Жаңа бағдарлама Қазақ тілі мен әдебиеті T2 5 сынып КТЖ Күнтізбелік тақырыптық жоспар 2018-2019 жыл

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша

күнтізбелік-тақырыптық жоспар

5-сынып

 

 

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. Мұғалім тоқсан бойынша белгіленген сағат сандарын  тарауларға жіктей алады және оқу мақсатына кететін уақытты (сағатты) өзі белгілей алады. Мұғалім белгілі бір тарауда ұсынылған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін олардың ретін ауыстыра алады, тарау барысында бірнеше рет қайталап ұсына алады және оқушылардың қажеттілігіне сай қосымша оқу мақсаттарын таңдай алады. Бір сабақта кемінде 1-2 оқу мақсатын қамтыған дұрыс.

Мұғалім оқу бағдарламасында көрсетілген тарау атауларына сәйкес сабақтың лексикалық тақырыбын өзі таңдап құрастырады және таңдаған тақырыпқа байланысты сағат санын өзі белгілей алады. Ұсынылып отырған күнтізбелік-тақырыптық жоспарда тарау ішіндегі тақырыптар үлгі ретінде беріліп отыр.

Жылдық жүктеме 170 сағат, аптасына 5 сағат.

 

 

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері Тақырыптар/

Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

Көркем шығарма Оқу мақсаттары
Тыңдалым Айтылым Оқылым Жазылым Тілдік бағдар
  1-тоқсан – 45 сағат
1.Отбасындағы дәстүр мен мерекелер Мысалы:

1.      Елге қайтамыз

2.      Қонақтарды қарсы аламыз

3.      Отбасындағы қарым-қатынас

4.      Отбасымен бірге өткізген мереке

 

М.Мақатаев «Тоқта, ботам!» өлеңі.

 

 5.Т1. Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау.

5.Т3.

Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну.

5.А3.

Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын,  үндестік заңын ескеріп айту.

5.А2.

Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын  пайдалану.

5.О1.

Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау.

5.О3.

Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау.

5.Ж5.

Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу.

5.Ж4.

Мәліметтерді  жинақтай отырып,  тақырып бойынша постер жасау.

5.ТБ1.1. Мәтін құрауда жалғау түрлерін дұрыс жалғау.
2. Мектеп өмірі.

Әдепті бала — арлы бала

 

Мысалы:

1.      Алғашқы мектептер туралы не білесің?

2.      Әлемнің таңдаулы мектебі

3.      Менің атым — Қожа

4.      Үлкенге – құрмет, кішіге — ізет

Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі (үзінді) 5.Т2.

Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.

5.Т5.

Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтау.

5.А2.

Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын  пайдалану.

5.А5.

Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

5.О2.

Хабарлама мазмұнын түсіну, стильдік ерекшелігін анықтау. 5.О5. Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу.

5.Ж1.

Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама жазу.

5.Ж2.

Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.

ТБ1.1. Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу.
3.  Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі Мысалы:

1.      Жануарлар әлеміне саяхат

2.      Қорғауға алынған жануарлар

3.      Жусан иісі

4.      Өсімдіктер ерекшеліктері

Жан — жануарлар туралы ертегілер, жұмбақтар.          5.Т4. Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсіну.

5.Т6.

Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.

5.А6.

Тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау

5.А5.

Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу

5.О3.

Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау.

5.О5.

Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу.

5.Ж3.Жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу. 5.Ж4.Мәліметтерді  жинақтай отырып,  тақырып бойынша постер жасау. 5.ТБ1.2.Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін  сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану.
2-тоқсан – 40 сағат
4.Көшпелілер мәдениеті Мысалы:

1.      Көшпелілер тарихын жақсы білесің бе?

2.      Көшпелілердің  ауыз әдебиеті

3.      Тұмар патшайым туралы аңыз

 

Тұмар ханшайым туралы аңыз. 5.Т2.

Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.

5.Т5.

Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтау.

5.А1.

Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың  синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу.

5.А3.

Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын,  үндестік заңын ескеріп айту.

5.О2. Хат мазмұнын түсіну, стильдік ерекшелігін анықтау.

5.О3.

Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау.

5.Ж1. Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хат жазу.

5.Ж5. Жазба жұмыстарында

сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.

5.ТБ1.3.

Сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, орынды қолдану.

5.Су – тіршілік көзі  Мысалы:

1.      Судың қасиеттері

2.      Су – өмірдің нәрі

3.      Ә.Тәжібаев. «Сырдария»

4.      Туған өлкемнің өзен-көлдері

Ә.Тәжібаев «Сырдария» өлеңі.

 

5.Т1. Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау.

5.Т5.

Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтау.

5.А4. Шағын көлемді  мәтіндердің мазмұнына жоспар құру,  соған сүйеніп баяндау

5.А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу

5.О2. Жарнама мазмұнын түсіну, стильдік ерекшелігін анықтау

5.О6. Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру.

 

5.Ж2.

Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.

5.Ж4.Мәліметтерді  жинақтай отырып,  тақырып бойынша постер жасау.

5.ТБ1.4.

Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

6.Әлемдегі ірі кітапханалар Мысалы:

1.      Кітап — білім бұлағы

2.      Менің жеке кітапханам

3.      Әл-Фараби білім алған кітапхана

4.      Әлемнің таңғажайып кітапханалары

Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңі. 5.Т3.  Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну.

5.Т4. Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсіну.

.5.А3.

Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын,  үндестік заңын ескеріп айту.

5.А5.

Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

5.О2.

Хат, хабарлама мазмұнын түсіну, стильдік ерекшелігін анықтау.

5.О3.

Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау.

5.Ж2.

Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.

5.Ж5.

Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.

5.ТБ1.5.

Болымды, болымсыз етістіктерді  ауызша және жазба жұмыстарда орынды

Қолдану.

                                                                                                                     3-тоқсан – 50  сағат
7.Денсаулық – зор байлық  Мысалы:

1.      Тәні саудың – жаны сау

2.      Пайдалы ас

3.      Денсаулыққа зиян тағамдар

 

«Ең үлкен байлық» ертегісі. 5.Т4. Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсіну.

5.Т6. Тыңдалым

материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.

5.А4.

Шағын көлемді  мәтіндердің мазмұнына жоспар құру,  соған сүйеніп баяндау.

5.А2.

Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын  пайдалану.

5.О1.

Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау.

5.О4.

Мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру.

 

5.Ж3.

Жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу.

5.Ж2.

Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.

5.ТБ1.6. Мекен және мезгіл үстеулерді  ауызша және жазба жұмыстарда орынды

қолдану.

8.Менің Тәуелсіз Қазақстаным  Мысалы:

1.      Абылай хан және тәуелсіздік

2.      Мерекелер

3.      Спорттық жетістіктер

 

 

Қ. Сарин «Тәуелсіздік» өлеңі.

5.Т1. Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау.

5.Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.

5.А1.Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың  синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу.

5.А6.Тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау.

5.О5. Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу.

5.О4. Мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру.

5.Ж1. Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарландыру жазу.

5.Ж4. Мәліметтерді  жинақтай отырып,  тақырып бойынша постер жасау.

5.ТБ1.7. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды

қолдану.

9.Аспан әлемінің құпиялары Мысалы:

1.      Аспан әлемі

2.      Үркер  жұлдызы

3.      Жетіқарақшы жұлдызы

4.      Шолпан ғаламшары

 

Жұлдыздар туралы аңыздар, ертегілер.

 

5.Т1. Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау.

5.Т3. Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну.

5.А3. Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын,  үндестік заңын ескеріп айту.

5.А6. Тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау.

5.О4. Мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру.

5.О6.Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру.

5.Ж2. Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.

5.Ж3. Жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу.

5.ТБ1.7.

Қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды

қолдану.

10.  Компьютердің тілін табу – өнер   Мысалы:

1.      Технологияның дамуы

2.      Әлеуметтік желі және қауіпсіздік

3.      Мен бағдарламашы боламын

Ы.Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңі. 5.Т1. Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау.

5.Т6. Тыңдалым

материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.

5.А4. Шағын көлемді  мәтіндердің мазмұнына жоспар құру,  соған сүйеніп баяндау.

5.А6. Тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау.

5.О1. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау.

5.О4. Мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру.

5.Ж4. Мәліметтерді  жинақтай отырып,  тақырып бойынша постер жасау.

5.Ж1. Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама жазу.

5.ТБ2. Жазба жұмыстарында хабарлы сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру.
4-тоқсан – 35 сағат
11. Қазақстандағы ұлттар достастығы   Мысалы:

1.      Бірлік мерекесі

2.      Бейбітшілік  пен келісім сарайы

3.      Ассамблея туы

4.      Ұлттар достастығы

М.Мағауин «Бір атаның балалары» (үзінді). 5.Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.

5.Т6.Тыңдалым

материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.

5.А3. Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын,  үндестік заңын ескеріп айту.

5.А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

5.О2. Хат, жарнама мазмұнын түсіну, стильдік ерекшелігін анықтау.

5.О6.Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру.

5.Ж2.

Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.

5.Ж4. Мәліметтерді  жинақтай отырып,  тақырып бойынша постер жасау.

5.ТБ2. Жазба жұмыстарында сұраулы сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру.
12.Ұлы Дала табиғаты Мысалы:

1.      Аққу – киелі құс

2.      Шарын шатқалы

3.      Баянауыл өлкесі

 

 

Қ.Мырзалиев «Табиғат – жаратылыс пернесі» өлеңі.

5.Т1. Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау.

5.Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.

5.А1. Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың  синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу.

5.А6. Тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау.

5.О3. Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау.

5.О5. Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу.

5.Ж1. Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хат жазу.

5.Ж3. Жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу.

5.ТБ2. Жазба жұмыстарында лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру.
13.Ер есімі – ел есінде! Мысалы:

1.      Болашақ қазақ сарбаздары

2.      Еңбек ерлікке жеткізеді

3.      Ерлік жасау неден басталады?

 Ғ. Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы (үзінді). 5.Т3. Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну.

5.Т6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.

5.А2. Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын  пайдалану.

5.А3. Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын,  үндестік заңын ескеріп айту.

5.О1. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау.

5.О6. Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру.

5.Ж1. Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарландыру жазу.

5.Ж5. Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану

5.ТБ2. Жазба жұмыстарында лепті (бұйрықты) сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *