Жаңа бағдарлама Химия 11 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар Жаратылыстану-Математика бағыты ЖМБ 2018-2019 жыл

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10- сыныптары үшін «Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша

ұзақ мерзімді жоспар

11-сынып

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Тақырып/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі мазмұны Оқыту мақсаты
1-тоқсан
11.1A

14-топ элементтері

 

14 (ІV)топ элементтері қасиеттерінің өзгеруі 11.2.1.1 14 -(ІV) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру;
14(ІV) топ элементтері және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері.

Лабораториялық жұмыс №1 «Қорғасын, қалайы және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері»

11.2.1.2  14 -(ІV) элементтерінің және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;

11.2.2.1 -параллель жүретін реакциялар теңдеулері бойынша есептер шығару;

 

Әр түрлі тотығу дәрежелерін көрсететін 14 (ІV) -топ элементтері оксидтерінің қасиеттері

 

11.2.1.3 14 -(ІV) топ элементтерінің +2 және +4 тотығу дәрежелі оксидтерінің  қасиеттерін түсіндіру;

11.2.1.4 14- (ІV) топ элементтерінің сулы ерітіндідегі +2 және +4 тотығу дәрежелі  қосылыстардың салыстырмалы тұрақтылығын болжау;

Жай заттардың табиғатта таралу түрлері және алыну әдістері

 

11.2.1.5 14 -(ІV) топ элементтерінің  жай заттары  және химиялық қосылыстарының алыну әдістерінің реакция теңдеулерін құру;

11.2.1.6 14 -(ІV) топ элементтерінің  және оның қосылыстарының таралуы және қолданылуы туралы мәліметтерді талдай білу;

11.1            Азот және күкірт

 

Азот молекуласы құрылысының ерекшеліктері мен қасиеттері 11.2.1.7- азот молекуласының химиялық белсенділігінің төменділігін түсіндіру;

 

Аммиак және аммоний тұздары.

Лабораториялық жұмыс №2 «Аммоний ионына сапалық реакция»

11.2.1.8- аммоний ионындағы байланыстардың түзілу механизмін ажырату;

11.2.1.9- газ тәрізді аммиактың және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;

Аммиакты өнеркәсіпте алу 11.2.1.10 — аммиакты өнеркәсіпте өндірудің  (Габер процесі) ғылыми принциптерін түсіндіру;
Азотты тыңайтқыштардың өнеркәсіптік алынуы 11.2.1.11- азот тыңайтқыштары өндірісі үдерісінің химизмін түсіндіру;
Азот оксидтері және нитраттарының қоршаған ортаға экологиялық әсері. Практикалық жұмыс №1 «Ауыз судағы және жемістердегі нитраттарды анықтау» 11.2.1.12 -азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топыраққа және су ресурстарына әсерін талдау;

11.2.1.13- азот қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайту мәселелерін  шешудің  жолдарын ұсыну;

Күкірттісутек және сульфидтер.

Лабораториялық жұмыс №3 «Сульфид — ионына сапалық реакция»

11.2.1.14- күкіртсутектің тотықсыздандырғыш қасиеттерін түсіндіру;

11.2.1.15- сульфид ‑ ионын тәжірибе жүзінде анықтау;

Күкірт диоксиді және қышқыл жаңбырлар.

Тағам өнеркәсібінде күкірт диоксидін қолдану.

Көрсетілім №1 «Күкірт және азот қышқылдарының тотықтырғыш қасиеттері»

11.2.1.16- атмосфераның күкірт диоксидімен ластану көздерін атау және қышқыл жаңбырдың түзілу мәселелерін сипаттау;

11.2.1.17- тағам өнеркәсібінде күкірт диоксиді қолданылу аймағын атау;11.2.2.2- тізбектеле жүретін реакция теңдеулері бойынша есептер шығару;

Күкірт қышқылын алудың контакт әдісі 11.2.1.18 -күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу процесін түсіндіру;

11.2.1.19 -күкірт қышқылын өнеркәсіптік өндірудің ғылыми принциптерін түсіндіре алу;

11.2.1.20- күкірт қышқылының қолданылу аймағын  атау;

11.2.2.3 -олеумнің түзілуіне және сұйытылуына есептер шығару;

11.1

Қышқыл және негіз ерітінділері

 

Қышқыл‑негіздік теория 11.3.4.1- Аррениус, Льюис және Бренстед-Лоури теорияларын және олардың қолдану шектерін сипаттау;
Судың иондық көбейтіндісі.

Сутектік көрсеткіш

Лабораториялық жұмыс №4 «HCl және NaOH ерітінділерінің рН –ын анықтау»

11.3.4.2- судың иондық көбейтіндісін білу;

11.3.4.3- сутектік көрсеткішті -log[H+] ретінде түсіну және ерітіндінің рН‑ін концентрацияға [Н+] және кері түрлендіру;

11.3.4.4- күшті қышқыл және күшті негіздің pH‑ін есептеу;

Қышқыл және негіздер  күші. Диссоциациялану дәрежесі. Оствальдтың сұйылу заңы 11.3.4.5 -әлсіз қышқылдар мен негіздердің сулы ерітіндіде диссоциациялануын түсіндіру;

11.3.4.6- әлсіз қышқылдар мен негіздердің диссоциациялану константасының өрнегін  жаза алу және Оствальдтың сұйылту заңының қолданылуына есептер шығару;

Буферлі ерітінділер

 

11.3.4.7- буферлі ерітінділердің әсер ету принципін түсіндіру;

11.3.4.8- буферлі ерітінділердің қолдану аймағын атау;

Қышқылды -негіздік титрлеу.

Практикалық жұмыс №2 «Күшті негізді күшті қышқылмен титрлеу»

11.3.4.9- қышқыл-негіздік титрлеудің мәнін түсіну;11.3.4.10- күшті негізді күшті қышқылмен титрлеуді жүргізу;11.3.4.11- титрлеу нәтижесі бойынша есептеулер жүргізу;
11.1

Циклді қосылыстардың номенклатурасы және изомериясы

 

Ароматты және гетероциклді қосылыстар үшінIUPAC номенклатурасы 11.4.2.1 Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы номенклатурасы бойынша циклді, ароматты және гетероциклді қосылыстарды атау;

 

Ассимметриялық  көміртегі атомы.Кеңістіктік изомерлер 11.4.2.2 -геометриялық изомерлердің (E-Z) құрылымдық формуласын құрастыру;

11.4.2.3 -қосылыстардағы ассимметриялық көміртегі атомын анықтау;

11.4.2.4 -хиральдік құбылысын түсіндіру;

Оптикалық изомерлер 11.4.2.5 -оптикалық изомерлердің құрылымдық формуласын құрастыру;

11.4.2.6- «оптикалық белсенділік», «энантиомер», «рацемат» ұғымдарын түсіндіру;

2-тоқсан
11.2 Карбонилді қосылыстар

 

Карбонильді қосылыстардың құрылысы және номенклатурасы 11.4.2.7- альдегидтер және кетондардың функциональды топтарының құрылысын білу;

11.4.2.8- альдегидтер және кетондардың құрылымдық формулаларынқұрастыру және оларды Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы бойынша атау;

Альдегидтер және кетондардың алынуы 11.4.2.9- альдегидтер және кетондарды алудың түрлі әдістерін түсіндіру;
Альдегидтер және кетондардың тотығу, нуклеофильді қосылу реакциялары.

Практикалық жұмыс №3 «Альдегидтерді алу және олардың қасиеттерін зерттеу»

11.4.2.10- альдегидтер  және кетондарды тәжірибе жүзінде анықтау;

11.4.2.11- альдегидтер  және кетондардың тотығу  және тотықсыздану өнімдерінің реакция теңдеулерін құрастыру;

11.4.2.12- альдегидтер және кетондардың нуклеофильді қосылу реакциясына мысалдар келтіру;

Карбон қышқылдарының

қасиеттері.

Лабораториялық жұмыс №5 «Карбон қышқылының алынуы және қасиеттері»

11.4.2.13 -карбон қышқылдарының физикалық қасиеттерін және алыну жолдарын түсіндіру;

11.4.2.14-  карбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;

Этерификация

реакциясы.

Күрделі эфирлер және сабын.

Практикалық жұмыс №4 «Күрделі эфирлердің алынуы және қасиеттері»

11.4.2.15 -этерификация реакциясының механизмін сипаттау;

11.4.2.16 -карбон қышқылдары, күрделі эфирлер, сабын, синтетикалық жуғыш заттар және биодизельді отындардың қолданылу аймағын атау;

11.2B Ауыспалы металдар

 

Ауыспалы металдардың жалпы сипаттамасы.

Лабораториялық жұмыс №6 «Ауыспалы металдар тұздарының қасиеттері»

11.2.1.21 -Ti –Сu атомдарының электрондық құрылысына сүйене отырып, қандай металдар ауыспалы болатындығын түсіндіру;

11. 2.1.22 -ауыспалы элементтер айнымалы тотығу дәрежесін көрсететінін білу;

11.2.1.23- атомдар құрылысы негізінде ауыспалы металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру;

11.2.2.4 -орынбасу реакциялары теңдеулері бойынша есептер шығару;

Кешенді қосылыстар.

Лабораториялық жұмыс №7 «Ауыспалы металдар кешенді иондарының қасиеттері»

11.2.1.24 -кешенді қосылыстар химиясының негізгі ұғымдарына анықтама беру;

11.2.1.25- ауыспалы металдардың кешен түзу реакцияларының  оның шінде мыс (+2) кешендерінің, темір (+2, +3) кешендерінің сумен және аммиакпен құрастыру  және олардың түсін білу;11.2.1.26 — ауыспалы металдардың кешенді қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттау;

Ауыспалы металдардың биологиялық ролі.

 

11.2.1.27-  гемоглобин  құрамында темір (+2) кешенінің болатынын түсіндіру және оттегін тасымалдаудағы оның ролін түсіну;

11.2.1.28- иіс газымен улану қалай жүретіндігін түсіндіру және алғашқы көмек көрсету әдісін сипаттау;

11.2.1.29- кейбір металдардың кешенді қосылыстары қатерлі ісіктің түзілуінің алдын алу үшін қолданылатындығын білу;

11.2

Ароматты қосылыстар қатары

 

Бензол молекуласының құрылысы.

Лабораториялық жұмыс №8 «Бензол және толуол молекуласының моделін құрастыру»

11.4.2.17- бензол молекуласының құрылымын түсіндіру;
Бензол және оның гомологтарын  алу 11.4.2.18- бензол және оның гомологтарын алу реакцияларын құрастыру;
Бензол және оның гомологтарының химиялық қасиеттері.

Практикалық жұмыс №5 «Ароматты қосылыстарға тән реакциялар»

11.4.2.19- электрондардың делокализациясы тұрғысынан бензол молекуласындағы байланыстардың  түзілу және үзілу энергиясын түсіндіру;

11.4.2.20- бензол және оның гомологтарына тән қосылу реакцияларының теңдеулерін құрастыру;

11.4.2.21- бензолды нитрлеу және галогендеу реакциясының механизмін түсіндіру;

11.4.2.22- органикалық қосылыстар синтезі үшін бензол реакциясының маңыздылығын түсіндіру;

11.4.2.23- толуол молекуласындағы атомдардың өзара әсерлесуін түсіндіру;

3-тоқсан
11.3

Аминдер және аминқышқылдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аминдердің жіктелуі және номенклатурасы.

Лабораториялық жұмыс №9 «Аммиак және аминдер молекуласының модельдерін  құрастыру»

11.5.1.1- аминдердің жіктелуін және номенклатурасын атау;

11.5.1.2 -аммиак және аминдер құрылымын салыстыру;

 

Аминдердің физикалық, химиялық қасиеттері және алынуы.

Лабораториялық жұмыс №10 «Аминдер реакциясы және оларды аммиак қасиеттерімен салыстыру»

11.5.1.3- аминдердің физикалық қасиеттерін түсіндіру;

11.5.1.4- аммиак, аминдер және анилиннің негіздік қасиеттерін салыстыру;

11.5.1.5 — нитрилдерді тотықсыздандыру арқылы және галогеналкандардан нуклеофильді орынбасу реакциялары арқылы аминдердің түзілу механизмін сипаттау;

11.5.1.6- нитроқосылыстарды тотықсыздандырып анилин алу реакциясы теңдеуін құрастыру;

Аминқышқылдар: құрамы, құрылысы, биологиялық ролі

Лабораториялық жұмыс №11 «Аминқышқылы молекуласының модельдерін құрастыру және ассиметриялы көміртегі атомдарын анықтау»

11.5.1.7- аминқышқылдардың жүйелі және тривиальді аталуын атау;

11.5.1.8 -аминқышқылдардың құрамын, құрылысын сипаттау;

11.5.1.9- алмастырылатын және алмастырылмайтын аминқышқылдардың биологиялық ролін түсіндіру;

Аминқышқылдар қасиеттері.

Лабораториялық жұмыс №12 «Аминқышқылдар қасиеттері»

11.5.1.10 -аминқышқылдардың биполярлы иондар түзу қабілетін түсіндіру;

11.5.1.11- аминқышқылдардың екідайлылығын тәжірибе жүзінде дәлелдеу;

Пептидтік байланыс. Ақуыздың түзілуі

 

11.5.1.12- α-аминқышқылдардан ақуыздар алу кезінде пептидтік байланыстардың түзілуін түсіндіру;

11.5.1.13 -ақуыздар гидролизнің реакция

теңдеуін құрастыру;

11.3 Синтетикалық полимерлер

 

Жоғарымолекулалы қосылыстар химиясының  негізгі ұғымдары 11.4.2.24- «мономер», «құрылымдық» «буын», «олигомер», «полимер», «полимерлену дәрежесі» негізгі ұғымдарын білу;
Полимерлену реакциясы

Лабораториялық жұмыс №13

«Полимерлену реакциясы»

11.4.2.25- полимерлену реакциясы теңдеулерін құрастыру;

 

Поликонденсация реакциялары: полиамидтер мен полиэфирлер 11.4.2.26- поликонденсация реакциясы теңдеулерін құру;

11.4.2.27 -поликонденсация реакциясы негізінде алынатын полимерлер  гидролизденіп, биологиялық ыдырай алатынын түсіну;

Пластиктердің

қолданылуы  және қоршаған ортаға әсері.

Практикалық жұмыс №6 «Пластмассаларды және талшықтарды тану»

11.4.2.28 -полиэтилен, полипропилен, полистирол, тефлон, поливинилхлорид, полиметилметакрилат, полиэфир, фенолформальдегид  шайыры және олардың негізінде алынған пластмассалардың қасиеттерін, қолдану аймағын атау;

11.4.2.29 -пластмасса және талшықтарды тәжірибе жүзінде анықтау;

11.4.2.30 -қоршаған ортаға пластиктер өндірісінің және қолданысының әсерін талдау;

11.4.2.31 -полимерлерді утилизациялау процесін сипаттау;

11.3

Жаңа заттарды және материалдарды өндіру

 

 

Жаңа материалдар 11.4.2.32 -жаңа материалдарды жасаумен және өндірумен айналысатын ғылымдар саласын білу;
Физиологиялық белсенді табиғи және синтетикалық қосылыстар 11.4.2.33 -аспиринді, таксолды физиологиялық белсендігі жоғары табиғи және синтетикалық қосылыстардың өкілдері ретінде атау;

11.4.2.34 — физиологиялық белсенділік үшін хиральділік және молекулалық қабаттың маңыздылығын түсіндіру;

Дәрілік препараттарды синтездеу және өндіру 11.4.2.35 -синтетикалық дәрілік препарат үлгісі ретінде аспиринді алу процесін сипаттау;

11.4.2.36 -дәрілік заттарды өндіру проблемаларын тізімдеу;

Нанотехнология.

Нанобөлшектер және наношкала

 

11.4.2.37 -«нанохимия» және «нанотехнология» ұғымдарының физикалық мәнін  түсіндіру;

11.4.2.38 -нанобөлшектерді синтездеу және зерттеу әдістерін сипаттау;

11.4.2.39 -нанобөлшектердің қолдану аймағын атау;

Нанокөміртекті бөлшектердің құрылымы 11.4.2.40 -наноматериалдардың ерекшеліктерін сипаттау;

11.4.2.41- көміртекті нанобөлшектер құрылымын сипаттау: фуллерен С60, графен, нанотүтік, наножіп, наноталшықтар;

11.4.2.42- кристалдарды өсіру және полимеризациялау жолымен наноматериалдардың алынуын сипаттау;

Полимерлер 11.4.2.43- жаңа полимерлер және композициялық материалдар өндірудің маңыздылығын түсіндіру;
Жаңа материалдардың практикалық мәні 11.4.2.44- адамзаттың әр түрлі бағыттағы іс‑әрекетін дамыту үшін жаңа материалдардың практикалық маңызын бағалау;
11.3

Металдар өндірісі

 

Металдар және құймаларды алу

 

11.2.3.1- металдарды алудың маңызды әдістерін талдау: гидрометаллургия, пирометаллургия, электрометаллургия және олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау;

11.2.3.2- ғылымда, техникада және тұрмыста қолданылатын маңызды құймалардың құрамын атау: шойын, болат, жез, қола, мельхиор, дюралюминий;

11.2.3.3- шойын және болатты алу әдістерін және қасиеттерін сипаттау;

Электролизді өнеркәсіпте қолдану.

Лабораториялық жұмыс №14 «Металл заттарын гальваникалық қаптау»

11.2.3.4- металдарды электролизбен алу әдісін түсіндіру;

11.2.3.5- гальваностегия, гальванопластика процестерін ажырату;

11.2.3.6- коррозиядан қорғау және декоративті мақсаттар үшін гальваникалық жабындарды қолдану принциптерін зерделеу;

Химиялық өндірістің ғылыми принциптері 11.2.3.7- химиялық өндірістің жалпы ғылыми принциптерін атау;

11.2.3.8 — екіншілік қайта өңдеудің қажеттілігін негіздеу;

Металл өндірісі кезіндегі қоршаған ортаны қорғау проблемалары 11.2.3.9 -металлургия өнеркәсібінің  экологиялық

проблемаларын түсіндіру;

4-тоқсан
11.4

Тірі ағза химиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көмірсулар: глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза, сахароза, крахмал және целлюлоза 11.5.1.14- глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза, сахароза, крахмал және целлюлозаның молекулаларының сызықты және циклді формасын құрастыру;

 

Құрылысы, қасиеттері және қолданылуы.

Практикалық жұмыс №7 «Альдегидоспирт ретінде глюкозаның химиялық қасиеттері. Крахмалға сапалық реакция»

11.5.1.15- глюкозаның функционалдық топтарын тәжірибе жүзінде анықтау;

11.5.1.16 -глюкозаның спирттік, сүт қышқылды, май қышқылды ашу реакцияларының теңдеулерін құрастыру;

11.5.1.17 -крахмалға сапалық реакция жүргізу;

11.5.1.18 -сахароза, крахмал, целлюлозаның гидролиз өнімдерін атау;

11.5.1.19 -крахмал және целлюлозаның құрылысын, қасиеттерін салыстыру;

Ақуыздар.

Ақуыз молекулаларының құрылымы

11.5.1.20 -өмір үшін ақуыздардың ролін сипаттау;

11.5.1.21 -ақуыздың бірінші, екінші, үшінші реттік құрылымдарын ажырату;

11.5.1.22 -ақуыздың әр түрлі құрылымдарының пішінін анықтайтын факторларды атау;

11.5.1.23 -ақуыз қасиеттерінің аминқышқылдардың сапалық және сандық құрамына тәуелділігін сипаттау;

Полипептидтер құрылымын анықтау.

Практикалық жұмыс №8 «Денатурация және ақуыздардың түсті реакциялары»

 

11.5.1.24 -гидролиз реакциясы бойынша берілген деректер негізінде полипептидтің құрамын анықтау;

11.5.1.25- ақуызға сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жасау;

11.5.1.26 -ақуыздардың денатурациясы  реакциясын тәжірибе жүзінде жасау;

Ферменттер ролі және қолданылуы 11.5.1.27 -«құлып және кілт» моделі тұрғысынан ферменттердің әрекетін және ферментативті катализ процесін түсіндіру;

11.5.1.28 -ингибирлі бәсекелестікті түсіндіру;

 дезоксирибонуклеин қышқылының құрылымы.

Практикалық жұмыс №9 «Банан және пияздан ДНҚ бөліп алу».

Лаборатриялық жұмыс №15  «дезоксирибонуклеин қышқылының моделін жасау»

11.5.1.29- дезоксирибонуклеин қышқылының  құрылымы моделін сипаттау;

11.5.1.30- дезоксирибонуклеин қышқылының  молекуласындағы ақуыздың біріншілік құрылымын кодтау жүйесін түсіндіру;

 

Аденозинтрифосфат  және энергия

 

11.5.1.31 — аденозинтрифосфат гидролизі құрылымын және сызбасын құрастыру;
Биологиялық маңызды металдар 11.5.1.32- биологиялық маңызды металдар: темір, магний, кальций, калий, натрийдің ролін бағалау;
Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы 11.5.1.33- қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау;
Ауыр металдардың ақуызға әсері.

Лаборатриялық жұмыс № 16  «Қорғасын ацетатының ақуызға әсері»

11.5.1.34 -ауыр металдардың тірі ағзаға уытты әсерін түсіндіру;
11.4  Органикалық синтез

 

Органикалық қосылыстардағы

негізгі функционалдық топтар.

Лаборатриялық жұмыс №17  «Органикалық заттарға сапалық реакциялар»

11.4.2.45- сапалық реакциялар көмегімен функционалды топтарды анықтау;

11.4.2.46 -физикалық және химиялық сынақ көмегімен қосылыстарды анықтау

11.4.2.47- физикалық және химиялық қасиеттері бойынша заттарды анықтауға арналған есептер шығару;

 

Органикалық заттардың генетикалық байланысы. Практикалық жұмыс №10 «Тізбекті айналымдағы заттарды тану»

Практикалық жұмыс №11 «Экспериментальды есептер шығару»

11.4.2.48- органикалық қосылыстардың негізгі кластарының генетикалық байланысын сипаттау;

11.4.2.49- қарапайым органикалық синтезді жүргізе алу және түзілген өнімнің шығымын бағалау;

11.4.2.50- органикалық заттардың генетикалық байланысы негізінде өзгерістер тізбегін құрастыру;

11.4

«Жасыл химия»

 

«Жасыл химияның» 12 принципі.

Атмосфера, гидросфера, литосфераның ластануы

11.4.1.1 -«Жасыл химияның»  12 принципін атау және оны түсіндіру;

11.4.1.2 атмосфера, гидросфера және  литосфераның ластану масштабын түсіндіру;

Жердің озон қабатының бұзылуы 11.4.1.3- озон қабатының бұзылу себептерін зерделеу;
Ғаламдық жылыну

Мини- жоба: «Қоршаған ортаны қорғау»

11.4.1.4 — «парникті эффектінің» әсерін болжау;

11.4.1.5-  «парникті эффектінің» және озон қабатының бұзылу мәселелерін ажырату;

11.4.1.6  ғаламдық мәселелерді шешудің

жолдарын бағалау;

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *