Жаңа бағдарлама Қазақ тілі 10 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар Жаратылыстану-Математика бағыты ЖМБ 2018-2019 жыл

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен

жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасын жүзеге асыру

бойынша ұзақ мерзімді жоспар

 

  • 10-сынып
Тақырып Сөйлесім әрекетінің түрлері Оқыту мақсаттары
Барлығы: 68  сағат, аптасына 2 сағат.
1-тоқсан
1-тарау.

Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет

Тыңдалым және айтылым 10.1.1.1 — . мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру;
Оқылым 10.2.1.1 — әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
Жазылым 10.3.1.1.- ауызекі сөйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін құрастыру;

10.4.1.1.- мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу;

Әдеби тіл нормалары 10.4.1.1.- мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.
2-тоқсан
2- тарау. Индустрияландыру: ұлттық өндіріс Тыңдалым және айтылым 10.1.2.1.- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;

10.4.3.1.- әлеуметтік-тұрмыстық қатынас аясында сөз әдебі мен сөйлеу мәнерін дұрыс қолдану;

Оқылым 10.2.2.1 — ғылыми-көпшілік стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері);
Жазылым 10.3.1.2.- ресми қарым-қатынас аясында ресми құжат түрлерін жазу: сенімхат, кепілхат, өтінім, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі және т.б.мәтіндер құрастыру;
Әдеби тіл нормалары 10.4.2.1.- сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.
3-тоқсан
3-тарау.

Адамзат дамуының жаһандық мәселелері

Тыңдалым және айтылым 10. 1.3.1 — мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық –саяси) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру;

10. 4.2.1.- сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;

Оқылым 10.2.3.3.- публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедерін дұрыс қолдана білу;
Жазылым 10. 3.3.1.- қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып,  көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті  эссе);

10.3.6.1.- жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау;

Әдеби тіл нормалары 10.4.3.1.- әлеуметтік-тұрмыстық қатынас аясында сөз әдебі мен сөйлеу мәнерін дұрыс қолдану.
4-тарау.

Адам өмірін сақтау

Тыңдалым және айтылым 10.1.4.1 — мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау;
Оқылым 10.2.4.1 — әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;

10.2.6.1.- БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу;

Жазылым 10.3.4.1.- оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу);

10. 4.5.1.- сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу;

Әдеби тіл нормалары 10.4.4.1.- сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу.
4 — тоқсан
5- тарау.

Қылмыс және заң

Тыңдалым және айтылым 10.1.5.1-коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу. Сөйлеу тілінің лексикалық, фонетикалық-морфологяилық, синтаксистік ерекшеліктерін ажыратып, орынды қолдану;
Оқылым 10.2.5.1.- мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу;
Жазылым 10.3.5.1.- әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма, т.б.) ұсына білу;

10.4.4.1.- сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу;

Әдеби тіл нормалары 10.4.5.1.- сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *