Жаңа бағдарлама Қазақ тілі мен әдебиеті T2 7 сынып КТЖ Күнтізбелік тақырыптық жоспар 2018-2019 жыл

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша

күнтізбелік-тақырыптық жоспар

7сынып

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. Мұғалім тоқсан бойынша белгіленген сағат сандарын  тарауларға жіктей алады және оқу мақсатына кететін уақытты (сағатты) өзі белгілей алады. Мұғалім белгілі бір тарауда ұсынылған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін олардың ретін ауыстыра алады, тарау барысында бірнеше рет қайталап ұсына алады және оқушылардың қажеттілігіне сай қосымша оқу мақсаттарын таңдай алады. Бір сабақта кемінде 1-2 оқу мақсатын қамтыған дұрыс.

Мұғалім оқу бағдарламасында көрсетілген тарау атауларына сәйкес сабақтың лексикалық тақырыбын өзі таңдап құрастырады және таңдаған тақырыпқа байланысты сағат санын өзі белгілей алады. Ұсынылып отырған күнтізбелік-тақырыптық жоспарда тарау ішіндегі тақырыптар үлгі ретінде беріліп отыр.

Жылдық жүктеме 170 сағат, аптасына 5 сағат.

 

 

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері Тақырыптар/

Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

Көркем шығарма Оқу мақсаттары
Тыңдалым Айтылым Оқылым Жазылым Тілдік бағдар
  1-тоқсан – 45 сағат
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілін оқып-үйренеміз.

Үштілді білу – үлкен өнер.

 

Мысалы:

1.      Тіл қалай пайда болды?

2.      Мемлекеттік тіл – менің тілім

3.      Көп тілді білу – заман талабы

М.Жұмабаев «Қазақ тілі» өлеңі. 7.Т2.  Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.

7.Т5. Тірек сөздер, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау.

7.А1. Мақал-мәтелдерді  орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту.

7.А3. Ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту.

7.О1. Кесте түрінде берілген ақпаратты түсіну, қолдана білу

7.О6. Тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу.

7.Ж4.

Тақырып бойынша мәліметтерді  жинақтап, презентация түрінде ұсыну

7.Ж2. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу.

7.ТБ1.1

Мәтіндерден көмекші есімдерді  ажырата білу,  жазбаша,  ауызша жұмыстарда қолдану

2. Уақыт – ұлы күш Мысалы:

1.      Уақыттың қадірі

2.      Уақытты дұрыс жоспарлау

3.      Сағатты қолдануға арналған нұсқаулық

Абай Құнанбаев «Сағаттың шықылдағы емес ермек» 7.Т1. Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау.

7.Т4. Лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау.

7.А2.  Кеңес  берудің   түрлі формалары мен  жағдаяттарына сай  ұлттық сөз әдебі  мен сөйлеу этикеті формаларын  қолдана білу.

7.А5.Диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру.

7.О2. Ресми-іскерлік (нұсқаулық) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау

7.О6.Тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу.

7.Ж3.Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу.

7.Ж4 Тақырып бойынша мәліметтерді  жинақтап, презентация түрінде ұсыну.

7.ТБ1.2.

Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы

шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану

3.  Жердегі климаттық өзгерістер Мысалы:

1.      Қазақстандағы климаттық өзгерістер

2.      Табиғат құбылыстары

3.      Ғаламдық жылыну

Д. Дефо «Робинзон Крузо» романы (үзінді).          7.Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.

7.Т6. Тыңдалым

материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру.

7.А2.  Ұсыныс жасаудың   түрлі формалары мен  жағдаяттарына сай  ұлттық сөз әдебі  мен сөйлеу этикеті формаларын  қолдана білу

7.А5. Диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру

7.О2. Ресми-іскерлік (ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау

7.О3.Прозалық   шығармадағы кейіпкердің іс–әрекетін,  образын талдау

7.Ж2. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу

себептерін айқын көрсетіп жазу.

7.Ж5.

Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс  жазу (күрделі сөздер)

7.ТБ1.3.

Топтау сан есімдерін

жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

2-тоқсан – 40 сағат
4. Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы Мысалы:

1.      Ұлы Жібек жолы

2.      Көне қалалар

3.      Тарихи қала Тараз

Б. Ұзақов «Жантаза». 7.Т1.

Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау

7.Т6.

Тыңдалым

материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру

7.А2.

Талап  етудің түрлі формалары мен  жағдаяттарына сай  ұлттық сөз әдебі  мен сөйлеу этикеті формаларын  қолдана білу

7.А4. Шығармадағы   кейіпкерлерге автор берген мінездеменің  тілдік құралдарын талдау

7.О2. Ресми-іскерлік (ресми құттықтаулар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау

7.О4. Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып,  талдау жасау

7.Ж1.

Мәтіндердің  жанрлық және стильдік ерекшелігін  сақтап,  ресми құттықтаулар жазу

7.Ж5.

Тақырып бойынша

оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.

7.ТБ1.4.

Одағай түрлерін мәтіннен ажырата алады, ауызша жұмыстарда орынды

қолдану.

5. Спорт және денсаулық күтімі  Мысалы:

1.      Денсаулығым – байлығым

2.      Шынықсақ – шымыр боламыз

3.      Дұрыс тамақтану – денсаулықтың кепілі

Т.Нұрмағанбетов «Он төрт жасар жігіт» 7.Т1.

Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау

7.Т2.

Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау

7.А6. Диаграмма, шартты белгілерде берілген  ақпаратты  сипаттау

7.А3. Ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту

7.О1.Диаграмма, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсіну, қолдана білу

7.О2. Ресми-іскерлік (өтініш) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау

7.Ж1.Мәтіндердің  жанрлық және стильдік ерекшелігін  сақтап,  өтініш жазу

7.Ж4.Тақырып бойынша мәліметтерді  жинақтап, презентация түрінде ұсыну.

7.ТБ1.5.Етістіктің шақтарының (бұрынғы және ауыспалы өткен шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану
6. Ұқсатым. Сән. Талғам. Мысалы:

1.      Сән әлемі

2.      Адам көркі – шүберек

3.      Ұқыптылық – ізгі қасиет

 

Ақан сері «Жігіт сипаты», «Қыз сипаты». 7.Т5. Тірек сөздер, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау

7.Т3.Әлеуметтік — мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну

7.А1.

Неологизмдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту

7.А2.

Бұйрық берудің   түрлі формалары мен  жағдаяттарына сай  ұлттық сөз әдебі  мен сөйлеу этикеті формаларын  қолдана білу

7.О2.

Ресми-іскерлік (нұсқаулық, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау

7.О3.

Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау

7.Ж2.

Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу

себептерін айқын көрсетіп жазу

7.Ж5.

Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс  жазу (күрделі сөздер).

7.ТБ1.5.

Етістіктің шақтарының (мақсатты және болжалды келер шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану

                                                                                                                     3-тоқсан – 50  сағат
7. Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау – мәдениет  Мысалы:

1.      Ғаламтор тарихы

2.      Әлеуметтік желілер тарихы

3.      Ғаламтор және денсаулық

Жюль Верн «Әлемді сексен күн ішінде шарлау» романы (үзінді). 7.Т3. Әлеуметтік — мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.

7.Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау.

7.А6.

Кесте, диаграмма, шартты белгілер,  суреттер мен сызбаларда берілген  ақпаратты  сипаттау

7.А1.

Терминдер мен неологизмдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту

7.О4. Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып,  талдау жасау

7.О1.

Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсіну, қолдана білу

7.Ж1.

Мәтіндердің  жанрлық және стильдік ерекшелігін  сақтап,  түйіндеме жазу

7.Ж4.

Тақырып бойынша мәліметтерді  жинақтап, презентация түрінде ұсыну.

7.ТБ1.5.

Етістік қалау райдың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану

8. Музыка. Қазақтың киелі домбырасы.  Мысалы:

1.      Дәстүрлі музыка

2.      Нағыз қазақ –домбыра

3.      Күйшілік өнер

 

І.Жансүгіров «Күйші» поэмасы (үзінді).

7.Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.

7.Т4.  Лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау.

7.А2.

Кеңес беру, ұсыныс жасаудың   түрлі формалары мен  жағдаяттарына сай  ұлттық сөз әдебі  мен сөйлеу этикеті формаларын  қолдана білу.

7.А5.

Диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру.

7.О4. Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып,  талдау жасау.

7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну.

7.Ж2.

Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу

себептерін айқын көрсетіп жазу

7.Ж3. Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу.

7.ТБ1.6.

Мақсат және  себеп-салдар үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды

қолдану

9. Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі Мысалы:

1.      Өсімдіктекті өнімдер

2.      Егіс даласында

3.      Төрт түліктің пайдасы

 

Ғ.Мұстафин «Шығанақ» романы (үзінді).

7.Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау

7.Т4 Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау.

7.А5. Диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру.

7.А3. Ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту.

7.О4. Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып,  талдау жасау.

7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну

7.Ж2.  Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу

себептерін айқын көрсетіп жазу.

7.Ж4. Тақырып бойынша мәліметтерді  жинақтап, презентация түрінде ұсыну.

7.ТБ1.7.

Септеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды

қолдану

10.  Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!   Мысалы:

1.      Наурыз мерекесі

2.      Көктемгі табиғат құбылыстары

3.      Алтыбақан – ұлттық ойын

М.Мақатев «Наурыз». 7.Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.

7.Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау.

7.А6.    Суреттер мен сызбаларда берілген  ақпаратты  сипаттау

7.А2. Кеңес  берудің   түрлі формалары мен  жағдаяттарына сай  ұлттық сөз әдебі  мен сөйлеу этикеті формаларын  қолдана білу.

7.О2 Ресми-іскерлік (ресми құттықтаулар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау

7.О6. Тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу.

7.Ж1 Мәтіндердің  жанрлық  және стильдік ерекшелігін  сақтап, ресми құттықтаулар жазу.

7.Ж5 Тақырып бойынша оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.

7.ТБ2.

Жазба жұмыстарында ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

4-тоқсан – 35 сағат
11. Жастықтың оты қайдасың?   Мысалы:

1.      Ел болашағы – жастар

2.      Отанды сүю – ұлы қасиет

3.      Мен жастарға сенемін

М.Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі. 5.Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.

5.Т6.Тыңдалым

материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.

7.А2. Талап  ету, бұйрық берудің   түрлі формалары мен  жағдаяттарына сай  ұлттық сөз әдебі  мен сөйлеу этикеті формаларын  қолдана білу.

7.А5. Диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру.

7.О3 Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау.

7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма түрінде ұсыну.

7.Ж3.Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу.

7.Ж5.Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс  жазу (күрделі сөздер).

7.ТБ2.

Жазба жұмыстарында қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

12. Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары Мысалы:

1.      Әлемді өзгерткен өнертабыстар

2.      Компьютерлер әлемінде

3.      Гаджеттердің пайдасы мен зияны

 

Майкл Х.Харт «100 ұлы адам» атты кiтабынан -«Альберт Эйнштейн».

7.Т2 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.

7.Т3.

Әлеуметтік — мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.

7.А1. Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту.

7.А5. Диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру.

7.О3 Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау.

7.О4.Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып,  талдау жасау.

7.Ж2.  Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу

себептерін айқын көрсетіп жазу.

7.Ж5.Тақырып бойынша оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.

7.ТБ2.

Жазба жұмыстарында түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

13. Батыр туса – ел ырысы Мысалы:

1.      Халықтың қаһарман ұлы

2.      Ұлы ерлікке тағзым

3.      Шығыс ұлына хат

 А. Нұршайықов «Аңыз бен ақиқат» (үзінді). 7.Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.

7.Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау.

7.А1.

Мақал-мәтелдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту.

7.А4. Шығармадағы   кейіпкерлерге автор берген мінездеменің  тілдік құралдарын талдау

7.О2. Ресми-іскерлік (ресми құттықтаулар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау.

7.О6.

Тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу.

7.Ж4.Тақырып бойынша мәліметтерді  жинақтап, презентация түрінде ұсыну.

7.Ж3.Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу.

7.ТБ2.

Жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *