайдалану;

6.2.2.8 — сан аралықтарды кескіндеу;

6.2.2.9 — сан аралықтардың бірігуін және қиылысуын табу;

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу 6.2.2.10 —  түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шешу;

6.2.2.11 — алгебралық түрлендірулердің көмегімен теңсіздіктерді ,   түріндегі теңсіздіктерге келтіру;

6.2.2.12 — теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде кескіндеу;

6.2.2.13 — теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы және  берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жазу;

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу 6.2.2.14 — бір айнымалысы бар  сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу;
Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу 6.2.2.15 —  теңсіздіктер түрінде берілген нүктелер жиынын координаталық түзуде кескіндеу;

 

Координаталық жазықтық Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер 6.3.2.1 — параллель, қиылысатын, перпендикуляр түзулердің анықтамаларын білу;

6.3.2.2 — параллель, перпендикуляр түзулер мен кесінділерді ажырату;

Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі 6.3.1.1 — координаталық жазықтық ұғымын меңгеру;

6.3.1.2 — тік бұрышты координаталар жүйесін салу;

6.3.1.3 — реттелген сандар жұбы тікбұрышты координаталар жүйесінде нүктені беретінін және әрбір нүктеге нүктенің координаталары деп аталатын бір ғана реттелген сандар жұбының сәйкес болатынын түсіну;

6.3.1.4 — координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табу;

6.3.2.3 — кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табу;

Центрлік симметрия. Осьтік симметрия 6.3.1.5 — осьтік және центрлік симметрия ұғымдарын меңгеру;

6.3.1.6 — осьтік немесе центрлік симметриясы болатын фигуралар туралы түсінігі болуы; симметриялық және центрлік-симметриялы фигураларды ажырату;

6.3.2.5 — тік бұрышты координаталар жүйесінде координаталар басы және координаталық осьтерге қатысты симметриялы нүктелер мен фигураларды салу;

Кеңістіктегі фигуралар Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы. 6.3.2.4 — кескіні бойынша фигураны

ажырату, жазық және кеңістік фигураларын кескіндеу;

6.3.4.1 — вектор анықтамасын білу және оны кескіндеу;

4-тоқсан
Статистика. Комбинаторика Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш 6.4.3.1 — бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің құлашы, медианасы, модасының анықтамаларын білу;

6.4.3.2 — статистикалық санды сипаттамаларды  есептеу;

Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару. Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару. 6.5.1.5 — қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару;

6.4.2.1 — іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді шығару;

Шамалар арасындағы тәуелділіктер Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері:аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл 6.5.2.5 — шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару;

6.5.2.6 — шамалар арасындағы тәуелділіктер-дің берілу тәсілдерін білу;

6.5.2.7 — сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу;

6.5.2.8 — формуламен немесе графикпен берілген тәуелділіктердің кестесін құру;

6.5.2.9 — формуламен және кестемен берілген тәуелділіктердің графиктерін салу;

Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді зерттеу 6.5.2.10 — шынайы процестердің графиктерін қолданып, шамалар арасындағы тәуелділіктерді табу және зерттеу;
Тура пропорционалдық және оның графигі 6.1.2.23 — тура пропорционал тәуелділіктерді танып білу және мысалдар келтіру;

6.2.1.12 — тура пропорционалдықтың формуласын білу және графигін салу;

6.5.2.11 — тура пропорционал шамалардың арасындағы шынайы тәуелділік-тердің графиктеріне талдау беру;

6.5.2.12 — сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын жазу;

6.5.2.13 — тура пропорционалдықтың графигін салу;

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер  және олардың жүйелері Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу 6.2.2.16 — екі айнымалысы бар теңдеудің анықтамасын және қасиеттерін білу;

 

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері 6.2.2.17 — екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер  жүйесі туралы түсінігінің болуы;

6.2.2.18 — екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер  жүйесінің шешімі реттелген сандар жұбы болатынын түсіну;

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу 6.2.2.19 — теңдеулер жүйелерін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу;
Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару 6.2.1.13 — сандармен байланысты есептер шығаруда   жазуларын қолдану;

6.5.1.7 — мәтінді  есептерді сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы шешу;

5-6-сыныптардағы математика курсын қайталау

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *