Жаңа бағдарлама Химия 11 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар Қоғамдық-гуманитарлық бағыты ҚГБ 2018-2019 жыл

Ұзақ мерзімді жоспар

 

11- сынып

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны Оқу мақсаты
1 – тоқсан
11.1A

Органикалық  химияға  кіріспе

Орагникалық қосылыстардың құрылыс теориясы (8 с)

Көміртек атомы құрылысының ерекшеліктері. Гибридизация.   Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыстардың сипатттамасы  және электрондық табиғаты .Көрсетілім №1 « Органикалық затттар үлгілері (мұнай, керосин, этанол, глицерин, глюкоза, сахароза, парафин, мақта, ағаш сүрегі )» 11.4.2.1  көмірсутектердегі көміртектің гибридизациясын зерделеу;

11.4.2.1 С-С  байланысының түзілуін және көміртек атомының құрылыс ерекшеліктерін түсіндіру;

 

.А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының негізгі қағидалары.  Изомерия және гомологтық қатар 11.4.2.3 А.М. Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының негізгі қағидаларын білу;

11.4.2.4 көмірсутектердің молекулалық, эмпирикалық, құрылымдық формулаларын ажырату;

11.4.2.5 изомерлердің түрлерін атау және көміртек қаңқасы, еселі байланыстың орналасуы, функционалдық топтар және класаралық изомерлерінің формулаларын құру;

Бос радикалдар туралы ұғым және олардың тірі ағзалар өміріндегі маңызы 11.4.2.6 бос радикалардар туралы ұғымды қалыптастыру;

11.4.2.7 тірі ағзалар өміріндегі радикалдардың ролін білу;

Органикалық заттардың номенклатурасы мен жіктелуі.   Зертханалық тәжірибе №1 «Метан, этан, этилен, ацетилен, бензол, метанол, этанол, сірке қышқылы молекулаларының  модельдері» 11.4.2.8  гомологтық қатарлардың қалай түзілетіндігін түсіну;

11.4.2.9  гомологтардың ұқсастығы мен айырмашалығын түсіндіру;

11.4.2.10  қосылыстардың құрылымдық формулаларын құру және оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атау;

 

 

 

Органикалық қосылыстардың табиғатттағы және адам өміріндегі маңызы. Органикалық химияның дамуындағы Қазақстандық ғалымдардың ролі 11.4.2.11 органикалық қосылыстардың адам өміріндегі маңызын түсіну

11.4.2.12 қазақстандық ғалымдардың органикалық химияны дамуындағы үлесін түсіну

11.1B Көмірсутектер және олардың көздері

(8 с)

 

Алкандар.   Көрсетілім №2 «Метан, этилен, ацетиленнің жануы. Каучуктер.резина, эбонит үлгілерімен танысу» 11.4.2.13 әртүрлі алкандардың жану үдерісін зерттеу және олардың отын ретінде қолданылуын түсіндіру;

11.4.2.14 алкандардың  жану өнімдерін білу және олардың  қоршаған ортаға әсерін бағалау;

11.4.2.15 берілген жану өнімдері бойынша заттардың молекулалық формулаларын анықтау;

11.4.2.16 органикалық заттардың масссалық үлестері және олардың буының салыстырмалы тығыздығы бойынша органикалық заттардың қарапайым молекулалық формуларын  анықтау;

Циклоалкандар 11.4.2.17 циклоалкандардың гомологтық қатарын, құрылысын, физикалық, химиялық қасиеттерін. қарастыру

11.4.2.18 изомерлерінің формулаларын құрастыру, IUPAC бойынша атау;

Алкендер . Полиэтилен.

Зертханалық тәжірибе № 2 «Этиленнің, ацетиленнің, мұнай үлгісінің және бензолдың калий перманганаты және бром/ йод суы ерітінділеріне әсері»

11.4.2.19 алкендердің  алыну жолдарын,физикалық және химиялық қасиеттерін, құрылысын, гомологтық қатарын қарастыру:

11.4.2.20 полимерлену реакция теңдеулерін құра білу (полиэтилен, полипропилен, поливинилхлорид);

 

Практикалық жұмыс №2 «Этиленді алу және қасиеттерін зерттеу» 11.4.2.21 этиленнен этанолды алу және оның физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу

11.2.4.22 алкендердің сапалық реакциясын білу (қанықпағандық);

2 тоқсан
11.2 А Көмірсутектер және олардың көздері

(16 с)

 

Алкадиендер.                                           Зертханалық тәжірибе № 3 «Изопренді каучуктің шарөзекті моделін құрастыру» 11.4.2.23 алкадиендардің құрылысы, қасиеттерін білу;

11.4.2.24 алкадиендердің қасиеттерін құрылысы негізінде түсіндіру;

11.4.2.25 диендердің полимерлену реакциялары өнімдерінің шаростерженді модельдерін құрастыру (изопрен)

Алкиндер. 11.4.2.26  алкиндердің  алыну жолдарын, физикалық және химиялық қасиеттерін, құрылысын, гомологтық қатарын қарастыру:
Арендер және олардың туындылары. 11.4.2.27 электрондардың делокализациясы тұрғысынан бензол молекуласының құрылымын түсіндіру;

11.4.2.28 бензолды және оның гомологтарын алу реакцияларының теңдеулерін құру;

11.4.2.29 бензол және оның гомологтарына тән қасиеттерді  сипаттау;

11.4.2.30 органикалық синтезде бензолды қолдануды білу;

 Көмірсутектердің және олардың туындыларының генетикалық байланысы 11.4.2.31 органикалық қосылыстардың негізгі кластарының генетикалық байланысының сызбанұсқасын құру;

11.4.2.32 өнімнің шығымын реагант мөлшері (көлем, масса)  және реакция өнімнің берілген шамасы  (көлем, массса) бойынша есептеу;

Көмірсутектердің табиғи көздері және олардың Қазақстандағы кен орындары.

Газ, мұнай, көмірді өңдеу. Казақстанда көмір және мұнай-газ өндірістерінің дамуы. Қазақстанда өнімді өндірудегі, өңдеудегі экологиялық аспектілер

11.4.2.33 көміртек қосылыстарын отын ретінде қолдануға болатынын білу;

11.4.2.34  көмір, мұнай, табиғи газдардың Қазақстандағы кен орындарын карта бойынша анықтау;

11.4.2.35 шикі мұнайды айдау үдерісінің маңызын түсіну және өңдіру үдерісін сипаттау;

11.4.2.36  шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аясын білу;

11.4.2.37 қазба отындар қорының шектеулі екенін түсіну;

11.4.2.38 көмірсутек отындарын жағу қоршаған ортаның ластануына  әкеп соғатынын және оның климатқа әсерін білу;

3 тоқсан
11.3 В Оттекті органикалық қосылыстар. (11 с)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оттекті органикалық қосылыстардың жіктелуі, номенклатурасы 11.4.2.39 спирттер, альдегидтер, кетондар,карбон қышқылдары, эфирлердің функционалдық топтарының құрылысын сипаттау.;

11.4.2.40 спирттер, альдегидтер, кетондар,карбон қышқылдары, эфирлердің  құрылымдық формулаларын құру және IUPAC бойынша атау;

Біратомды және көпатомды спирттер. Фенол

Зертханалық тәжірибе № 4 «Этанолды этилен гидратациясы және глюкозаның ашуы арқылы алу.»

Зертханалық тәжірибе №5 «Спирттердің суда еруі, жануы және біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялары»

11.4.2. 41 спирттердің құрылымдық, функционалдық топ, класаралық изомерлерінің формуларын құру және  жіктелуін атау

11.4.2.42 спирттердің және фенолдың алу жолдарын білу;

11.4.2.43 спирттер мен фенолдың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;

11.4.2.44 спирттер мен фенолдың қолдану аясын атау;

11.4.2.45 спирттердің адам ағзасына уытты әсерін зерделеу;

Альдегидтер. Кетондар. Карбон қышқылдары.

Практикалық жұмыс № 2 « Оттекті органикалық қосылыстарға сапалық реакциялар».

 

11.4.2.46  альдегидтер мен кетондардың құрылымдық формулаларын құру және оларды IUPAC бойынша атау  ;

11.4.2.47 альдегидтер мен кетондарды алу реакция теңдеулерін құрастыру;

11.4.2.48  альдегидтер мен кетондарды тәжірибе жүзінде анықтау;

11.4.2.49 альдегидтер мен кетондардың тотығу және тотықсыздану реакция өнімдерін атау;

11.4.2.50  карбон қышқылдарының алу тәсілдерін  және физикалық қасиеттерін түсіндіру;

11.4.2.51 карбон қышқылының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;

11.3 В Оттекті органикалық қосылыстар. (9 с)

 

Жай және күрделі эфирлер. Майлар.

Сабын және жуғыш заттар .Казақстандағы сабын және синтетикалық жуғыш заттар өндірісі.

Көрсетілім № 3

«Сабын және жуғыш ұнтақ ерітінділерін индикаторлармен сынау»

11.5.1.1 жай және күрделі эфирлерді алу реакцияларының теңдеулерін құрастыру;

11.5.1.2 майлардың құрамы мен құрылысын білу ;

11.5.1.3 майлардың функциясын түсіну;

11.5.1.4 майларға сапалық реакция жасау;

11.5.1.5 майлардың сабындану және гидролиз өнімдерін атау;

11.4.2.52 карбон қышқылдары,күрделі эфирлер,сабын, синтетикалық жуғыш  заттардың қолдану аясын атау;

11.4.2.53 синтетикалық жуғыш заттардан табиғатты қорғау қажеттігін түсіну;

Көмірсулардың жіктелуі, биологиялық рөлі. Моносахаридтер. Глюкоза. Фруктоза

Дисахаридтер. Сахароза. Лактоза.

Полисахаридтер. Крахмал. Целлюлоза.

Зертханалық тәжірибе  № 6 « Тамақ өнімдеріндегі крахмалды анықтау»

11.5.1.6 глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза, сахароза, крахмал және целлюлоза молекулалары формулаларының айырмашылығын білу;

11.5.1.7  глюкозада функционалдық топтардың болуын тәжірибе жүзінде анықтау;

11.5.1.8  глюкозаның сүт қышқылды және спирттік ашуының реакция теңдеуін құрастыру;

11.5.1.9 крахмалға сапалық реакцияны жасау;

11.5.1.10 сахароза, крахмал және целлюлоза гидролизінің реакция өнімдерін атау;

11.5.1.11 крахмал мен  целлюлозаның құрылысы мен қасиеттерін салыстыру;

4 тоқсан
11.4 А

Құрамында азоты бар органикалық қосылыстар. Гетероциклді қосылыстар.

Нуклеин қышқылдары

(10 с)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аминдер. Анилин 11.4.2.54 аминдердің номенклатурасы мен жіктелуін білу;

11.4.2.55 анилин, аминдер, аммиактың негізгі қасиеттері мен құрылымын салыстыру;

11.4.2.56  аминдер мен аниалиннің физикалық қасиеттерін түсіндіру;

11.4.2.57 анилин мен аминдерді алу реакция теңдеулерін құрастыру;

Аминқышқылдары.

Көрсетілім № 4:
«Аминқышқылдарында функционалдық топтардың барын дәлелдеу»

11.5.1.12 аминқышқылдарын тривиалды және жүйелі номенклатуралар бойынша атауларын білу;

11.5.1.13 аминқышқылдары молекулаларының құрамы мен құрылысын сипаттау;

11.5.1.14 аминқышқылдарының екідайлылығын қарастыру;

Нәруыздар

Көрсетілім № 5 :
«Нәруыздардың еруі және тұнбаға түсуі, белоктар денатурациясы;белоктардың жануы (жүн, құс қауырсыны)  Зертханалық тәжірибе  № 7 «Нәруыздардың түсті реакциялары »

11.5.1.15 α – аминоқышқылдарынан нәруыздарды алудағы пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру;

11.5.1.16 нәруыздар гидролизі өнімдерін білу;

11.5.1.17  нәруыздардың  функциясын білу ;

11.5.1.18 нәруыздардың сапалық реакцияларын және денатурациясын білу;

Нуклеин қышқылдары

Көрсетілім № 6
«ДНК мен РНК молекулаларының модельдері»

11.5.1.19  нуклеин қышқылдары туралы жалпы ұғымды және олардың жіктелуін білу;

11.5.1.20 ДНК мен  РНК құрылымдарын салыстыру;

11.5.1.21 ДНК мен РНК биологиялық рөлін түсіндіру ;

11.5.1.22 гендік инженерия мен биотехнологияның маңыздылығын түсіну;

11.4.В

Жасанды және синтетикалық полимерлер Химия адам өмірінде

(6 с)

Жасанады және синтетикалық полимерлер; пластмассалар, каучуктер, талшықтар Қазақстандағы полимерлер өндірісі.

Көрсетілім № 7 «Пластмассалар,синтетикалық каучуктер  және талшықтар үлгілерімен таныстыру».

Зертханалық тәжірибе №8 «Пластмассалар мен талшықтарды анықтау»

11.4.2.58  «мономер», «элементарлық буын», «олигомер», «полимер», «полимерлену дәрежесі» ұғымдарын ажырату;

11.4.2.59 полимеризация мен поликонденсация реакцияларының теңдеулерін  құру;

11.4.2.60 кейбір полимерлер мен пластмассалардың қолдану аясын және қасиеттерін атау;

11.4.2.61 тәжірибе жүзінде пластмассалар мен талшықтарды анықтау;

11.4.2.62 Қазақстанда өндірілетін полимерлердің түрлерін білу;

Дәрумендер және гормондар туралы түсінік.

Биогенді органикалық заттардың рөлі.

11.5.1.23 дәрумендер мен гормондардың адам ағзасындағы функциясын сипаттау;

11.5.1.24 кейбір дәрумендердің табиғаттағы көздерін білу;

Химия және өмір. Экологиялық мәселелер. 11.4.1.1  «Жасыл химияның» 12 принципін атау және түсіндіру;

11.4.1.2 атмосфера, гидросфера және литосфераның ластану көздерін білу, жаһандану мәселелерін шешу жолдарын ұсыну;

11.4.1.3 «парниктік эффект» пен озон қабатынының бұзылу мәселелері арасындағы айырмашылықты түсіндіру;

11.4.1.4 Қазақстан химиялық өнеркәсібінің әр түрлі саласындағы  экологиялық мәселелерді болжау және оның шешу жолдарын ұсыну;

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *