Жаңа бағдарлама Физика 9 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар 2018-2019 жыл

Негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныптарына арналған

«Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар

 

  • 9-сынып:

 

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны Оқыту мақсаттары

 

Білім алушылар:
1-тоқсан
Кинематика негіздері Механикалық қозғалыс 9.2.1.1 — Материялық нүкте, санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы ұғымдарының мағынасын түсіндіру, жылдамдықтарды қосу және орын ауыстыру теоремаларын қолдану
Векторлар және оларға амалдар қолдану.

Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары

9.2.1.2 — векторларды қосу, азайту, векторды скалярға көбейту;

9.2.1.3 — вектордың координаталар осіне проекциясын анықтау, векторды құраушыларға жіктеу

Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс, үдеу 9.2.1.4 — уақыттан тәуелділік графиктерінен орын ауыстыруды, жылдамдықты, үдеуді анықтау;
Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру 9.2.1.5 — түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер  шығаруда қолдану;

9.2.1.6 — түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі координата мен орын ауыстыру теңдеулерін есептер шығаруда қолдану

№ 1 зертханалық жұмыс. «Теңүдемелі қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау» 9.2.1.7 — теңүдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін эксперименттік жолмен анықтау;

9.1.3.2 — эксперименттің нәтижесіне әсер ететін факторларды талдау және экспери-ментті жүргізуді жақсарту жолдарын ұсыну;

9.2.1.8 — теңүдемелі қозғалыс кезiндегi орын ауыстырудың және жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графиктерін тұрғызу және  оларды түсіндіру

Дененiң еркiн түсуi, еркiн түсу үдеуi 9.2.1.9 — еркін түсуді сипаттау үшін теңайнымалы қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдану
№ 2 зертханалық жұмыс. «Горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу» 9.2.1.10 — теңайнымалы және бірқалыпты қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдана отырып, горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын сипаттау;

9.2.1.11 — горизонталь лақтырылған дененің қозғалыс жылдамдығын анықтау ;

9.2.1.12-  горизонталь лақтырылған дененің қозғалыс траекториясын сызу

Қисықсызықты қозғалыс; материялық нүктенiң шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалысы

Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар

9.2.1.13 — дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық  шамалар арқылы сипаттау;

9.2.1.14 — сызықтық және бұрыштық жылдамдықты байланыстыратын өрнекті есептер  шығаруда  қолдану

Центрге тартқыш үдеу 9.2.1.15 — центрге тартқыш үдеу формуласын есептер  шығаруда қолдану
Астрономия негіздері Жұлдызды аспан 9.7.2.1 — абсолюттік және көрінерлік жұлдыздық шамаларды ажырату;

9.7.2.2 — жұлдыздырдың жарқырауына әсер ететін факторларды атау

Аспан сферасы, аспан координаталарының жүйесі 9.7.2.3 — аспан сферасының негізгі элементтерін атау;

9.7.2.4 — жұлдызды аспанның жылжымалы картасынан жұлдыздардың аспан координатасын анықтау

Әртүрлі географиялық ендіктегі аспан шырақтарының көрінерлік қозғалысы, жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт 9.7.2.5 — әртүрлі ендіктегі жұлдыздардың шарықтау айырмашылығын түсіндіру;

9.7.2.6 — жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақытты сәйкестендіру

Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс  заңдары 9.7.2.7 —  Кеплер заңдарының негізінде аспан денелерінің қозғалысын түсіндіру
Күн жүйесі денесіне дейінгі ара қашықтықты параллакс әдісімен анықтау 9.7.2.8 — Күн жүйесіндегі денелердің ара қашықтығын немесе өлшемдерін анықтау үшін параллакс әдісін  қолдануды түсіндіру
2-тоқсан
Динамика негіздері Ньютонның бiрiншi заңы, инерциялық санақ жүйелерi 9.2.2.1 — инерция, инерттілік және инерциялық санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын түсіндіру;

9.2.2.2-  Ньютонның бірінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану

Механикадағы күштер 9.2.2.3 — ауырлық күші, серпімділік күші, және үйкеліс күші табиғатын түсіндіру
Ньютонның екiншi заңы, масса 9.2.2.2 — Ньютонның екінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану
Ньютонның үшінші заңы 9.2.2.5 — Ньютонның үшінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану
Бүкiләлемдiк тартылыс заңы 9.2.2.6 — Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану
Дененің салмағы, салмақсыздық 9.2.2.10 — үдеумен қозғалған дененің салмағын анықтау;

9.2.2.11 — салмақсыздық күйді түсіндіру

Денелердiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы.

Жердің жасанды серіктерінің қозғалысы

9.2.2.9 — бірінші ғарыштық жылдамдықтың формуласын есептер шығаруда қолдану;

9.2.2.7 — ғарыш аппараттардың орбиталарын салыстыру;

9.2.2.8 — тартылыс өрісіндегі дененің қозғалысын сипаттайтын шамаларды анықтау

3-тоқсан
Сақталу заңдары Дене импульсі және күш импульсі 9.2.3.1 — дене импульсі мен күш импульсін ажырату
Импульстің сақталу заңы.

Реактивтi қозғалыс

9.2.3.2 — импульстің сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану;

9.2.3.3 — табиғаттағы және техникадағы реактивті қозғалысқа мысалдар келтіру;

9.2.3.4 — Байқоңыр ғарыш айлағының аймақтық және халықаралық маңыздылығына баға беру

Механикалық жұмыс және энергия 9.2.3.5 — механикалық жұмысты аналитикалық және графиктік тәсілдермен анықтау;

9.2.3.6 — жұмыс пен энергияның байланысын түсіндіру

Энергияның сақталу және айналу заңы 9.2.3.7 — энергияның сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану
Тербелістер және толқындар Тербелмелі қозғалыс 9.2.5.1 — еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіру;

9.2.5.2 — эксперименттік  әдіспен амплитуда, период, жиілікті  анықтау;

9.2.5.3 — формулаларды қолданып, период, жиілік, циклдік жиілікті анықтау

Тербелістер кезіндегі энергияның түрленуі.

Тербелмелі қозғалыстың теңдеуі

9.2.5.4 — тербелмелі процесте  энергияның сақталу заңын сипаттау;

9.2.5.5 — гармониялық тербелістердің графиктері бойынша координатаның, жылдамдықтың және үдеудің теңдеулерін жаза білу

Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері 9.2.5.6 —  әртүрлі тербелмелі жүйедегі тербелістің пайда болу себептерін түсіндіру;

9.2.5.7 — маятниктер тербелісі  периодының әртүрлі параметрлерге тәуелділігін зерттеу

№ 3 зертханалық жұмыс. «Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау» 9.2.5.8 — математикалық маятник периодының формуласынан еркін түсу үдеуін анықтау;

9.2.5.9 — период квадратының  маятник ұзындығына тәуелділік графигін тұрғызу және талдау;

9.1.3.1 — алған нәтижені түсіндіру және  қорытынды жасау

Еркін және еріксіз тербелістер, резонанс 9.2.5.10 — еріксіз тербеліс амплитудасының  мәжбүрлеуші күштің жиілігіне тәуелділігін график бойынша сипаттау;

9.2.5.11 — резонанс құбылысын сипаттау

Еркін электромагнитік тербелістер 9.4.4.1 — тербелмелі контурдағы еркін электромагниттік тербелістерді сапалық түрде сипаттау
Толқындық қозғалыс 9.2.5.12 — толқын жылдамдығы, жиілігі және толқын ұзындығы формулаларын есеп шығаруда қолдану;

9.2.5.13 — көлденең және бойлық толқындарды салыстыру

№4 зертханалық жұмыс. «Беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау» 9.2.5.14 — су бетіндегі толқындардың таралу жылдамдығын  эксперимент түрінде анықтау
Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық 9.2.5.15 — дыбыстың пайда болу және таралу шарттарын атау;

9.2.5.16 — дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіру;

9.2.5.17 —  резонанстың пайда болу шарттарын атау және оның қолданылуына мысалдар келтіру;

9.2.5.18 — жаңғырықтың пайда болу табиғатын  және оны қолдану  әдістерін сипаттау;

9.2.5.19 — табиғатта және техникада ультрадыбыс пен инфрадыбыстықолдануға мысалдар келтіру

Электромагниттік толқындар

Электромагниттік толқындар  шкаласы

9.4.4.2 — механикалық толқындар мен электромагниттік толқындардың ұқсастығы мен айырмашылығын  салыстыру;

9.4.4.3 — электромагниттік толқындар шкаласын сипаттау және әртүрлі диапазондағы  толқындардың қолданылуына  мысалдар келтіру;

9.4.4.4 — шыны призма арқылы өткен жарықтың  дисперсиясына сапалы сипаттама беру

4-тоқсан
Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар Жылулық сәуле шығару 9.6.1.1 — жылулық сәуле шығару  энергиясының температураға тәуелділігін сипаттау
Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы 9.6.1.2 — Планк формуласын есептер шығаруда қолдану
Фотоэффект құбылысы 9.6.1.3 — фотоэффект құбылысын сипаттау және фотоэффект құбылысының техникада пайдаланылуына мысалдар келтіру;

9.6.1.4 — фотоэффект үшін Эйнштейн формуласын есептер шығаруда қолдану;

Рентген сәулелері 9.6.1.5 — рентген сәулесін электромагниттік сәулелердің басқа түрлерімен салыстыру;

9.6.1.6 — рентген сәулесін қолдануға мысалдар келтіру

Радиоактивтілік.

Радиоактивті сәулеленудің табиғаты

9.6.2.1 — α, β және γ — сәулеленудің табиғаты мен қасиеттерін түсіндіру
Резерфорд тәжірибесі, атомның құрамы 9.6.1.7-  α-бөлшегінің шашырауы бойынша Резерфорд тәжірибесін сипаттау
Атом ядросы Ядролық өзара әрекеттесу, ядролық күштер.

Массалар ақауы, атом ядросының байланыс энергиясы

9.6.1.8 — ядролық күштердің қасиеттерін сипаттау;

9.6.1.9 — атом ядросының масса ақауын анықтау;

9.6.1.10 — атом ядросының  байланыс энергиясы формуласын есептер шығаруда қолдану

Ядролық реакциялар.

Радиоактивті ыдырау заңы

9.6.1.11 — ядролық реакцияның теңдеуін шешуде зарядтық және массалық сандардың сақталу заңын қолдану;

9.6.2.2 — радиоактивті ыдыраудың ықтималдық сипатын түсіндіру;

9.6.2.3 — радиоактивті ыдырау заңын есеп шығаруда қолдану

Ауыр ядролардың бөлінуі, тізбекті ядролық реакция.

Ядролық реакторлар

9.6.2.4 — тізбекті ядролық реакциялардың өту шарттарын сипаттау;

9.6.2.5 — ядролық реактордың жұмыс істеу принципін сипаттау

Термоядролық реакциялар.

Радиоизотоптар, радиациядан қорғану

9.6.2.6 — ядролық ыдырау  мен ядролық синтезді салыстыру;

9.6.2.7 — радиактивті изотоптарды қолданудың мысалдарын келтіру;

9.6.2.8 — радиациядан қорғану әдістерін сипаттау

Элементар бөлшектер 9. 6.3 — элементар бөлшектерді жіктеу
Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі Физика және астрономияның дүниетанымдық маңызы 9.8.1.1 — адамның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына физика және астрономияның  дамуының ықпалын  түсіндіру;
Экологиялық мәдениет 9.8.1.3 — жаңа технологиялардың қоршаған ортаға ықпалының артықшылығы мен қауіптілігін бағалау;

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *