Жаңа бағдарлама Қазақстан тарихы 8 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар 2018-2019 жыл

Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша  ұзақ мерзімді жоспар

 

  • 8- сынып:

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны Оқыту мақсаттары. Білім алушылар тиісті:
1- тоқсан
8.1

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан

 

Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

Зерттеу сұрағы: Не себепті А.Байтұрсынов: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды», — деп санады?

8.3.1.1 — қазақ зиялыларының Ресей империясының Мемлекеттік Думасындағы қызметіне баға беру;

8.3.1.2 — XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

Зерттеу сұрағы: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық сипат алды?

8.3.1.2 — XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру;

8.3.1.3 — 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтау және тұлғалардың рөліне баға беру

1917 жылғы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері.

Зерттеу сұрағы: Қазақстанда 1917 жылы саяси белсенділіктің артуы қандай оқиғалардан көрініс тапты?

8.3.1.2 — XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру
«Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы.

Зерттеу сұрағы: Неліктен «Алаш» партиясы халық қолдауына ие болды?

8.1.2.1 — қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау;

8.3.1.4 — «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын талдау;

8.2.3.1 — ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға беру

XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдері.

Зерттеу сұрағы: Қазақ зиялылары ұлттық мүдделерді қалайша қорғады?

8.1.2.1 — қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау;

8.2.2.1 — қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру;

8.3.1.5 — Әлихан Бөкейханның саяси көшбасшылық қызметіне баға беру

2- тоқсан
8.2 Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы

 

Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920 жылдар).

Зерттеу сұрағы: Қазан революциясының ұрандары халық арасында қандай үміт тудырды?

8.3.1.2 — XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру
Қазақстандағы ұлттық автономиялар.

Зерттеу сұрағы: Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясының идеялары неліктен жүзеге аспады?

8.3.1.6 — Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру;

8.1.2.1 — қазақ зиялыларының  қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау

Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы.

Зерттеу сұрағы: Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасы құрылуының тарихи маңызы неде?

8.3.1.6 — Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру;

8.1.2.1 — қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау

Әскери коммунизм саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу.

Зерттеу сұрағы: Қазақстан үшін жаңа экономикалық саясаттың артықшылықтары қандай болды?

8.3.1.7 — ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау;

8.4.1.1 — деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерді талдау

Қайталау
3-тоқсан
8.3

Қазақстан тоталитарлық жүйе кезеңінде

 

Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру.

Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы индустрияландырудың  қарама-қайшылығы неде?

8.4.2.1 — Қазақстандағы индустриялан дырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдау
Қазақстандағы ұжымдастыру.

Зерттеу сұрағы: Неліктен ұжымдастыру саясаты «ұлы нәубетке» әкеліп соқтырды?

8.4.1.2 — күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардап тарын талдау;

8.1.1.1 — демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау;

8.3.1.7 — ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау

1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар.

Зерттеу сұрағы: Сталиндік режим не себепті зиялыларға «халық жауы» деген айып тақты?

8.3.1.7 — ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының  зардаптарын талдау;

8.1.2.1 — қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау

8.3

Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым

Ахмет Байтұрсынов – «ұлт ұстазы».

Зерттеу сұрағы: Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы қандай?

8.2.2.2 — Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау
XX ғ. 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым.

Зерттеу сұрағы: Білім мен ғылым саласының қандай жетістіктері мен кемшіліктері болды?

8.2.3.2 — кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын анықтау;

8.2.3.3 — XX ғасырдың бірінші жартысындағы білім мен ғылым саласындағы  өзгерістерді талдау

Қ.Сатбаев – жан-жақты ғалым.

Зерттеу сұрағы: Қаныш Сәтбаевтың феномені неде?

8.2.3.4 — Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөліне баға беру
4- тоқсан
8.4

Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: әдебиет пен өнер

XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ әдебиетінің дамуы.

 

Зерттеу сұрағы: Қазақ әдебиетінде социалистік реализм қалай көрініс тапты?

8.2.2.1 — қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру
XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ өнерінің дамуы.

 

Зерттеу сұрағы: Қазақ өнерінің жаңа белеске көтерілуі неден байқалды?

8.2.2.4 — Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан Мұңайтпасұлының қазақ халқын әлемге танытудағы рөліне баға беру;

8.2.2.1 — қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру;

8.2.2.3 — өнер мен әдебиеттегі өзгерістерді анықтау

8.4

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

 

Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы.

 

Зерттеу сұрағы: Қандай қазақстандық Ұлы Отан соғысының батырлары халық есінде сақталды?

 

8.3.2.1 — қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының жеңісіне қосқан үлесін бағалау;

8.3.2.2 — Бауыржан Момышұлының батырлық, тұлғалық қасиетін айқындау

Қазақстан – майдан арсеналы.

 

Зерттеу сұрағы: «Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін!» ұраны қалай жүзеге асты?

8.4.2.2 — Қазақстан экономикасының соғыс жағдайларына бейімделгендігін дәлелдеу;

8.1.2.2 — соғыс жылдарындағы халықтың әлеуметтік жағдайын анықтау

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР мәдениеті.

 

Зерттеу сұрағы: Соғыс жылдарындағы Қазақстанның мәдени жетістіктері қандай болды?

8.2.2.5 — соғыс жылдарындағы өнер мен әдебиеттің халық рухын көтерудегі маңызын бағалау
Қазақстанға КСРО халықтарының депортациясы.

 

Зерттеу сұрағы: Қазақстан қалайша депортацияланған халықтардың өлкесіне айналды?

8.1.1.1 — демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау
Қайталау

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *