Жаңа бағдарлама Қазақ тілі 11 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар Жаратылыстану-Математика бағыты ЖМБ 2018-2019 жыл

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен

жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасын жүзеге асыру

бойынша ұзақ мерзімді жоспар

 

11-сынып

Тақырып Сөйлесім әрекетінің түрлері Оқыту мақсаттары
Барлығы: 34  сағат, аптасына 1 сағат.
1-тоқсан
1-тарау.

Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның  өткені мен  келешегі

Тыңдалым және айтылым 11.1.1.1 — мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу;
Оқылым 11.2.1.1 — әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
Жазылым 11.3.1.1.-.ауызекі сөйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін құрастыру;

11.3.1.1.-.ауызекі сөйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін құрастыру;

Әдеби тіл нормалары 11.4.1.1.- мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.
2-тоқсан
2-тарау.

Экология: ядролық және мұнай  өндірістері

Тыңдалым және айтылым 11.1.2.1.- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала, бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;

11.4.3.1.- әлеуметтік-саяси шешендік қатынас аясында сөз әдебі мен сөйлеу мәнерін дұрыс қолдану;

Оқылым 11.2.2.1 — таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы);
Жазылым 11.3.2.1.- мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау;
Әдеби тіл нормалары 11.4.2.1.- сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.
3-тоқсан
3-тарау.

Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция

Тыңдалым және айтылым 11.1.3.1 — мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық –саяси) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен салыстыру;

11.4.2.1.- сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;

Оқылым 11.2.3.3. — публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедерін дұрыс қолдана білу;
Жазылым 11.3.3.1.- қажетті ақпараттарды орынды қолданып,  көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті  эссе);

11.3.6.1.- жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау);

Әдеби тіл нормалары 11.4.3.1.- әлеуметтік-саяси шешендік қатынас аясында сөз әдебі мен сөйлеу мәнерін дұрыс қолдану;
4-тарау.

Әлемді өзгерткен өнертабыстар

Тыңдалым және айтылым 11.1.4.1 — мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау;
Оқылым 11.2.4.1 — әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;

11.2.6.1.- БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу, дәйексөз келтіру;

Жазылым 11.3.4.1.- оқылым және тыңдалым материалдары бойынша  түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу;

11.4.5.1.- мәтін және мәтін  үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу;

Әдеби тіл нормалары 11.4.4.1.- мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып).
4-тоқсан
5-тарау.

Туризм: экотуризм

Тыңдалым және айтылым 11.1.5.1 — коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу.

Сөйлеу тілінің лексикалық, фонетикалық-морфологяилық, синтаксистік ерекшеліктерін ажыратып, орынды қолдану;

Оқылым 11.2.5.1.- мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру;
Жазылым 11.3.5.1.-. әртүрлі тақырып  бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма, т.б.) ұсына білу;

11.4.4.1.- мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып);

Әдеби тіл нормалары 11.4.5.1.- мәтін және мәтін  үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *