Жаңа бағдарлама Физика 7 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар 2018-2019 жыл

Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-сыныптарына арналған

«Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар

 

  • 7-сынып:

 

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны Оқыту мақсаттары

 

Білім алушылар:
1-тоқсан
Физика – табиғат туралы ғылым Физика – табиғат туралы ғылым 7.1.1.1 — физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру
Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері 7.1.1.2 —  табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажырату
Физикалық шамалар мен өлшеулер Халықаралық бірліктер  жүйесі (SI) 7.1.2.1  — физикалық шамаларды олардың SI- жүйесіндегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіру
Скаляр және векторлық физикалық  шамалар 7.1.2.2 —  скаляр және векторлық физикалық шамалар ажырату және мысалдар келтіру
Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі.

Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу .

 

№1 зертханалық жұмыс. «Кішкентай денелердің өлшемін анықтау»

 

№2-зертханалық жұмыс. «Физикалық шамаларды өлшеу»

7.1.2.3 — үлкен және кіші сандарды жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану, : санды: стандартты түрде жазу;

7.1.3.1 — дененің ұзындығын, көлемін, температурасын және уақытты өлшеу, өлшеу нәтижелерін аспаптардың қателіктерін есепке ала отырып жазу;

7.1.3.2 — кішкентай денелердің өлшемін қатарлау әдісі арқылы анықтау;

7.1.3.3 — физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Механикалық қозғалыс Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы

Санақ жүйесі

7.2.1.1 — келесі терминдердің физикалық мағынасын түсіндіру — материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырма-лылығы, траектория, жол, орын ауыстыру
Қозғалыстың салыстырмалылығы 7.2.1.2 — механикалық қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру
Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар 7.2.1.3 — түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу
Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу 7.2.1.4 — қозғалыстағы дененің жылдам-дығы мен орташа жылдамдығын есептеу
Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері 7.2.1.5 — s -тің  t-ға тәуелділік графигін тұрғызуда координаталар осьтерінде және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеу;

7.2.1.6 — дененің  орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау:

(1) дененің тыныштық күйін,

(2) тұрақты жылдамдықпен қозғалысын;

7.2.1.7 — бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын анықтау

2-тоқсан
Тығыздық Масса және денелердің массасын өлшеу 7.2.2.11 — электронды, серіппелі, иінді таразылардың көмегімен дененің массасын өлшеу
Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу 7.2.2.12 — әртүрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді (мензурка) қолдану
Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі.

 

№3 зертханалық  жұмыс. «Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау»

7.2.2.13 —  тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру;

7.2.2.14 — сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибе арқылы анықтау;

7.1.3.3 — физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Тығыздықты есептеу 7.2.2.15 — тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану
Денелердің өзара әрекеттесуі Инерция құбылысы 7.2.2.1 — инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар келтіру
Күш 7.2.2.2 — күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіру
Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ 7.2.2.10 — масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажырату
№4 зертханалық жұмыс. «Серпімді деформацияларды зерделеу» 7.2.2.4 — серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділік графигінен қатаңдық коэффициентін анықтау;

7.1.3.3 — физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Деформация 7.2.2.3 — пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру
Серпімділік күші, Гук заңы 7.2.2.5 — Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу
Үйкеліс күші.

Үйкеліс әрекетін техникада ескеру

№5 зертханалық жұмыс. «Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу»

7.2.2.6 — тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау;

7.2.2.7 — үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру

Бір түзу бойымен денеге әрекет еткен күштерді қосу 7.2.2.8 — күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету;

7.2.2.9 — денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау

3-тоқсан
Қысым Газдардың сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы 7.3.1.1 — заттардың молекулалық құрылысы негізінде, газдардың сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттау
Қатты денелердегі қысым 7.3.1.2 — қысымның физикалық мағына-сын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау;

7.3.1.3 — есептер шығаруда қатты дененің қысымының формуласын қолдану

Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы 7.3.1.4 — газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру;

7.3.1.5 — сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану

Қатынас ыдыстар 7.3.1.6 — қатынас ыдыстарды қолдануға мысалдар келтіру
Гидравликалық машиналар 7.3.1.7 — гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципін сипаттау;

7.3.1.8 — гидравликалық машиналарды қолдану кезіндегі  күштен ұтысты есептеу

Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу 7.3.1.9 — атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну
Манометрлер. Сорғылар 7.3.1.10 — манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін сипаттау
№ 6 зертханалық жұмыс. «Архимед заңын зерделеу» 7.3.1.11 — кері итеруші күшті анықтау және оның сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттеу;

7.1.3.3 — физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Кері итеруші күш 7.3.1.12 — сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру;

7.3.1.13 — есептер шығаруда Архимед заңын қолдану

№ 7 зертханалық жұмыс. «Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау» 7.3.1.14 — дененің сұйықта жүзу шарттарын зерттеу;

7.1.3.3 — физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Жұмыс және қуат Механикалық жұмыс

Қуат

7.2.3.1 — механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;

7.2.3.7 — қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;

7.2.3.8 — механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану

4-тоқсан
Энергия Кинетикалық энергия.

Потенциалдық энергия

7.2.3.2 — механикалық энергияның екі түрін ажырату;

7.2.3.3 — кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану;

7.2.3.4 — жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергияның және серпімді дененің формуласын қолдану

Энергияның сақталуы және айналуы 7.2.3.5 — энергияның түрленуіне мысалдар келтіру;

7.2.3.6 — механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану

Күш моменті Жай механизмдер 7.2.4.1 — «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру;

7.2.4.2 — күш моменті ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру

Дененің массалық центрі

 

№8 зертханалық жұмыс.

«Жазық фигураның массалар центрін анықтау»

7.2.4.3 —  жазық фигураның массалық центрін тәжірибеде анықтау
№9 зертханалық жұмыс. «Иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау» 7.2.4.5 —  тәжірибеде иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау;

7.1.3.3 — физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Иіндіктің тепе-теңдік шарты 7.2.4.4 — тепе-теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану
Пайдалы әрекет коэффициенті.

 

№10 зертханалық  жұмыс. «Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтау»

7.2.4.6 — көлбеу жазықтықтың пайдалы  әрекет коэффициентін  тәжірибеде анықтау;

7.1.3.3 — физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Жер және Ғарыш Аспан денелері туралы ғылым 7.7.1.1 — геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді  салыстыру
Күн жүйесі 7.7.1.2 — Күн жүйесінің нысандарын жүйелеу
Күнтізбе негіздері (тәулік, ай, жыл) 7.7.1.3 — жыл мезгілдерінің ендіктерге байланысты ауысуы және күн мен түннің ұзақтығын түсіндіру

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *