Жаңа бағдарлама Физика 11 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар Жаратылыстану-Математика бағыты ЖМБ 2018-2019 жыл

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11- сыныптары үшін «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша

ұзақ мерзімді жоспар

11 сынып

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны Оқыту мақсаттары
1 тоқсан
Механикалық тербелістер

 

Гармоникалық тербелістердің теңдеулері мен графиктері

 

11.4.1.1 — экперименттік, аналитикалық және графиктік тәсілмен гармоникалық тербелісті (х(t), v(t), a(t)) зерттеу;
Электромагниттік тербелістер Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер

 

Механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық

 

 

11.4.2.1 — еркін және еріксіз тербелістердің пайда болу шарттарын сипаттау;

11.4.2.2 — механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістерді  сәйкестендіру;

11.4.2.3 —  компьютерлік моделдеу арқылы заряд пен ток күшінің уақытқа тәуелді графиктерін зерттеу;

 

Айнымалы ток

 

Айнымалы ток генераторы 11.4.3.1 — генератор моделін қолданып, айнымалы ток генераторының жұмыс істеу принципін зерттеу;
Еріксіз электромагниттік тербелістер. Айнымалы ток

 

 

11.4.3.2 — физикалық шамаларды (период, жиілік, кернеу, ток күші мен элерктр қозғаушы күшінің максималды және әсерлік мәндері)  қолданып, айнымалы токты сипаттау;

11.4.3.3 — синусоидалы айнымалы ток немесе кернеуді гармоникалық функция түрінде көрсете  алу;

 

Айнымалы ток тізбегінде активті және реактивті кедергі

11.4.3.4 — айнымалы ток тізбегінде тек активті жүктеме кезінде(резистор) фаза ығысуын сипаттау;

11.4.3.5 — айнымалы ток тізбегінде реактивті жүктемелер кезінде (катушка, конденсатор) фаза ығысуын сипаттау

Активті және реактивті кедергілерден тұратын айнымалы токтың тізбектелген электр тізбегі үшін Ом заңы 11.4.3.6 —  R, L, C  -дан тұратын айнымалы токтың тізбектелген электр тізбегін есептеу;

 

Айнымалы ток тізбегіндегі қуат;

 

 

11.4.3.7 — айнымалы токтың активті және реактивті қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;

11.4.3.8 —  векторлық диаграмма салу арқылы қуат коэффициентін анықтау;

Электр тізбегіндегі кернеу резонансы;

 

11.4.3.9 —  резонанс шартын түсіндіру және оның қолданылуына мысал келтіру;

11.4.3.10 — Резонанстық жиілікті есептеу;

 

Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және қолдану, трансформатор

11.4.3.11 — қуат формуласының негізінде трансформатордың  жұмыс істеу принципін талдау;

11.4.3.12 — электр энергиясын тасымалдау үшін жоғары кернеудегі айнымалы токтың экономикалық артықшылықтарын түсіндіру;

№ 1 Зертханалық жұмыс.

«Трансформатор орамасындағы орам санын анықтау»

11.4.3.13 — трансформатор орамасындағы орам санын эксперимент арқылы анықтау;

 

Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану 11.4.3.14 — Қазақстандағы электр энергиясы көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау;
2 тоқсан
Толқындық қозғалыс

 

Серпімді механикалық толқындар. Бойлық  және тұрғын толқындардың теңдеуі.

 

№ 2 Зертханалық жұмыс

«Ауадағы дыбыс жылдамдығын анықтау»

11.5.1.1 — ауадағы тұрғын дыбыс толқындарының пайда болуын зерттеу;

11.5.1.2 — графикалық әдісті қолданып  түйіндер мен шоғырларды анықтау және тұрғын толқындардың  пайда  болуын  түсіндіру  ;

Механикалық толқындардың таралуы. Механикалық толқындардың интерференциясы 11.5.1.3 — судың бетінде екі көзде пайда болған  интерференцияны зерттеу;
 Гюйгенс принципі.

Механикалық толқындардың дифракциясы

 

11.5.1.4 — Гюйгенс принципін  және  механикалық толқындарда дифракциялық көріністі бақылаудың  шарттарын түсіндіру;
Электромагниттік толқындар Электромагниттік толқындардың  жұтылуы мен шығарылуы

 

 

11.5.2.1 — электромагниттік  толқындардың  пайда болу шарттарын түсіндіру  және олардың  қасиеттерін сипаттау;
Радиобайланыс. Детекторлы радиоқабылдағыш

 

 

11.5.2.2 — жоғары жиілікті электромагниттік тербелістердің  модуляциясы мен детекторлауды сипаттау;

11.5.2.3 — амплитудалық (АМ)  және жиіліктік (FM) модуляцияны ажырату;

11.5.2.4 — детекторлы  радиоқабылдағыштың  жұмыс істеу принципін түсіндіру;

Аналогты-сандық түрлендірулер. Байланыс  арналары

 

11.5.2.5 — аналогтықпен салыстырғанда сандық форматтағы сигналды берудің артықшылықтарын түсіндіру;
Байланыс құралдары

 

11.5.2.6 — байланыс құралдарын жүйелеу және оларды жетілдірудің жолдарын ұсыну;
Толқындық оптика Жарықтың электромагниттік табиғаты. Жарықтың жылдамдығы 11.6.1.1 — жарық жылдамдығын анықтаудың зертханалық  және  астрономиялық  әдістерін  түсіндіру;
Жарықтың дисперсиясы.

Жарықтың интерференциясы

 

 

 

 

11.6.1.2 — призма  арқылы өткен кездегі ақ жарықтың  жіктелуін түсіндіру;

11.6.1.3 — механикалық және жарық толқындарының  интерференциялық  көріністеріне  салыстырмалы талдау жүргізу;

11.6.1.4 — жұқа пленкаға  түскен және шағылған жарықтардан пайда болған интерференциялық  максимумдар  мен минимумдарды бақылау  шарттарын анықтау;

Жарықтың дифракциясы. Дифракциялық торлар

 

11.6.1.5 — Френель теориясын қолданып, қылдан, саңылаулардан,  дөңгелек  саңылаудан пайда болған  дифракциялық  көріністерді  түсіндіру;
№ 3 Зертханалық жұмыс

«Дифракциялық тордың көмегімен  жарықтың толқын ұзындығын анықтау»

11.6.1.6 — жарықтың толқын ұзындығын дифракциялық тордың көмегімен эксперимент арқылы анықтау;
 Жарықтың поляризациясы.

№ 4 Зертханалық жұмыс

«Жарықтың  интерференциясын, дифракциясын  және поляризациясын бақылау »

11.6.1.7 —  жарықтың интерференция, дифракция және поляризация құбылысын талдай отырып, эксперимент арқылы жарықтың  электромагниттік  табиғатын дәлелдеу.
3 тоқсан
Геометриялық оптика

 

Гюйгенс принципі. Жарықтың шағылу заңы 11.6.2.1 —  Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың шағылу заңын түсіндіру;
Жазық және сфералық айналар 11.6.2.2 —  сфералық айнадағы сәуленің жолын салу және сфералық айнаның формуласын есептер шығаруда қолдану;
Жарықтың сыну заңы 11.6.2.3 — Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың сыну заңын түсіндіру;
Толық ішкі шағылу 11.6.2.4 — жарық сигналдарын тасымалдауда оптоталшықты технологияның артықшылығын түсіндіру;
№ 5 Зертханалық жұмыс

«Шынының сыну көрсеткішін анықтау»

11.6.2.5 — шынының сыну көрсеткішін эксперименттік жолмен анықтау және экспериментті жақсартудың жолдарын ұсыну;
Линзалар жүйесінде кескін салу. Жұқа линза формуласы.  Оптикалық құралдар 11.6.2.6 — линзалар жүйесінде сәулелердің жолын салу;

11.6.2.7 — әртүрлі радиустағы екі сфералық беттен тұратын жұқа линзаның формуласын есептер шығаруда қолдану;

11.6.2.8 —  телескоп, микроскоп және лупадағы сәуленің жолын салу және түсіндіру;

Салыстырмалы теорияның элементтері

 

Салыстырмалы теорияның постулаттары.

Лоренц түрлендірулері

 

11.7.1.1 — Галилейдің салыстырмалы принципі мен Эйнштейннің салыстырмалы принципін сәйкестендіру;

11.7.1.2 —  Эйнштейн постулаттары мен Лоренц түрлендірулерін есептер шығаруда қолдана отырып, релятивистік эффектіні түсіндіру;

Энергия.  Релятивистік динамикадағы импульс және масса. Материалдық дене үшін энергия мен массаның байланыс заңы 11.7.1.3 —  зарядталған бөлшектердің үдеткіштерінің жұмыс істеу принципін, оларда орын алатын релятивистік эффектіні  ескере отырып түсіндіру;
Атомдық және кванттық физика

 

 

Сәулеленудің түрлері. 11.8.1.1 — сәулеленудің көздері мен түрлерін топтастыру;
Спектрлер. Спектрлік құралдар. Спектрлік анализ 11.8.1.2 — спектрлік құралдардың жұмыс істеу принципін  және олардың қолданылуын сиппаттау;
Инфракызыл және ультракүлгін сәулелену. Рентген сәулелері.

Электромагниттік  сәулелену шкаласы

 11.8.1.3 — электромагниттік сәулелену, олардың табиғатта пайда болуы мен затпен өзара әрекеттесуін ажырату;
Жылулық сәулелену. Стефан –Больцман және Винн заңдары. Ультракүлгін апаты.

Планк формуласы. Фотондар. Фотоэффект

11.8.1.4 — — Стефан-Больцман,  Винн заңдарын және Планк формуласын ультракүлгін апаттын негіздеу және абсолют қара дененің жылулық сәулеленуін сипаттау үшін қолдану;
Фотоэффектіні қолдану 11.8.1.5 — фотоэффектінің табиғатын түсіндіру және оны қолдануға мысалдар келтіру;

11.8.1.6 — фотоэффектінің  заңдары мен Эйнштейн теңдеуін есеп шығаруда қолдану;

Жарық қысымы 11.8.1.7 — жарықтың кванттық теориясы негізінде жарық қысымының табиғатын түсіндіру;
Жарықтың химиялық әсері

 

11.8.1.8 — фотосинтез және фотография үдерісін мысалға келтіре отырып, жарықтың химиялық әсерін сипаттау;
Рентгендік сәулелену 11.8.1.9 — компьютерлік және магниттік-резонанстық томографияны салыстыру;
Жарықтың  корпускулярлық-толқындық табиғатының біртұтастығы

 

 

11.8.1.10 — электромагнитік сәулеленудің корпускулярлық-толқындық табиғатынын дәлелдейтін мысалдар келтіру;

11.8.1.11 — жарықтың корпускулалық -толқындық теориясын пайдаланып, табиғат заңдарының ғылыми даму тарихы туралы пікір айту;

Альфа бөлшектің шашырауы бойынша Резерфорд тәжірибесі. Бор постулаттары. Франк және Герц тәжірибелері

 

11.8.1.12 — атомның планетарлық моделін альфа бөлшектің ыдырауы бойынша Резерфорд тәжірибесіне сүйене отырып негіздеу;

11.8.1.13 — Бор постулаттарына  сүйеніп атомның орнықты күйінің шартын түсіндіру;

№ 6 Зертханалық жұмыс

«Сәулеленудің тұтас және сызықтық спектрлерін бақылау»

11.8.1.14 — сутегі атомының энергетикалық құрылымына сүйене отырып, сызықтық спектрдің табиғатын түсіндіру;
Сызықты емес оптика туралы түсінік. Лазерлер. 11.8.1.15 — лазер құрылғысын және әсер ету принципін түсіндіру;

11.8.1.16 — голографияның даму кезеңдерін талқылау;

 

Бөлшектің толқындық қасиеттері. Бор теориясының қиыншылығы. де Бройль толқындары 11.8.1.17 — элементар бөлшектердің толқындық табиғатының пайда болуы мен практикада қолданылуына мысалдар келтіру;

11.8.1.18 — де Бройль толқын ұзындығының формуласын есептер шығаруда қолдану;

11.8.1.19 — де Бройль болжамын түсіндіру;

Атом ядросның физикасы Табиғи радиоактивтілік. Радиоактивті ыдырау заңы 11.8.2.1 — радиоактивті ыдырау заңы негізінде ядролық қалдықтармен аймақтың зақымдануының ұзаққа созылу себептерін түсіндіру;

11. 8.2.2 — радиоактивті ыдыраудың  формуласын есептер шығаруда қолдану;

Атомдық ядро. Ядроның нуклондық моделі. Изотоптар.

Ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы.

11. 8.2.3 — атомдық ядроның байланыс энергиясын есептеу және меншікті байланыс энергиясының ядроның массалық санына тәуелділігін түсіндіру;
Ядролық  реакциялар. Жасанды радиоактивтілік.

Ауыр ядролардық бөлінуі. Тізбекті ядролық реакция. Сындық масса.

11. 8.2.4 — ядролық реакцияны жазу кезінде массалық және зарядтық санның сақталу заңын қолдану;

11.8.2.5 — ядролық синтездің және табиғи радиоактивтіліктің табиғатын түсіну;

№ 7 Зертханалық  жұмыс

«Дайын сурет бойынша зарядталған бөлшектердің тректерін оқып үйрену»

11. 8.2.6 — магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалыс сипатын түсіндіру;
Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері.  Радиациядан қорғану. 11. 8.2.7 — α, β және γ сәулелерінің табиғатын, қасиеттерін және биологиялық әсерін түсіндіру;

 

Ядролық реактор. Ядролық энергетика. Термоядролық реакциялар 11. 8.2.8 — ядролық реакторлардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін сипаттау;

11. 8.2.9 — ядролық энергетиканың даму кезеңдерін талқылау;

Нанотехнология және наноматериалдар Нанотехнологияның  негізгі жетістіктері, өзекті мәселелер және даму кезеңдері. Наноматериалдар 11.9.1.1 — наноматериалдардың физикалық қасиеттерін және оларды алудың жолдарын түсіндіру;

11.9.1.2 — нанотехнологияның қолданылуын талқылау;

4 тоқсан
Космология

 

Жұлдыздар әлемі. Жұлдызға дейінгі қашықтық.

Айнымалы жұлдыздар

 

 

 

 

 

11.10.1.1 — жұлдыздардың басты спектрлік класын сипаттау;

11.10.1.2 — көрінерлік жұлдыздық шама және абсолют жұлдыздық шама ұғымдарын ажырату;

11.10.1.3 — көрінерлік және абсолют жұлдыздық шаманы анықтау үшін формулаларды қолдану;

 

Күн-Жер байланыстары

 

11.10.1.4 — Күннің сәулеленуін сипаттау үшін Стефан-Больцман және Винн заңдарын қолдану;
Жұлдыздардың планеталық жүйелері. Жер топтарындағы планеталар және гигант- планеталар. Күн жүйесіндегі кіші денелер.

 

11.10.1.5 — Жұлдыздар эволюциясын түсіндіру үшін Герцшпрунг-Рассель диаграммасын қолдану;

11.10.1.6 —  қара құрдымдар, нейтронды жұлдыздар  және аса жаңа жұлдыздардың қасиеттерін сипаттау;

Біздің Галактика. Басқа Галактикалардың ашылуы. Квазарлар. 11.10.1.7 — ара қашықтықты анықтау үшін, «қарапайым май шамдар» әдісін пайдалануды сипаттау;
Үлкен жарылыс теориясы. Қызыл ығысу және Галактикаға дейінгі қашықтықты анықтау. Әлемнің кеңейуі. 11.10.1.8 — Әлемнің жеделдеуi мен қара энергия туралы пікірталасты талқылау;

11.10.1.9 —  берілген астрономиялық бақылауларға сүйене отырып, Әлемнің жеделдеуi туралы болжамды талқылау;

Әлемнің эволюциясының негізгі кезеңдері. Әлемнің моделдері. Өмір және Әлем туралы ойлар

Адамзаттың космостық болашағы және космосты игеру

11.10.1.10 —  Хаббл заңын қолданып, Әлемнің жасын бағалай алу;

11.10.1.11 — микротолқынды фондық сәулелену туралы ақпаратты қолданып, Үлкен Жарылыс теориясын түсіндіру;

Физикалық практикум

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *