Жаңа бағдарлама Химия 7 сынып КТЖ Күнтізбелік тақырыптық жоспар 2018-2019 жыл

Күнтізбеліктақырыптық жоспар

7-сынып

жылына 34 с, аптасына 1 c.

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны Оқу мақсаты Cағат саны
1-тоқсан
7.1А

Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар

(4 c.)

Химия пәні.

№1 практикалық жұмыс

«Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және зертханалық  құрал-жабдықтармен танысу»

7.1.1.1 -химия ғылымының нені оқытатынын білу

7.1.1.2 -химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және түсіну

2
Элемент, қоспа және қосылыс.

№1 зертханалық  тәжірибе «Заттар қоспалары мен олардың қосылыстарын салыстыру»

7.4.1.1 -элементті (жай зат) бірдей атомдардың  жиынтығы  ретінде түсіну

7.4.1.2 -таза заттар атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін білу;

7.4.1.3 -элемент (жай зат), қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу

7.4.1.4 -қосылыстардың және элементтердің физикалық қасиеттері туралы алған білімдерін қоспа құрамындағы таныс емес заттарды ажыратуға қолдана алу

1
Қоспаларды бөлу әдістері.

№2 зертханалық  тәжірибе «Ластанған ас тұзын тазарту»

7.4.1.5 -қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін білу

7.4.1.6 -қоспаны бөлуге негізделген тәжірибені жоспарлау және өткізу

1

 

7.1В Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі

(4 c.)

 

Физикалық және химиялық құбылыстар.

№3 зертханалық  тәжірибе

«Химиялық реакциялардың белгілері»

7.1.1.3 -физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату 1
Заттардың агрегаттық күйлері 7.1.1.4 -заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін білу және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіру 1
Салқындау үдерісі

№ 4 зертханалық тәжірибе «Салқындау үдерісін зерттеу»

7.1.1.5 -салқындау үдерісін зерделеу, салқындау қисығын салу және оны талдау,  бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру 1
Қыздыру үдерісі

№5 зертханалық  тәжірибе

«Судың қайнау үдерісін зерттеу»

7.1.1.6 -судың қайнау үдерісін зерделеу, қыздыру қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясын пайдалана отырып, өз бақылауларын түсіндіру

 

1
№1 бақылау жұмысы 1
2-тоқсан
7.2A Атомдар. Молекулалар. Заттар

(4 с.)

 

Атомдар мен молекулалар 7.1.2.1 -атомдар мен молекулалардың айырмашылығын білу 1
Химиялық элементтер. Жай және күрделі заттар 7.1.2.2 -әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және белгілі атом түрі екенін білу

7.1.2.3 -элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктеу

7.1.2.4 -заттарды құрамына қарай жай және күрделіге жіктеу

1
Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар 7.1.2.5 -протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын зарядын білу

7.1.2.6 -алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p+, n0, e) мен атом ядросының құрамын білу;

7.1.2.7 -изотоп түсінігін білу

2
7.2В Ауа. Жану реакциясы

(2с.)

Ауа. Ауаның құрамы

№6 зертханалық  тәжірибе «Балауыз шамның  жануы»

7.3.1.1-ауа құрамын білу;

7.3.1.2 -заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын білу

7.3.1.3 -атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсіну

1

 

Жану үдерісі

№ 2 практикалық жұмыс/көрсетілім

«Күкірттің, фосфордың, темірдің ауада және оттекте жануын салыстыру»

 

7.3.1.4 -затты жағуға қажетті жағдайларды және жану реакциясының өнімдерін білу

7.3.1.5 -тез тұтанатын, жанғыш және жанбайтын заттарға мысалдар келтіру

7.3.1.6  -заттардың таза оттекте жақсырақ жанатындығын түсіну

7.3.1.7 -металдар мен бейметалдардың жануы кезінде оксидтер түзілетіндігін  білу

1
№2 бақылау жұмысы 1
3-тоқсан
7.3А

Химиялық реакциялар

(4с.)

Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар.

№7 зертханалық  тәжірибе «Ерітінділердің қышқылдық, сілтілік ортасын анықтау».

№8 зертханалық  тәжірибе «Хлорсутек қышқылының бейтараптану реакциясы»

7.3.4.1 -«қышқылдық» және «сабындылық» қасиеттер кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері болуы мүмкін екендігін білу

7.3.4.2 -химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін білу

7.3.4.3 -рН шкаласы  негізінде әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтай алу

7.3.4.4 -«антацидтік заттарды» қолдану мысалында қышқылдардың бейтараптануын түсіну

2
Сұйылтылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі.

№9 зертханалық  тәжірибе

«Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі».

№10 зертханалық  тәжірибе

«Сутекке сапалық реакция»

7.2.2.1 -сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау

7.2.2.2 -сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру

1
Сұйылтылған қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі.

№ 3 практикалық жұмыс

«Сұйылтылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесуі. Көмірқышқыл газына сапалық реакция»

7.2.2.4 -кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен реакцияларын зерттеу жәнекөмірқышқыл газының сапалық реакциясын жүзеге асыру

 

1
7.3В Химиялық элементтердің периодтық кестесі

(2 с.)

Химиялық элементтердің периодтық кестелерін құру тарихы 7.2.1.1 -И. Дёберейнер, Дж. Ньюлендс,

Д.И. Менделеевтің еңбектерінің мысалында элементтердің жіктелуін білу және салыстыру

1
Периодтық кестенің құрылымы 7.2.1.2 -периодтық кестенің құрылымын  білу және сипаттау: топтар мен периодтар 1
7.3ССалыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула

(3 с.)

Салыстырмалы атомдық масса 7.1.2.8 -Жердегі элементтердің басым бөлігі планеталардың қалыптасу кезінде пайда болған изотоптар қоспасы түрінде кездесетіндігін түсіну

7.1.2.9 -табиғи изотоптары бар химиялық элементтердің атомдық массалары бөлшек сан болатындығын түсіну

7.1.2.10 -салыстырмалы атомдық массаның анықтамасын білу

1
Валенттілік. Химиялық формулалар.

Қосылыстардың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу

7.1.2.11 -элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, биэлементті химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құра білу

7.1.2.12 -химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық/ формулалық массасын есептеу

2
№3 бақылау жұмысы 1
4-тоқсан
7.4A Адам ағзасындағы химиялық элементтер

(3 с.)

Тағам құрамындағы қоректік заттар.

№ 4 практикалық жұмыс «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау»

7.5.1.1 -тағам өнімдерін химиялық  заттардың жиынтығы деп түсіну;

7.5.1.2 -тағамдық өнімдердің бір қатарын: көмірсулар (крахмал), нәруыз, майларды білужәне анықтай алу

2
Адам ағзасындағы химиялық элементтер.

Тыныс алу үдерісі.

№11 зертханалық  тәжірибе

«Тыныс алу үдерісін зерттеу»

7.5.1.3 -адам ағзасына кіретін элементтерді (О, С, Н, N, Ca, P, K) білу;

7.5.1.4 -тыныс алу үдерісін түсіндіру

1
7.4B Геологиялық химиялық қосылыстар

(4 с.)

Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар. Кен құрамы

 

7.4.2.1 -Жер қыртысында көптеген пайдалы химиялық қосылыстар барын түсіну;

7.4.2.2 -кейбір минералдар мен пайдалы табиғи қосылыстардың кендерге жататынын білу;

7.4.2.3 -металды алу үшін кенді өңдеу үдерісін сипаттау

2
Қазақстанның пайдалы қазбалары

Минералдарды өндірудің экологиялық аспектілері

7.4.2.4 -Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстармен бай екендігін және олардың кен орындарын білу;

7.4.2.5 -табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін зерделеу

2
№ 4 бақылау жұмысы 1

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *