Жаңа бағдарлама Физика 8 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар 2018-2019 жыл

Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-сыныптарына арналған

«Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар

 

  • 8-сынып:

 

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны Оқыту мақсаттары
Білім алушылар:
1-тоқсан
Жылу құбылыстары Жылулық қозғалыс, броундық қозғалыс, диффузия 8.3.1.1 — молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау
Температура, оны өлшеу тәсілдері,  температураның шкалалары 8.3.1.3 — Температураны өлшеуді жылулық ұлғаю негізінде сипаттау;

8.3.1.2 — температураны  әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу

Ішкi энергия, ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi 8.3.2.1 — дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау;
Жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару 8.3.2.2 — жылу берілудің түрлерін салыстыру
Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу 8.3.2.3 — техникада және тұрмыста жылу беру түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіру
Жылу құбылыстарының тірі ағзалардың  өмірлеріндегі ролі 8.3.2.4 —  әр түрлі температураларда  тірі ағзалардың бейімделуіне мысалдар келтіру
Жылу мөлшері.

Заттың меншікті жылу сыйымдылығы

8.3.2.5 — жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау;

8.3.2.6 — заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіру

Отынның энергиясы

Отынның меншікті жану жылуы

8.3.2.7 — отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау
№ 1 зертханалық жұмыс. «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру» 8.3.2.8 — жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу;

8.1.3.2 — тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтау;

8.1.3.3 — физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Жылу үдерістеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы 8.3.2.9 — жылулық тепе-теңдік теңдеуін есептер шығаруда қолдану
Заттың агрегаттық күйлері Қатты денелердiң балқуы және қатаюы, балқу температурасы, меншiктi балқу жылуы 8.3.1.4 — молекула-кинетикалық теория негізінде қатты күйден сұйыққа және кері айналуды сипаттау;

8.3.2.10 — балқу/кристалдану  кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруға қолдану;

8.3.2.11 — заттың балқу және қатаю үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау

№ 2 зертханалық жұмыс. «Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау» 8.3.2.12 — эксперимент көмегімен мұздың меншікті балқу жылуын анықтау;

8.1.3.3 — физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Булану және конденсация.

Қаныққан және қанықпаған булар

8.3.1.5 — молекула-кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері  айналуын сипаттау;

8.3.2.13 — заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау;

8.3.2.14 — су буының мысалы негізінде қанығу күйін сипаттау

Қайнау, меншiктi булану жылуы.

Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау

8.3.2.15 — меншікті булану жылуын анықтау;

8.3.2.16  — қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігін түсіндіру

2-тоқсан
Термодинами

ка негiздерi

Термодинамиканың бiрiншi заңы, газдың және будың жұмысы 8.3.2.17 — термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру
Жылу үдерістерінің қайтымсыздығы, термодинамиканың екінші заңы 8.3.2.18 — термодинамиканың екінші заңының мағынасын түсіндіру
Жылу қозғалтқыштары 8.3.2.22 — жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау;

8.3.2.20 — іштен жану қозғалтқышының, бу турбинасының жұмыс істеу принципін сипаттау

Жылу қозғалтқыштарының пайдалы  әрекет коэффициенті 8.3.2.19 — жылу қозғалтқышының пайдалы  әрекет коэффициентін  анықтау;

8.3.2.21 — жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсыну

Жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер 8.3.2.23 — жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына әсерін бағалау
Электростатика негіздері Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер 8.4.1.1 — электр зарядын сипаттау;

8.4.1.2  — Үйкеліс арқылы денені электрлену және индукция құбылысын түсіндіру;

8.4.1.3 — электрленудің оң және теріс әсеріне мысалдар келтіру

Электр зарядының сақталу заңы,қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi, Кулон заңы, элементар электр заряды 8.4.1.4 — электр зарядының сақталу заңын түсіндіру;

8.4.1.5 — Кулон заңын есептер шығаруда қолдану

Электр өрiсi, электр өрісінің кернеулігі 8.4.1.6 — электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру;

8.4.1.7 — біртекті электростатикалық өрістегі зарядқа әсер етуші күшті есептеу;

8.4.1.8 — электр өрісін  күш сызықтар арқылы кескіндеу

Электр өрісінің потенциалы және потенциалдар айырымы, конденсатор 8.4.1.9 — потенциалдар айырымының және потенциалдың физикалық мағынасын түсіндіру;

8.4.1.10  — конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттау

3-тоқсан
Тұрақты электр тогы Электр тогы, электр тогы көздері 8.4.2.1 — электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу шарттарын түсіндіру
Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері, ток күшi, кернеу 8.4.2.2  — электр схемасын  графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану;

8.4.2.3 — кернеудің физикалық мағына-сын, оның өлшем бірлігін түсіндіру

№ 3 зертханалық жұмыс. «Электр тiзбегiн құрастыру және оның әртүрлi бөлiктерiндегi ток күшiн өлшеу» 8.4.2.4 — электр тізбегіндегі ток күші мен кернеуді анықтау;

8.1.3.3 — физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

№ 4 зертханалық жұмыс. «Тiзбек бөлiгi үшiн ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттеу» 8.4.2.5 — тұрақты  температурада металл өткізгіштің вольт-амперлік сипаттамасын графикалық түрде бейнелеу және түсіндіру;

8.1.3.1 — эксперименттен деректерін жинақ-тау, талдау және өлшеу және қателіктерін ескеріп жазу

Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы 8.4.2.6 — тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану;
Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат 8.4.2.7- кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру;

8.4.2.8 — есеп шығаруғанда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiн формуласын қолдану

№ 5 зертханалық жұмыс. «Өткiзгiштердi тiзбектей қосуды зерделеу» 8.4.2.9 — өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын  эксперимент арқылы алу;

8.1.3.3 — физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

№ 6 зертханалық жұмыс. «Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу» 8.4.2.10 — өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау;

8.1.3.3 — физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосу 8.4.2.11 —  өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу
Электр тогының жұмысы мен қуаты 8.4.2.12 — жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану
Электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы 8.4.2.13 — Джоуль-Ленц заңын есептер шығару үшін қолдану;
№ 7 зертханалық жұмыс. «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау» 8.4.2.14  — эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау;

8.4.2.15 — кВт*сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын практика жүзінде анықтау;

8.1.3.3  — физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын өткізгіштік 8.4.2.16 — металл өткізгіштердегі электр тогын және оның кедергісінің температураға тәуелділігін сипаттау
Электрқыздырғыш құралдар, кыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар 8.4.2.17 — қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін және алдын алу амалдарын түсіндіру
Электр тогының химиялық әсерi (Фарадейдiң заңы) 8.4.2.18 — сұйықтардағы электр тогын сипаттау
Электромагниттік құбылыстар Тұрақты магниттер, магнит өрiсi.

 

№ 8 зертханалық жұмыс. «Тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу»

8.4.3.1 — магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру және магнит өрісін күш сызықтары арқылы бейнелеу;

8.1.3.3 — физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi.

Тогы бар шарғының магнит өрiсi

8.4.3.2 — магнит өрісінің сипаттамаларын түсіндіру;

8.4.3.3 — тогы бар түзу өткізгіштің және соленоидтің айналасындағы  өріс сызықтарының бағытын анықтау

Электромагниттер және оларды қолдану.

 

№ 9 зертханалық  жұмыс. «Электрмагниттi құрастыру және оның әсерiн сынау»

8.4.3.4 — жолақ магнит пен соленоидтың магнит өрістерін салыстыру;

8.1.3.3 — физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Магнит өрiсiнiң тогы бар өткiзгiшке әрекеті, электроқозғалтқыш, электр өлшеуіш құралдар 8.4.3.5 — магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін сипаттау;

8.4.3.6 — электрқозғалтқыштың және электр өлшеуіш құралдардың жұмыс істеу принципін түсіндіру

Электромагниттiк индукция, генераторлар 8.4.3.7 — электромагниттік индукция құбылысын түсіндіру;

8.4.3.8 — Қазақстанда және дүние жүзінде электр энергиясын өндірудің мысалдарын  келтіру

4-тоқсан
Жарық құбылыстары Жарықтың түзу сызықты таралу заңы. 8.5.1.1 — Күннің және Айдың тұтылуын графикалық бейнелеу;
Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары, жазық айналар 8.5.1.2 — эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін анықтау;

8.5.1.3 — айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын келтіру және түсіндіру;

8.5.1.4 — жазық айнада дененің кескінін алу және оны сипаттау

Сфералық айналар,  сфералық айна көмегімен кескін алу 8.5.1.5 — дененің кескінін алу үшін сфералық айнада сәуленің жолын салу және алынған кескінді сипаттау
Жарықтың сынуы, жарықтың сыну заңы, толық ішкі шағылу 8.5.1.6 — жазық параллель пластинада сәуленің жолын салу;

8.5.1.7 — жарықтың сыну заңын пайдаланып есептер шығару;

8.5.1.8 — тәжирибеге сүйене отырып толық ішкі шағылу құбылысын түсіндіру

№ 10 зертханалық  жұмыс. «Шынының сыну көрсеткiшiн анықтау» 8.5.1.9  — экспериментте шынының сыну көрсеткiшiн анықтау;

8.5.1.10  — сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндермен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалау

Линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы.

Линзаның көмегімен кескiн алу

8.5.1.11 — жұқа линза формуласын есептер шығару үшін қолдану;

8.5.1.12 — линзаның сызықтық ұлғаю формуласын  сандық және графиктік есептер шығару үшін қолдану;

8.5.1.13 — жұқа линзада сәуленің жолын салу және кескінге сипаттама беру

№ 11 зертханалық  жұмыс. «Жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау» 8.5.1.14 — жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау;

8.1.3.3 — физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Көз — оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері 8.5.1.15 — көздің алыстан көргіштігі мен жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттау
Оптикалық аспаптар 8.5.1.16  — қарапайым оптикалық құралдарды (перископ, обскура камерасы) құрастыру

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *