Жаңа бағдарлама Химия 7 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар 2018-2019 жыл

Негізгі орта білім беру деңгейінің 7 — сыныпқа арналған

«Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша

ұзақ мерзімді жоспар

7-сынып:

 

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны Оқу мақсаты
1-тоқсан
Білім алушышылар:
7.1А

Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар

 

Химия пәні.

№1 практикалық жұмыс

«Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және зертханалық  құрал-жабдықтармен танысу»

7.1.1.1-химия ғылымының нені оқытатынын білу;

7.1.1.2 -химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және түсіну

Элемент, қоспа және қосылыс.

№1 зертханалық  тәжірибе «Заттар қоспалары мен олардың қосылыстарынсалыстыру»

7.4.1.1 -элементті (жай зат) бірдей атомдардың жиынтығы  ретінде түсіну;

7.4.1.2 -таза заттар атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін білу;

7.4.1.3- элемент(жай зат), қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу;

7.4.1.4-қосылыстардың және элементтердің физикалық қасиеттері туралы алған білімдерін қоспа құрамындағы таныс емес заттарды ажыратуға қолдана алу;

Қоспаларды бөлу әдістері.

№2 зертханалық  тәжірибе «Ластанған ас тұзын тазарту»

7.4.1.5-қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін білу;

7.4.1.6-қоспаны бөлуге негізделген тәжірибені жоспарлау және өткізу

7.1В Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі

 

Физикалық және химиялық құбылыстар.

№3 зертханалық  тәжірибе

«Химиялық реакциялардың белгілері»

7.1.1.3 -физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату
Заттардың агрегаттық күйлері 7.1.1.4 -заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін білу және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіру;
Салқындау үдерісі

№ 4 зертханалық тәжірибе «Салқындау үдерісін зерттеу»

7.1.1.5-салқындау үдерісін зерделеу, салқындау қисығын салу және оны талдау,  бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру;
Қыздыру үдерісі

№5 зертханалық  тәжірибе

«Судың қайнау үдерісін зерттеу»

7.1.1.6-судың қайнау үдерісін зерделеу, қыздыру қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясын пайдалана отырып, өз бақылауларын түсіндіру;

 

2-тоқсан
7.2A Атомдар Молекулалар Заттар

 

Атомдар мен молекулалар 7.1.2.1 -атомдар мен молекулалардың айырмашылығын білу
Химиялық элементтер. Жай және күрделі заттар 7.1.2.2 -әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және белгілі атом түрі екенін білу;

7.1.2.3 -элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктеу;

7.1.2.4 -заттарды құрамына қарай жай және күрделіге жіктеу;

Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар 7.1.2.5 -протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын зарядын білу;

7.1.2.6 -алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p+, n0, e) мен атом ядросының құрамын білу;

7.1.2.7 -изотоп түсінігін білу;

7.2В Ауа. Жану реакциясы Ауа. Ауаның құрамы

№6зертханалық  тәжірибе «Балауыз шамның  жануы»

7.3.1.1-ауа құрамын білу;

7.3.1.2 -заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын білу;

7.3.1.3 -атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсіну

Жану үдерісі

№ 2 практикалық жұмыс/көрсетілім

«Күкірттің, фосфордың, темірдің ауада және оттекте жануын салыстыру»

 

7.3.1.4 -затты жағуға қажетті жағдайларды және жану реакциясының өнімдерін білу;

7.3.1.5 -тез тұтанатын, жанғыш және жанбайтын заттарға мысалдар келтіру;

7.3.1.6  -заттардың таза оттекте жақсырақ жанатындығын түсіну;

7.3.1.7 -металдар мен бейметалдардың жануы кезінде оксидтер түзілетіндігін  білу;

3-тоқсан
7.3А

Химиялық реакциялар

Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар.

№7зертханалық  тәжірибе «Ерітінділердің қышқылдық, сілтілікортасын анықтау».

№8зертханалық  тәжірибе «Хлорсутек қышқылының бейтараптану реакциясы»

7.3.4.1 -«қышқылдық» және «сабындылық» қасиеттер кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері болуы мүмкін екендігін білу;

7.3.4.2 -химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін білу;

7.3.4.3 –рН шкаласы  негізінде әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтай алу;

7.3.4.4 -«антацидтік заттарды» қолдану мысалында қышқылдардың бейтараптануын түсіну

Сұйылтылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі.

№9зертханалық  тәжірибе

«Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі».

№10зертханалық  тәжірибе

«Сутеккесапалық реакция»

7.2.2.1 -сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау;

7.2.2.2 -сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу жәнесутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру;

Сұйылтылған қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі.

№3 практикалық жұмыс

«Сұйылтылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесуі. Көмірқышқыл газына сапалық реакция»

7.2.2.4 -кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен реакцияларын зерттеу жәнекөмірқышқыл газының сапалық реакциясын жүзеге асыру;

 

7.3В Химиялық элементтердің периодтық кестесі

 

Химиялық элементтердің периодтық кестелерін құру тарихы 7.2.1.1 -И. Дёберейнер, Дж. Ньюлендс,

Д.И. Менделеевтің еңбектерінің мысалында элементтердің жіктелуін білу және салыстыру;

Периодтық кестенің құрылымы 7.2.1.2 -периодтық кестенің құрылымын  білу және сипаттау: топтар мен периодтар;
7.3ССалыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула

 

Салыстырмалы атомдық масса 7.1.2.8 -Жердегі элементтердің басым бөлігі планеталардың қалыптасу кезінде пайда болған изотоптар қоспасы түрінде кездесетіндігін түсіну;

7.1.2.9 -табиғи изотоптары бар химиялық элементтердің атомдық массалары бөлшек сан болатындығын түсіну;

7.1.2.10 -салыстырмалы атомдық массаның анықтамасын білу;

Валенттілік. Химиялық формулалар.

Қосылыстардың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу

7.1.2.15 -элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, биэлементті химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құрабілу;

7.1.2.16 -химиялық қосылыстың формуласы бойыншасалыстырмалы молекулалық/формулалық массасын есептеу;

4-тоқсан
7.4A Адам ағзасындағы химиялық элементтер

 

Тағам құрамындағы қоректік заттар.

№4 практикалық жұмыс «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау»

7.5.1.1 -тағам өнімдерін химиялық  заттардыңжиынтығы деп түсіну;

7.5.1.2 -тағамдық өнімдердің бір қатарын: қант, крахмал, (көмірсулар), нәруыз, майларды білужәне анықтай алу

Адам ағзасындағы химиялық элементтер.

Тыныс алу үдерісі.

№11зертханалық  тәжірибе

«Тыныс алу үдерісін зерттеу»

7.5.1.3-адам ағзасына кіретін элементтерді (О, С, Н, N, Ca, P, K) білу;

7.5.1.4-тыныс алу үдерісінтүсіндіру;

 

7.4B Геологиялық химиялық қосылыстар Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар. Кен құрамы

 

7.4.2.1 -Жер қыртысында көптеген пайдалы химиялық қосылыстар барын түсіну;

7.4.2.2 -кейбір минералдар мен пайдалы табиғи қосылыстардың кендерге жататынын білу;

7.4.2.3 -металды алу үшін кенді өңдеу үдерісін сипаттау;

Қазақстанның пайдалы қазбалары

Минералдарды өндірудің экологиялық аспектілері

7.4.2.4-Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстармен бай екендігін және олардың кен орындарын білу;

7.4.2.5-табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін зерделеу;

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *