Жаңа бағдарлама Химия 10 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар Қоғамдық-гуманитарлық бағыты ҚГБ 2018-2019 жыл

Ұзақ мерзімді жоспар

10- сынып

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Тақырыбы/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі мазмұны Оқу мақсаты
1 – тоқсан
10.1A

Атом құрылысы

(6 с)

Атом құрылысының заманауи теориясы.

Атомдағы электрон күйі және қозғалысы.

Көрсетілім №1 «Атом құрылысы моделі»

10.1.2.1 атом құрылысының заманауи теориясын білу

10.1.2.2 s, p, d, f орбитальдарының пішінін ажырату;

Квант саны. Паули принципі, Хунд ережесі, Клечковский ережесі. 10.1.3.1 квант сандарының сипаттамасы мен мәндерін білу;

10.1.3.2 электрон орбитальдарын толтыру ережелерін: минимальді энергия принципі, Паули принципі, Хунд ережесін қолдану;

алғашқы 36 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын жазу;

Изотоптар.

Есеп шығару:

«Құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын табу»

10.1.2.3 радиоактивтілік табиғатын және радиоактивті изотоптардың қолданылуын түсіндіру;

10.1.1.1 құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын шығару;

 

Радиоактивті заттар туралы түсінік. Ядролық реакциялар және олардың Қазақстанның энергетикалық потенциалындағы маңызы 10.2.1.8 радиоактивті заттар ұғымын білу;

10.2.1.9 радиоактивті ыдырау типін білу және қарапайым ядролық реакциялар теңдеуін құра алу (α, β, β+, γ ыдырау);

10.2.1.10 Қазақстан энергетикалық потенциалында ядролық реакциялар мәнін түсіну;

10.1В

Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі

(4 с)

Периодтық заң және периодтық жүйе атом құрылысы тұрғысынан.

Атом валенттілігі және валенттілік мүмкіндігі.

Атомның тотығу дәрежесі.

Негізгі топшада және периодта элемент қасиеттерінің периодты өзгеруі.

10.2.1.1 периодтық заңның физикалық мәнін түсіндіру

10.2.1.2 валенттілік және атомның тотығу дәрежесі ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру

10.2.1.3 химиялық элемент атомдарының қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарының сипаттау: радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі;

 

Периодта және топта қосылыстардың қышқылды – негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары.

 

10.2.1.4 период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық – негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру;

 

Қоршаған ортаның химиялық бейнесін және технология мен ғылымның дамуы үшін периодтық заңның мәнін түсіну 10.2.1.5 периодтық кестеде орналасуы бойынша химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерін болжау;

10.2.1.6 периодтық кестенің ашылуымен байланысты дамыған ғылымдардың негізгі бағыттарын тізімдеу;

10.1C Химиялық байланыс және зат құрылысы (8с) Химиялық байланыс түрінің біртұтас электронды табиғаты

Ковалентті химиялық байланыс. Ковалентті химиялық байланыс қасиеттері.

Ковалентті байланыстың донорлы- акцепторлы механизммен түзілуі

Көрсетілім №2 «Графит, алмаз, көміртегі (IV)  оксидінің кристалдық тор моделі»

10.1.4.1 донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша  ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру;

10.1.4.2 ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттау;

10.1.4.3 H2, Cl2, O2, N2, HCl, NH3 молекулалары үшін Льюис диаграммасын құру;

 

Атом орбитальдарының гибридтелуі (sp, sp2, sp3) және молекула геометриясы

 

10.1.4.4 әртүрлі гибридтелу түрлерінің  мәнін түсіндіру;

10.1.4.5 BF3, CH4, NH3, H2O, ВеСl2 мысалында молекуланың электронды және кеңістіктік құрылысына зат қасиетінің тәуелділігін түсіндіру;

Электртерістілік  және байланыс полярлығы 10.1.4.6 атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжау;
Ионды химиялық байланыс және иондық кристалдық тор.

Металдық байланыс және металдық кристалдық тор.

Көрсетілім  №3 «Натрий, мыс хлоридтерінің кристалдық тор моделі»

10.1.4.7 иондық байланыстың қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде түзілетіндігін түсіну;

10.1.4.8 NaCl, CaO, MgF2, KH  қосылыстары үшін Льюис диаграммасын құру;

10.1.4.9 металдық байланыстың табиғатын және оның металдардың физикалық қасиеттеріне әсерін түсіндіру;

 

Сутектік байланыс.

Жай және күрделі заттардың қасиеттерінің химиялық байланыс және кристалдық тор типіне тәуелділігі.

Зертханалық  тәжірибе № 1 « Әр түрлі химиялық байланысты заттардың молекуласын даярлау. Түрлі кристалдық торлы заттардың қасиеттерін оқу»

10.1.4.10 сутекті байланыстың түзілу  механизмін түсіндіру;

10.1.4.11 кристалл тор типтері және байланыс түрлері әртүрлі  қосылыстардың  қасиеттерін болжау;

 

2- тоқсан
10.2A Химиялық реакциялар заңдылығы

(6 с)

Химиялық реакциялардың жіктелуі 10.2.1.7 химиялық реакцияларды үдерістің бағыты, саны мен құрамы, реагенттер мен реакция өнімдеріндегі химиялық элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгеруі бойынша жіктей білу;
Жай, бинарлы және күрделі бейорганикалық заттардың қатысуымен тотығу –тотығу реакциялары 10.2.3.1 зат формуласы бойынша элементтің тотығу дәрежесін анықтай алу;

10.2.3.2 электронды баланс әдісін қолданып тотығу және тотықсыздану теңдеулерін құрастыра алу;

 

Тұз ерітінділерінің және балқымаларының электролизі.

Көрсетілім №4

«Өнеркәсіптік үдерістер электролизінің бейне көрсетілімдері: мыс, алюминий, натрий гидроксиді және хлоридінің өнеркәсіптік өндірісі»

 

 

10.2.3.3 ерітінді және балқыма арқылы электр тоғы өткен кезде жүретін үдерістерді оқу және түсіндіру;

10.2.3.4 электролит ерітінділерін және балқымаларын электролиздеу кезінде электродтарда түзілетін электролиз өнімдерін болжау;

10.2.3.5 ерітінді және балқыма электролизі үдерісі сызбанұсқасын құра алу;

10.2.3.6 электролиз өнімдерінің массасын, көлемін (газ) есептей алу;

 

Қышқыл, сілті және тұз ерітінділерінің рН-і

Тұздар гидролизі.

Зертханалық  тәжірибе № 2  «Гидроксидтер, қышқыл және тұздар қасиеттерін зерттеу. Тұздар гидролизі»

Зертханалық  тәжірибе № 3 «Ерітінділер рН –ын, тұздар, негіздер және қышқылдардың сапалық құрамын тәжірибе арқылы дәлелдеу»

 10.3.4.1 ерітіндінің рН мәні бойынша тұздар, қышқылдар және гидроксид ерітінділерінің сапалық құрамын дәлелдеу;

10.3.4.2 оның сапалық құрамы бойынша тұз ерітінділерінің ортасын болжау;

 

Химиялық реакциялардың жылу эффектісі және оның маңызы.

Көрсетілім №5 «Экзо – эндотермиялық реакциялар»

10.3.1.1 жылу эффектісі бойынша химиялық реакцияларды жіктей алу;

10.3.1.2 химиялық реакциялардың жылу эффектісі мәнін тұсіндіру;

10.3.1.3 химиялық реакциялардың жылу эффектісін есептей алу;

10.2 В Кинетика

(4 с)

 

Химиялық реакция жылдамдығы. Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар.

Зертханалық  тәжірибе № 4

«Химиялық реакция жылдамдығының әртүрлі факторларға: температура, концентрация, қысымға тәуелділігін тану»

10.3.2.1 химиялық реакция жылдамдығына температура, концентрация, қысымның әсерін тәжірибелік зерттеу;

10.3.2.2 химиялық реакция жылдамдына әртүрлі факторлар  өзгерісінің әсерін түсіндіру;

10.3.2.3 әрекеттесуші заттар концентрациясы және температурасы өзгеруі кезіндегі реакция жылдамдығының өзгерісін есептей алу;

 

Катализаторлар мен ингибиторлар. Гомогенді және гетерогенді катализ.

Зертханалық  тәжірибе № 5 «Химиялық реакция жылдамдығының  әртүрлі факторларға тәуелділігін зерттеу, гомогенді және гетерогенді катализ».

Қазақстанда катализдік химия ғылымының дамуы

10.3.2.4 химиялық реакция жылдамдығына катализаторлар және ингибиторлар әсерін түсіндіру;

10.3.2.5 гомогенді және гетерогенді катализ механизмін түсіндіру;

10.3.2.6 Қазақстанда катализдік химияның дамуын білу;

10.2 С Химиялық тепе-теңдік

(2 с)

Химиялық тепе-теңдік және оның ығысуына әсер етуші жағдайлар. Ле Шателье-Браун принциптері.

Зертханалық  тәжірибе №6 «Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы (аммоний не калий тиоционаты мен темір (ІІІ) хлориді концентрациясының өзгеруі бойынша»

10.3.3.1 әр түрлі факторлардың тепе-теңдіктің ығысуына әсерін тәжірибе жүзінде зерттеу;

10.3.3.2 химиялық тепе-теңдікке температура, концентрация және қысым өзгерісінің әсерін болжау;

10.3.3.3 тепе-теңдік константасы өрнегін құра алу;

 

3- тоқсан
10.3A

Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы (6с)

Металдар және бейметалдар: химиялық элементтер және жай заттар.

Металдар мен бейметалдардың (атом, ион) құрылысы және кристалдық торларының ерекшелігі,

металдар мен бейметалдар, олардың қосылыстарының қасиеттерінің период және топ бойынша өзгеруі

Көрсетілім №6

«Металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының үлгілері;

металдардың кристалдық тор модельдері»

10.2.1.11 металдар және бейметалдар құрылысының ерекшелігін сипаттау: атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, кристалл торы;

10.2.1.12  период және топта металл, бейметалл және олардың қосылыстарының қасиеттерінің өзгеру заңдылығын болжау;

 

 

 

Металдар және бейметалдар: негізгі физикалық және химиялық қасиеттері. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары.                 Зертханалық  тәжірибе №7 «Типтік металдар, бейметалдар мен амфотерлі элементтердің химиялық қасиеттері» 10.2.1.13  металдар және  бейметалдардың негізгі физикалық қасиеттерін түсіндіру;

10.2.1.14  электрохимиялық кернеу қатарында металдардың орналасу принципін түсіну;

10.2.1.15  металдар және бейметалдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;

10.2.1.16  типтік металдар, бейметалдар мен амфотерлі элементтердің химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу;

 

 

Металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының табиғатта кездесуі 10.2.1.17  металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының табиғатта таралуы туралы білу;

10.4.1.1  кейбір металдар мен бейметалдардың және олардың қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін зерделеу;

Тірі ағзалардың іс- әрекетінде метлдар және бейметалдардың биологиялық ролі 10.4.1.2  тірі ағзалардың іс- әрекетінде металдар және бейметалдардың биологиялық рөлін түсіндіру

 

 

10.3B Маңызды s-элементтер және олардың қосылыстары (6с) Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі s-элементтердің орны, атом құрылысының ерекшелігі, олардың металдық және тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстыру 10.2.1.18  атом құрылысы негізінде s-элементтердің жалпы қасиеттерін түсіндіру;

10.2.1.19   s-элементтердің металдық, тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін құрастыру;

 

Натрий, калий және олардың маңызды қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы, биологиялық маңызы.

Көрсетілім №7 «Натрий, калий және кальцийдің сумен әрекеттесуі.

Натрий, калий және кальций иондарына сапалық реакция (жалын түсінің өзгеруі)

10.2.1.20    натрий, калий және олардың маңызды қосылыстарының алыну әдістерін білу;

10.2.1.21    натрий, калий және кальцийдің сумен реакциясының химиялық белсенділігін ажыратуды түсіндіру;

10.4.1.3  натрий және калий қосылыстарының биологиялық рөлін түсіндіру;

 

Кальций, магний және олардың қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы, биологиялық маңызы
Зертханалық  тәжірибе №8 «Натрий, калий, магний, кальцийдің маңызды тұздарының үлгілерімен танысу, металдардың химиялық белсенділігін салыстыру.  Сілтілік және сілтілік-жер металдары тұздарының жалынды бояуы»;
10.2.1.22  кальций, магний және олардың қосылыстарының негізгі қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;

10.2.1.23 калий, натрий, кальций иондарының сапалық реакциясын зерттеу (жалынды бояуы);

10.4.1.4 кальций және магнийдің биологиялық рөлін түсіндіру;

 

Судың кермектігі, оны жою жолдары.

Сілтілік металдар мен сілтілік жер металдарының табиғи қосылыстарының Қазақстандағы кен орындары

 10.4.1.5 судың кермектігін және оны жою әдістерін түсіндіру;

10.4.1.6 Қазақстанда таралған сілтілік және сілтілік жер металдардың табиғи қосылыстарын  білу;

10.2.2.1 металдар мен оның қосылыстарындағы генетикалық байланысты көрсететін химиялық реакция теңдеулері бойынша реагенттің немесе өнімнің массасына, зат мөлшеріне есептер шығару.

10.3C Маңызды d-элементтер және олардың қосылыстары (8с) d-элементтердің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысының ерекшелігі. Қазақстандағы

мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының кен орындары

10.2.1.24  атом құрылысы негізінде d-элементтердің периодтық жүйедегі орнын түсіндіру;

10.4.1.7  Қазақстандағы мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының кен орындары атау;

 

 

Мыс, мырыш және олардың маңызды қосылыстары.

Зертханалық  тәжірибе №9 «Cu2+, Zn2+ иондарын тануға сапалық реакция»

10.2.1.25 мыс, мырыш және олардың маңызды қосылыстарының қасиеттерін және қолданылуын түсіндіру;

10.2.1.26  Cu2+, Zn2+ иондарын тани білу;

Хром және оның қосылыстары 10.2.1.27 хром және оның қосылыстарың қасиеттерін және қолданылуын  түсіндіру;
Темір және оның қосылыстары.

Зертханалық  тәжірибе №10 «Fe2+, Fе3+ иондарын тануға сапалық реакция»

10.2.1.28 темір және оның қосылыстарының алынуын, тән физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттау;

10.2.1.29  Fe2+, Fе3+ иондарын тани білу;

 

Практикалық жұмыс  №1 «Темір (ІІ), (ІІІ), мыс (ІІ), мырыш, хром (ІІІ) гидроксидтерін алу;

қышқыл мен сілтінің гидроксидтерге әсерін зерттеу»

10.2.1.30 темір (ІІ), (ІІІ), мыс (ІІ), мырыш, хром (ІІІ) гидроксидтерін тәжірибе жүзінде ала білу және олардың қышқыл және сілтілермен әрекеттесуін зерделеу;

 

Коррозия  түрлері және коррозияның алдын алу шаралары 10.2.3.7 коррозия  түрлерін, коррозияның болу себептерін білу және оның конструкцияларының пайдалану ұзақтығына кері әсерін түсіндіру;

10.2.2.2  металдар қатысуымен жүретін химиялық реакциялар теңдеуі бойынша (құрамында қоспасы бар реагенттер, теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы практикалық шығымның массалық үлесі) есептер шығару;

4 — тоқсан
10.4А

Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары (10 с)

Периодтық жүйедегі р-элементтердің орны, олардың атом құрылысының ерекшеліктері.

Алюминий және олардың қосылыстары.

10.2.1.31 атом құрылысы көзқарасы тұрғысынан периодта және топта р-элементтердің қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру;

10.2.1.32 алюминий оксиді және гидроксидінің екәдайлы қасиеттерін оқып білу;

10.2.1.33 алюминий және оның құймаларының қолданылуын сипаттау;

 

Көміртек, кремний және олардың қосылыстарының қасиеттері.

Көміртек, кремний және олардың қосылыстарының табиғатта таралуы.

Көрсетілім № 8 «Еріген заттың белсендірілген көмірге сіңірілуі (адсорбция)

10.2.1.34 көміртек, кремний және олардың қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттерін оқып білу;

10.2.1.35 иіс газымен уланудың қалай жүретінін түсіндіру және алғашқы көмек көрсету әдістерін сипаттау;

 

Азот молекуласы құрылысы және қасиеттерінің ерекшеліктері. Аммиак, аммоний тұздары.

Ортофосфор қышқылы және фосфаттар.

Азот және фосфор қосылыстарының тыңайтқыш ретінде қолданылуы.

Азот оксидтерінің, нитраттар және фосфаттардың қоршаған ортаға экологиялық әсері.

Пратикалық жұмыс

№2 «Аммиак алу, оның сулы ерітіндісінің және аммоний тұздарының қасиеттерін зерттеу»

10.2.1.36 молекула құрылысы негізінде азоттың төмен химиялық белсенділігін түсіндіру;

10.2.1.37 газтәрізді аммиактың және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін және алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;

10.4.1.8 азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топырақ және су ресурстарына әсерін анализдеу;

10.4.1.9 азот және фосфор қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайтудың мәселелерін шешу жолдарын ұсыну;

10.2.1.38 ортофосфор қышқылының және фосфаттардың физикалық, хиииялық қасиеттерін оқып білу;

 

Күкірт, оның оксидтері, қышқылдары, сульфаттар. Күкірт қышқылының қасиеттері

 

10.2.1.39 құрамында күкірті бар қазбалы отындардың жануы кезіндегі  күкірт диоксидінің түзілуін сипаттау;

10.4.1.10 қышқыл жаңбырлардың қалыптасуындағы күкірт диоксидінің ролін және оның қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;

10.2.1.40 сұйылтылған және концентрлі күкірт қышқылының қасиеттерін салыстыру;

10.4.1.11 тағам өнімдерін консервілеуде күкірт диоксидінің қолданылуын түсіндіру;

Галогендер. Хлорсутек, тұз қышқылы және хлоридтер.

Зертханалық  тәжірибе №11

«Йод ерітіндісінің крахмалға әсері»

Адам тіршілігіндегі йодтың биологиялық ролі. Йод жетіспеушілігінен туындайтын аурулардан Қазақстан тұрғындарын сақтандыру шаралары

10.2.1.41 топ бойынша  галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру;

10.2.1.42 тұз қышқылының химиялық қасиеттерін оқып білу және оның қолданылу аймағын білу;

10.4.1.12 адам ағзасындағы йодтың биологиялық ролін білу және Қазақстан территориясында йод жетіспеушілігіне байланысты туындайтын ауруларды түсіндіру және осы мәселелерді шешу жолын ұсыну;

 

 

Практикалық жұмыс № 3 «Кейбір аниондарға сапалық реакция» тақырыбына эксперименттік есептер шығару 10.2.1.43  хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат-, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияны білу;

10.2.1.44 аниондарды анықтау бойынша тәжірибе жоспарын құру және оны іс –жүзінде жүзеге асыру;

10.4B

Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру (6 с)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанда қара және түсті металдарды  және олардың құймаларын алу 10.2.3.8 өнеркәсіпте металдарды алу әдістерін білу

10.2.3.9 Тұрмыста, техникада және ғылымда қолданылатын маңызды құймалардың құрамын атау: шойын, болат, жез, қола, мельхиор, дюралюминий;

10.2.3.10 шойын және болаттың алыну әдістерін және қасиеттерін сипаттау;

10.4.1.13  Қазақстандағы химиялық өндірістердің экологиялық мәселелерін түсіндіру;

Жанасу әдісімен күкірт қышқылын өндіру 10.2.1.45 күкірт қышқылын өнеркәсіптік өндірудің жанасу үдерісін сипаттаужәне оның өнеркәсіп үшін мәнін білу;
Аммиак, азот қышқылыш өндіру

 

10.2.1.46  аммиак және азот қышқылын өнеркәсіптік өндіру әдістерін және оның өнімдерінің қолданылу саласын сипаттау;
Қазақстандағы силикат өндірісі 10.2.3.11 шыны, цемент өндіру үдерісін және олардың қолданылуын сипаттау;
Химиялық және металлургиялық өндіріс қалдықтарымен қоршаған ортаның ластануы 10.4.1.14 химиялық және металлургиялық өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсерін бағалау;

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *