Жаңа бағдарлама Физика 10 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар Жаратылыстану-Математика бағыты ЖМБ 2018-2019 жыл

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10- сыныптары үшін «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша

ұзақ мерзімді жоспар

  • 10 сынып:
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны Оқыту мақсаттары

 

1 тоқсан
Кинематика

 

Қазіргі заманғы физиканың рөлі 10.1.1.1 — қазіргі заманғы физиканың рөлі туралы пікір айту және өз пікірін дәлелдеу;
Физикалық шамалардың қателіктері. Өлшеулер нәтижесін өңдеу

 

№ 1 Зертханалық жұмыс

«Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау»

10.1.1.2 — жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу;

10.1.1.3 — тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау;

10.1.1.4 — физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескере отырып, тәжірибелік зерттеудің соңғы нәтижесін жазу;

Теңүдемелі қозғалыс кинематикасының негізгі теңдеулері мен ұғымдары

 

 

10.1.1.5 — жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі графигін пайдалана отырып, теңүдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру формуласын қорытып шығару;

10.1.1.6 — сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика теңдеулерін қолдану;

Инвариантты және салыстырмалы физикалық шамалар

Галилейдің салыстырмалылық принципі

10.1.1.7 — инварианты және салыстырмалы физикалық шамаларды ажырату;

10.1.1.8 — жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын есеп шығаруда қолдану;

Қисық сызықты қозғалыс кинематикасы

 

10.1.1.9 — қисықсызықты қозғалыс кезіндегі  траекторияның қисықтық радиусын, дененің тангенциалды, центрге тартқыш және толық үдеуін анықтау;
Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы

№ 2 Зертханалық жұмыс

«Ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу»

10.1.1.10 — көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларын анықтау;

10.1.1.11 — көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалыс траекториясын зерттеу;

Динамика

 

Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары 10.1.2.1 — бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін құру;
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

 

10.1.2.2 — инертті масса мен гравитациялық массаның физикалық мағынасын түсіндіру;

10.1.2.3 — материалдық нүктенің гравитациялық өріс кернеулігі мен потенциалының қашықтыққа тәуелділік графигін түсіндіру;

10.1.2.4 — бүкіл әлемдік тартылыс заңын есептер шығаруда қолдану;

Абсолют қатты дененің инерция моменті 10.1.2.5 — материалдық дененің инерция моментін есептеу үшін Штейнер теоремасын қолдану;
Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы

Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі.

10.1.2.6 — айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуін есеп шығаруда қолдану;

10.1.2.7 — айналмалы және ілгерілемелі қозғалысты сипаттайтын физикалық шамалардың арасындағы сәйкестікті жүргізу ;

№ 3 Зертханалық жұмыс

«Көлбеу науамен сырғанайтын дененің қозғалысын оқып үйрену»

10.1.2.8 — дененің инерция моментін тәжірибелік әдіспен анықтау;
Статика

 

Массалар центрі. 10.1.3.1 — абсолют қатты дененің және денелер жүйесінің массалар центрін анықтау;
Тепе-теңдік түрлері. 10.1.3.2 — әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру кезінде себеп-салдар байланысын орнату;
№ 4 Зертханалық жұмыс

«Бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу»

10.1.3.3 — күштерді қосудың заңдылығын эксперименттік тексеру және күш шамасын тәжірибелік жолмен анықтау;
Сақталу заңдары

 

Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары және олардың кеңістік пен уақыттың қасиеттерімен байланысы.

10.1.4.1 — сақталу заңдарын сандық және эксперименттік есептерді шығаруда қолдану;
Сұйықтар мен газдардың механикасы

Гидродинамика. Сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленнтік ағыстары.

10.1.5.1 — сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленттік ағыстарын сипаттау;
Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Көтергіш күш. 10.1.5.2 — үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану;
Тұтқыр сұйықтың қозғалысы.  Стокс формуласы. Денелерді қапталдай ағу 10.1.5.3 — Торричелли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану;
№ 5 Зертханалық жұмыс

«Тұтқыр сұйықта қозғалатын кішкентай шардың жылдамдығының оның радиусынан тәуелділігін зерттеу»

10.1.5.4 — эксперименттің нәтижесіне әсер етуші факторларды анықтау және нәтижені жақсартудың жолдарын ұсыну;

 

2  тоқсан 
Молекулалық- кинетикалық теория негiздерi

 

Газдардың молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары және оның тәжiрибелiк дәлелдемелерi.

Термодинамикалық жүйелер және термодинамикалық параметрлер. Тепе-теңдік және тепе-теңдік емес күйдегі термодинамикалық жүйе.

Температура — зат бөлшектерінің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі ретінде

10.2.1.1 — температура мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының байланысын сипаттау;

 

 

Идеал  газ. Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi 10.2.1.2 — идеал газ моделін сипаттау;

10.2.1.3 — молекулалық кинетикалық теорияның негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану;

Газ заңдары

Идеал газ күйінің теңдеуі 10.2.2.1 — идеал газ күйінің негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану;
Изопроцестер. Изопроцесстер графиктері.

Дальтон заңы

10.2.2.2 — тұрақты температура кезінде қысымның газ көлеміне тәуелділігін зерттеу(Бойль-Мариотт заңы);

10.2.2.3 —  тұрақты қысым кезінде газ көлемінің температураға тәуелділігін зерттеу (Гей-Люссак заңы);

10.2.2.4 —  тұрақты көлем кезінде қысымның газ температурасына тәуелділігін зерттеу(Шарль заңы);

10.2.2.5 —  газ заңдарын сандық және графиктік есептер шығаруда қолдану;

Термодинамика негiздерi

 

 

Идеал газдың ішкі энергиясы. Термодинамикалық жұмыс. Жылу мөлшері, жылусыйымдылық 10.2.3.1 — бір атомды және екі атомды идеал газдың ішкі энергиясының формуласын есептер шығаруда қолдану;
Термодинамиканың бiрiншi заңы. Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану. Адиабаталық процесс, Пуассон теңдеуі 10.2.3.2 — термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге және адиабаталық процеске қолдану;
Қайтымды және қайтымсыз процестер. Энтропия. Термодинамиканың екiншi заңы.

Айналмалы процесс және оның пайдалы әсер коэффициенті, Карно циклі;

10.2.3.3 — идеал жылу қозғалтқышы үшін Карно циклін сипаттау;

10.2.3.4 жылу қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициенті формуласын есептерді шығаруда қолдану;

 

Сұйық және қатты денелер

Қаныққан және қанықпаған бу. Ауаның ылғалдылығы.

Фазалық диаграммалар. Үштік нүкте.Заттың кризистiк күйi

10.2.4.1 — гигрометрдің және психрометрдің көмегімен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау;
Сұйықтың беткi қабатының қасиеттерi. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар 10.2.4.2 — сұйықтың беттiк керiлу коэффициентiн әр түрлі тәсілдермен анықтау;
Кристалл және аморф денелер.

Қатты денелердің механикалық қасиеттері

 

10.2.4.3 — әр түрлі қатты денелер мысалында кристалдық және аморфты денелердің  құрылымын ажырату;

 

10.2.4.4 — серпімді деформация кезіндегі Юнг модулін анықтау;

 

3 тоқсан
Электростатика

 

Электр заряды. Зарядтың беттік және көлемдік тығыздығы. Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы 10.3.1.1 — электр зарядының сақталу заңы мен Кулон заңын есептер шығаруда қолдану;
Электр өрісі. Біртекті және біртекті емес электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің суперпозиция принципі 10.3.1.2 — суперпозиция принципін электр өрісінің қорытқы кернеулігін анықтау үшін пайдалану;
Электр өрісінің кернеулік векторының ағыны.

Гаусс теоремасы

10.3.1.3 —  зарядталған жазықтықтың, шардың, сфераның және шексіз жіптің электр өрісінің кернеулігін анықтау үшін Гаусс теоремасын қолдану;
Зарядтың орын ауыстыруы кезіндегі электр өрісінің жұмысы.

Потенциал. Электр өрісінің  потенциалдар айырымы

10.3.1.4 — нүктелік зарядтың электр өрісінің   потенциалы мен жұмысын есептеу;

 

Эквипотенциал беттер. Біртекті электр өрісі үшін кернеулік пен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс

 

 

10.3.1.5 — электростатикалық өрісте күшті және энергетикалық сипаттамаларды байланыстыратын формуланы есептер шығаруда қолдану;

10.3.1.6 — гравитациялық және электростатикалық өрістерде күшті және энергетикалық сипаттамаларды салыстыру.

Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер;

 

10.3.1.7 — диэлектриктердегі поляризация құбылысы мен өткізгіштердегі электростатикалық индукция құбылысына салыстырмалы талдау жасау;
 

Электрсыйымдылығы. Конденсаторлар. Конденсаторларды жалғау

 

10.3.1.8 — конденсатор сыйымдылығының оның параметрлеріне тәуелділігін  зерттеу;

10.3.1.9 — конденсаторларды тізбектей және  параллель жалғау формулаларын есеп шығаруда қолдану;

Электр өрісінің энергиясы; 10.3.1.10 — электр өрісінің энергиясын  есептеу;
Тұрақты  ток Электр тогы. Тізбек бөлігіне арналған  Ом заңы. Өткізгіштерді  аралас жалғау

 

10.3.2.1 — аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек бөлігі үшін Ом заңын  қолдану;
№ 6 Зертханалық жұмыс

«Өткізгіштерді  аралас жалғауды оқып үйрену»

10.3.2.2 — өткізгіштерді аралас жалғауды  зерттеу;
 Ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісі.

 

 

 

10.3.2.3 — элерктр қозғаушы күші мен кернеу көзінің әр түрлі жұмыс режиминдегі (жұмыстық, бос жүріс, қысқа тұйықталу) байланысын зерттеу;
Толық тізбек үшін Ом заңы; 10.3.2.4 — толық тізбек үшін Ом заңын қолдану;
№ 7 Зертханалық жұмыс

«Ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау»

10.3.2.5 — эксперимент арқылы ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау;
Кирхгоф заңдары

 

10.3.2.6 — тармақталған электр тізбегіне Кирхгоф заңын қолдану;
Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңы. Ток көзінің пайдалы әсер коэффициенті 10.3.2.7 — электр тогының жұмысы, қуаты және ток көзінің пайдалы әсер коэффициентінің формулаларын есептер шығаруда қолдану;
Әр түрлі ортадағы

электр тогы

 

Металдардағы электр тогы.

Асқын өткiзгiштiк

 

 

10.3.3.1 — металдардағы  электр тогын сипаттау және кедергінің температураға тәуелділігін талдау;

10.3.3.2 — жоғары температурада асқын өткізгішті материалдарды алудың келешегін талқылау;

Жартылай өткiзгiштердегi электр тогы. Жартылай өткізгішті құралдар;

 

10.3.3.3 — жартылай өткізгіштердегі  электр тогын  сипаттау және жартылай өткізгіш құралдарын қолдану принципін  түсіндіру;
№ 8 Зертханалық жұмыс

«Шамның  қыл сымының, резистордың және жартылай өткізгіш диодтың вольт-амперлік сипаттамасы»

10.3.3.4 —  шамның  қылсымының, резистордың және жартылай өткізгіш диодтың вольт-амперлік сипаттамасын зерттеу;

 

Электролит ерiтiндiлерiндегi және балқыламалардағы электр тогы. Электролиз заңы 10.3.3.5 — электролиттердегі электр тогын сипаттау және электролиз заңын есептер шығаруда қолдану;
№ 9 Зертханалық жұмыс

«Бір валетті ионның электр зарядын өлшеу»

10.3.3.6 — электролиз үдерісіндегі электронның зарядын эксперимент арқылы анықтау;
Газдардағы электр тогы. Вакуумдегi электр тогы.

 

Электронды-сәулелік түтікше

 

10.3.3.7 —  газдардағы және вакуумдағы  электр тогын сипаттау;

10.3.3.8 — электронды-сәулелік түтікшенің жұмыс істеу принципін және қолданылуын  түсіндіру;

4 тоқсан
Магнит өрiсi Магнит өрісі. Тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуі. Ампер тәжірибелері

Магнит индукция векторы. Дөңгелек және шексіз түзу тогы бар өткізгіштердің индукциясы. Бұрғы ережесі

10.3.4.1 — магнит индукция векторының физикалық мағынасын заманауи техниканың жетістіктері мен есептер шығару арқылы түсіндіру;

 

Ампер күші, сол қолы ережесі; 10.3.4.2 — электр өлшеуіш құралдардың, электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру;
Лоренц күші. Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы 10.3.4.3 — токомак, циклотрон, андронды коллайдер, магниттік тордың жұмыс істеу принципін талдау және поляр шұғыласының табиғатын түсіндіру;

10.3.4.4 — зарядталған бөлшектердің қозғалысына магнит өрісінің әсерін зерттеу;

Заттың магниттік қасиеттері. Кюри температуры 10.3.4.5 — заттың магниттік қасиеттері бойынша топтастыру және олардың қолдану аймағын анықтау;

10.3.4.6 — магниттік материалдарды(неодим магниттер, датчиктер, сейсмометрлер, металл іздегіш) заманауи қолдану аймағын және олардың қолдану үрдісін талқылау;

Электромагниттiк

индукция

Ампер күшінің жұмысы. Магнит ағыны.

Электромагниттiк индукция құбылысы

10.3.5.1 —  Электромагниттік құралдардың( электромагниттік реле, генератор, трансформатор) жұмыс істеу принципін зерттеу;
Электромагниттiк индукция заңы. Ленц ережесі.

Өздік индукция. Индуктивтілік

10.3.5.2 —  электромагниттік индукция заңын есептер шығаруда қолдану;
 Магнит өрісінің энергиясы

 

10.3.5.3 —  механикалық және магнит өрісінің энергиялары арасындағы сәйкестікті жүргізу;
Электр қозғалтқыш және тұрақты токтың электр генераторы 10.3.5.4 — қолданыстағы электрқозғалтқыштың моделін зерттеу және Фарадей заңы мен Ленц ережесін қолданып алынған нәтижелерді пайдалана отырып дәлелді түрде түсіндіру;;
Физикалық практикум

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *