Жаңа бағдарлама Қазақстан тарихы 7 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар 2018-2019 жыл

Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша  ұзақ мерзімді жоспар

 

  • 7-сынып:
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны Оқыту мақсаттары. Білім алушылар тиісті:
1- тоқсан
7.1

Қазақ-жоңғар соғыстары

 

Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы.

 

Зерттеу сұрағы: Не себепті «Елім-ай» бүкілхалықтық әнге айналды?

7.1.1.1 — жоңғар шапқыншылығы кезіндегі демографиялық өзгерістерді және миграциялық процестерді түсіндіру;

7.2.2.1 — халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау;

7.3.1.2 — Қазақ хандығының ішкі саяси  жағдайын талдау;

7.4.1.1 — жоңғар шапқыншылығының қазақ халқының шаруашылығына тигізген зардаптарын анықтау

Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы.

 

Зерттеу сұрағы: Неліктен Ордабасы ел бірлігінің нышаны болды?

7.3.1.2 — Қазақ хандығының ішкі саяси  жағдайын талдау;

7.3.1.1 — Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру

Қазақ-жоңғар шайқастары.

 

Зерттеу сұрағы: Неліктен Аңырақай шайқасы қазақ-жоңғар соғысындағы түбегейлі бетбұрыс деп саналады?

7.3.2.1 — Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін түсіндіру
7.1

XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы

 

XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы.

 

Зерттеу сұрағы: Неліктен Ресей Қазақстанды Азияға шығудың «кілті мен қақпасы» деп санады?

7.3.1.2 — Қазақ хандығының ішкі саяси  жағдайын талдау;

7.3.2.2 — Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау

Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталауы.

 

Зерттеу сұрағы: Әбілқайыр ханның Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдарлары қандай болды?

7.3.1.2 — Қазақ хандығының ішкі саяси  жағдайын талдау;

7.3.2.2 — Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау

Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.

Зерттеу сұрағы: Дербес Қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рөлі қандай?

7.3.1.2 — Қазақ хандығының ішкі саяси  жағдайын талдау;

7.3.2.3 — Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатын бағалау

2-тоқсан
7.2

XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті

 

XVIII ғасырдағы халық ауыз әдебиеті.

 

Зерттеу сұрағы: XVIII ғасырда ақын-жыраулар шығармаларында тарихи оқиғалар қалай көрініс тапты?

7.2.2.1 — халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының  тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау;

7.2.1.1 — салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау

XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті.

Зерттеу сұрағы: Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі неде?

7.2.2.4 — қолданбалы өнердің жетістіктерін бағалау
7.2

Отарлау және ұлт-азаттық  күрес

 

XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы.

 

Зерттеу сұрағы: Қазақстанды отарлауды Ресей империясы қалай жүзеге асырды?

7.3.1.3 — Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.

 

Зерттеу сұрағы: Сырым Датұлы Кіші жүз қазақтарының қандай құқықтарын қорғауды көздеді?

7.3.1.5 — халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;

7.3.1.6 — ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру

1822-1824 жылдардағы патша реформалары.

 

Зерттеу сұрағы: Неліктен XX ғасырдың 20-шы жылдарында Қазақстанда әкімшілік реформалар жүргізілді?

7.3.1.4 — Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру;

7.1.2.1 — дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау

1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі.

 

Зерттеу сұрағы: Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын қандай ортақ идея біріктірді?

7.3.1.5 — қазақ халықының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;

7.3.1.6 — ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.

 

Зерттеу сұрағы: Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес неліктен жалпы ұлттық сипатқа ие болды?

7.3.1.5 — халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;

7.3.1.6 — ұлт-азаттық көтеріліс  басшыларының  рөліне баға беру

Қайталау
3- тоқсан
7.3

Отарлау және ұлт-азаттық  күрес

XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары.

 

Зерттеу сұрағы: Неліктен Орта Азия хандықтарының Қазақстанның оңтүстік аймақтарына экспансиясы күшейді?

7.3.1.5 — халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;

7.3.1.6 — ұлт-азаттық көтеріліс  басшыларының  рөліне баға беру

Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы.

 

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның оңтүстік аймақтарының Ресей империясына қосылуының ерекшеліктері қандай?

7.3.1.2 — Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;

7.3.2.2 — Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау

7.3

Қазақстан Ресей империясы

ның құрамында

 

XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық реформалар.

 

Зерттеу сұрағы: Патша өкіметі тарапынан «бөліп ал да, билей бер» ұстанымы қалай жүзеге асты?

7.3.1.3 — Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау;

7.3.1.4 — Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру;

7.1.2.1 — дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау

 

Қазақтардың 1860-1870 жылдардағы азаттық күресі.

 

Зерттеу сұрағы: XIX ғасырдың 60-70 жылдарындағы ұлт-азаттық көтерілістердегі халық талаптарының сабақтастығы неден көрінді?

7.3.1.5 — қазақ халықының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау
Қазақстандағы жаппай отаршылдық қоныс аудару саясаты.

 

Зерттеу сұрағы: Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ қоғамының өмірін қалай өзгертті?

7.4.1.2 — отарлау саясатының қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына тигізген әсерін талдау;

7.1.1.2 — Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен салдарын талдау;

7.1.2.1 — дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау

7.3

Қазақстан Ресей империясы

ның құрамында

 

Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы.

 

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы қалай басталды?

7.4.2.1 — капиталистік қатынастар дамуының Қазақстанның экономикасына ықпалын анықтау
Жәрмеңке саудасының дамуы.

 

Зерттеу сұрағы: Қазақстанда неліктен жәрмеңке саудасы дамыды?

7.4.2.2 — сауда қатынастарына жәрмеңкелердің әкелген өзгерістерін анықтау
XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы.

 

Зерттеу сұрағы: “Зар заман” өкілдерінің қоғамдық-саяси көзқарастары қандай факторлардың әсерінен қалыптасты?

7.2.1.2 — ұлттық құндылықтарға отаршылдық саясаттың кері әсерін талдау;

7.1.2.2 — қазақ зиялыларының қалыптасуының маңыздылығын түсіндіру

4- тоқсан
7.4

XIХ ғасыр -XX ғасырдың басындағы

Қазақстанның мәдениеті

 

XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы.

 

Зерттеу сұрағы: Неге XIX ғасыр қазақ халқының дәстүрлі музыка өнерінің гүлденген дәуірі деп саналады?

7.2.1.1 — салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау;

7.2.2.1 — халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының  тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау;

7.2.2.3 — ұлттық музыкалық аспаптардың қолдану ерекшеліктерін сипаттау

XIX ғасырдағы білім беру мен ағарту ісі.

 

Зерттеу сұрағы: XIX ғасырда Қазақстанда оқу-ағартушылық мекемелер қандай түрде дамыды?

7.2.3.2 — XIX ғасырдың екінші жартысындағы білім беру мен ағарту ісінің даму ерекшеліктерін түсіндіру
Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы.

 

Зерттеу сұрағы: Неге С.Мұқанов Шоқан Уәлихановқа арналған шығармасын «Аққан жұлдыз» деп атады?

7.2.3.1 — Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылығын анықтау
Ы. Алтынсарин – жаңашыл -педагог.

 

Зерттеу сұрағы: Ыбырай Алтынсариннің халық ағарту саласындағы жаңашылдығы неден байқалады?

7.2.3.3 — Ыбырай Алтынсариннің ағарту саласына қосқан үлесін бағалау
Абай Құнанбаев – ұлы ойшыл.

 

Зерттеу сұрағы: Неліктен Абай Құнанбайұлын «Хәкім Абай» деп атады?

7.2.2.2 — Абай Құнанбаевтың ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметіне баға беру
XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы Қазақтардың ауызша тарихи дәстүрлерінің дамуы.

 

Зерттеу сұрағы: Ш.Құдайбердіұлы, М.Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерінің тарихи құндылығы неде?

7.2.3.4 — Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерін тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындау

 

Қайталау

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *