Жаңа бағдарлама Қазақстан тарихы 10 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар 2018-2019 жыл

Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-сыныптарына арналған

«Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша

ұзақ мерзімді жоспар

 

10-сынып:

Бөлім Тарау Тақырыптар Оқыту мақсаттары.

Білім алушылар тиісті:

1-тоқсан
Өркениет: даму ерекшеліктері

 

Орталық Азия өркениеттері: саналуандылығы және мәдени ортақтығы Орталық Азия: ұғымының тарихи және географиялық аспектілері 10.1.1. 1 — «Орталық Азия» түсінігін аймақтың тарихи және география лық ерекшеліктерін сипаттау үшін пайдалану
Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу тарихы 10.1.1.2 — әлемдік өркениеттегі Орталық Азияның рөлі туралы ғалымдардың пікірін зерттеу
Орталық Азия өркениеттерінің  ежелгі ошақтары 10.1.1.3 — Орталық Азия өркениетте рінің ежелгі ошақтарының ерекшеліктерін сипаттау
«Ұлы Дала өркениеті

 

«Ұлы Дала»:

тарихи-географиялық сипаттамасы

 

10.1.2.1 — картаны пайдаланып «Ұлы Дала» тарихи-географиялық аймағын анықтау;

10.1.2.2 — тарихи дерек көздерді талдау негізінде «Ұлы Дала» ұғымының мәнін түсіндіру

Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері (энеолит, қола дәуірі) 10.1.2.3 — Ұлы дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу ерекшеліктерін түсіндіру; 10.1.2.4 — Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениет- тердің ерекшеліктерін сипаттау;10.1.2.5 — Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығын және өзара байланысын талдау
Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті 10.1.2.6 — «Өркениет» ұғымын айқындау критерийлерін пайдалана отырып, Ұлы Дала көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін сипаттау;10.1.2.7 — әртүрлі көзқарастарды талдау арқылы ерте көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи процестер барысына әсерін бағалау
Орталық Азия және әлемдік өркениет Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі 10.1.3.1 — Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау;10.1.3.2 — Орталық Азия халықтары ның рухани мәдениеті мен ғылым саласындағы жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау
Зерттеу жұмысы Әлемдік өркениет тарихындағы Ұлы Дала
2-тоқсан
Этникалық және әлеуметтік-саяси процестер Қазақ халқының шығу тегі Қазақстандағы  этногенез және этникалық процестер 10.2.1.1 — Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін «антропогенез», «этногенез», «этнос» ұғымдарын пайдалану;10.2.1.2 — этникалық процестердің сабақтастығын анықтай отырып, Қазақстан аумағындағы этногенездің кезеңдерін айқындау
Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары 10.2.2.1 — қазақтардың этникалық құрылымын сипаттау үшін «ру», «тайпа », «жүз», « ата-жұрт», «ата-мекен» ұғымдарын пайдалану;10.2.2.2 — тарихи кезеңдерді талдау негізінде қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттарын талдау;10.2.2.8 — туған жердің мәдениеті, салт дәстүрінің маңызына баға беруде «мәдени-генетикалық код» ұғымын қолдану
Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктері 10.2.2.3 — қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктерін ауызша тарихнама негізінде түсіндіру (шежіре, генеалогиялық аңыздар);10.2.2.4 — қазақ көшпелі өркениеті нің ерекшеліктерін ескере отырып, туыстық принциптердің және рулық құрылымның функционал- дық маңызын түсіндіру;10.2.2.5 — қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасуының біріктіруші рөлін түсіндіру
Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері 10.2.2.6 — қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау үшін «ақсүйек», «қарасүйек », «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдарын пайдалану;10.2.2.7 — дәстүрлі қазақ қоғамын- дағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін түсіндіру
Зерттеу жұмысы Дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік ұйымдасуы
3-тоқсан
Мемлекет тарихы және қоғамдық-саяси ойдың дамуы  Қазақстан территориясын-дағы ерте мемлекеттер Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы 10.3.1.1 — Қазақстандағы ерте көшпенділердегі мемлекеттілік белгілерін анықтау үшін «мемлекет», «билік », «саяси ұйым» ұғымдарын пайдалану;10.3.1.2 — Қазақстанда мемлекетті ліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;10.3.1.3 — Қазақстан территориясын дағы ерте мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау
Ұлы Дала көшпенділерінің империялары Түркі империясы — көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі. Түркі империясының мұрагерлері 10.3.1.2 — Қазақстанда мемлекеттілік тің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;

10.3.2.1 — деректерді талдау негізінде түркі мемлекеттерінің дамуын зерттеу, мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтау;10.3.2.2 — ерте және дамыған орта ғасырлардағы түркі мемлекеттері нің геосаяси белсенділігін сипаттау;10.3.2.3 — Түркі әлемінің қалыпта- суы мен дамуындағы Түркі империясының рөлін бағалау

Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері 10.3.1.2 — Қазақстанда мемлекеттілік тің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;10.3.2.4 — мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтай отырып, Қазақстан аумағында ұлыс жүйесінің дамуын зерттеу;10.3.2.5 — XIII -XV ғасырлардағы мемлекеттердің геосаяси белсенділігін сипаттау арқылы, олардың Еуразиядағы тарихи процестердің барысына әсер ету дәрежесін анықтау
Қазақ хандығы — Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет Ақ Орда — Қазақ хандығының негізі 10.3.1.2 — Қазақстанда мемлекеттілік тің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;10.3.3.1 — Ақ Орда және Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын анықтау
Қазақ хандығы: мемлекеттің саяси институттары 10.3.1.2 — Қазақстанда мемлекеттілік тің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;10.3.3.2 — Қазақ хандығының құрылуын Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің заңды нәтижесі ретінде тұжырымдау;10.3.3.3 — мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтай отырып, Қазақ хандығының саяси институттарының ерекшеліктерін зерттеу
Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыртылуы Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі 10.3.4.1 — Қазақстанның мемлекет тік егемендігінен айрылуының себеп-салдарын анықтау;10.3.4.2 — қазақ халқының мемлекет тік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген күресін зерттеу;10.3.4.3 — Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясы түрінде мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру тарихын зерттеу
Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі 10.3.1.2 — Қазақстанда мемлекеттілік тің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;10.3.4.4 — Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрін түсіндіру үшін«автономдық кеңес республикасы», «кеңес одағы республикасы», «унитарлы мемлекет» ұғымдарын пайдалану;10.3.4.5 — Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жетістіктері мен қайшылықтарын талдау
Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы 10.3.1.2 — Қазақстанда мемлекеттілік тің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;10.3.4.6 — Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлін анықтау;10.3.4.7 — мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттей отырып Қазақстан Республикасының даму бағдарларын болжау
Зерттеу жұмысы Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы
4-тоқсан
Мәдениет, білім және ғылымның дамуы Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті — дала өркениетінің мұрасы Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы қолөнері 10.4.1.1 — Қазақ халқының мәдени жетістіктерін сипаттау үшін «мәдениет», «дала өркениеті», «материалдық мәдениет», «рухани мәдениет», «қолданбалы өнер», «мәдени мұра» ұғымдарын пайдалану;10.4.1.2 — қазақ халқының материал дық мәдениетінің маңызды жетістік терін анықтау; — Қазақстандағы тарихи-этнография лық процестердің сабақтастығын талдау
Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы 10.4.1.3 — қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымын анықтау үшін «әдет-ғұрып» «рәсім», «салт-дәстүр», «діл (менталитет)» ұғымдарын пайдалану;10.4.1.4 — қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтарын салт-дәстүрлерді зерттеу негізінде түсіндіру
Тарихи және мәдени ескерткіштер

 

10.4.1.5 — дала өркениетінің белгілі тарихи және мәдени ескерткіштерін зерттеу;10.4.1.6 — типологиялық ерекшелік терін ескере отырып, тарихи және мәдени ескерткіштерді классификациялау
Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы 10.4.1.7 — Қазақ халқының мәдени мұрасындағы ауыз әдебиетінің маңызын анықтау;10.4.1.8 — халықтың рухани -адамгершілік құндылықтарын сипаттайтын қазақ әдебиетінің маңызды жетістіктерін анықтау;10.4.1.9 — фольклор және зерттеуші- лер еңбектерінің негізінде дәстүрлі музыкалық мәдениеттің бастаулары мен ерекшеліктерін анықтау
Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениеті Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар 10.4.2.1 — Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениеті саласындағы жаңа бағыттарды және жанрларды анықтау;10.4.2.2 — кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін қорытындылай отырып, жетістіктер мен қайшылықтарды талдау
Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет Мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуы 10.4.3.1 — Қазақстан Республикасы ның мәдениет саласындағы жаңа бағыттарын және жанрларды сипаттау;

10.4.3.2 — халықаралық мәдени кеңістікке кірігу процесін түсіндіру;10.4.3.3 — ұлттық мәдениет туралы білімді қорытындылау;10.4.3.4 – халықтың тарихи мәдени мұрасының маңызын зерттеуде «Туған жер» ұғымын қолдану

Зерттеу жұмысы Мәдениет және дәстүр – ұлттың генетикалық коды

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *