Жаңа бағдарлама Алгебра 7 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар 2018-2019 жыл

Негізгі орта білім беру деңгейінің 7 — сыныпқа арналған

«Алгебра» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар

7-сынып

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны Оқыту мақсаттары
1-тоқсан
5-6-сыныптардағы математика курсын қайталау
Бүтін көрсеткішті дәреже Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері 7.1.2.1 — натурал көрсеткішті дәреже анықтамасын және оның қасиеттерін білу;

7.1.2.2 — санның дәрежесі қандай цифрға  аяқталатынын анықтау;

7.1.2.15 — натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдану;

7.4.2.3 — шаршы мен текшенің  сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты  олардың  ауданы мен көлемі қалай өзгеретінін бағалау;

Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері 7.1.2.3 — нөл және бүтін теріс көрсеткішті дәреженің  анықтамасын және оның қасиеттерін  білу;

7.1.2.4 — бүтін көрсеткішті дәреженің санды мәнін анықтау және берілген сандарды дәреже түрінде көрсету;

7.1.2.6 — көрсеткіші нөлге тең  дәреженің негізіндегі айнымалының мүмкін мәндерін табу;

7.2.1.1 — санды өрнектердің мәндерін табуда бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану;

Құрамында дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру 7.1.2.5 — алгебралық өрнектерді ықшамдауда дәрежелердің қасиеттерін қолдану; 7.2.3.1

құрамында дәрежесі бар сандар тізбегінің   заңдылығын  және  жетіспейтін мүшелерін анықтау;

Санның стандарт түрі 7.1.1.1 — сандарды стандарт түрде жазу;

7.1.2.7 — стандарт түрде жазылған сандарға  арифметикалық амалдар қолдану;

7.1.2.8 — стандарт түрде жазылған санның мәнді бөлігін және ретін табу;

7.1.2.9 — стандарт түрде жазылған сандарды салыстыру;

7.1.2.10 — шамаларды бір өлшем бірліктен екінші өлшем бірлікке айналдыру және оны стандарт түрде жазу;

7.1.2.11 — шамалардың жуық мәндерін табу және оларды стандарт түрде жазу;

7.1.2.12 — жуық шамалардың  абсолюттік және салыстырмалы қателіктерін есептеу;

7.1.2.13 — калькулятордың көмегімен жуықтап есептеулерді орындау;

Мәтінді есептерді шығару 7.4.2.1 — өте кіші немесе өте үлкен сандармен берілген  шамаларға байланысты есептер шығару;
Көпмүшелер Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану. Бірмүшенің дәрежесі және стандарт түрі 7.2.1.2 — бірмүше анықтамасын білу, оның коэффициенті мен дәрежесін табу;

7.2.1.3 — бірмүшені стандарт түрде жазу;

7.2.1.4 — бірмүшелерді көбейтуді орындау және бірмүшені  көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде көрсету;

Көпмүшелер. Көпмүшенің дәрежесі және стандарт түрі 7.2.1.5 — көпмүше анықтамасын білу және оның дәрежесін табу;

7.2.1.6 — көпмүшені стандарт түрге келтіру —

Көпмүшелерге амалдар қолдану 7.2.1.7 — көпмүшелерді қосу және азайтуды орындау;

7.2.1.8 — көпмүшені бірмүшеге көбейтуді  орындау;

7.2.1.9 — көпмүшені көпмүшеге көбейтуді орындау;

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу 7.2.1.12 — алгебралық  өрнектерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және топтау тәсілдері арқылы көбейткіштерге жіктеу;
Өрнектерді тепе-тең түрлендіру 7.2.1.13 — көпмүшелерге амалдар қолдану, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау;
2-тоқсан
Функция. Функцияның графигі Функция және функцияның графигі 7.4.1.1 — функция және функцияның графигі ұғымдарын меңгеру;

7.4.1.2 — функцияның берілу тәсілдерін білу;

7.4.1.3 — функцияның анықталу облысы мен мәндер жиынын табу;

Сызықтық функция және оның графигі 7.4.1.4 —    функциясының анықтамасын білу, графигін салу, k коэффициентіне  қатысты орналасуын анықтау;

7.4.1.5 —    түріндегі сызықтық функцияның анықтамасын білу, оның графигін салу және графиктің k және b коэффициенттеріне  қатысты орналасуын анықтау;

7.4.1.6 — сызықтық функция графигінің координата осьтерімен қиылысу нүктелерін графикті салмай табу;

7.4.1.7 — у = kx + b сызықтық функциясының графигінен k және b таңбаларын анықтау;

Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы 7.4.1.8 — сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуы олардың коэффициенттеріне тәуелді болатынын негіздеу

7.4.1.9 — графигі берілген функцияның графигіне параллель  немесе  қиятын сызықтық функцияның формуласын табу;

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу 7.4.2.4 — екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу;
у=ах2, у=ах3 және

( k≠0)  түріндегі функциялар, олардың графиктері және қасиеттері

7.4.1.10 — y     функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу;

7.4.1.11 —     функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу;

7.4.1.12 —  функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу;

Статистика элементтері Вариациялық қатар 7.3.3.1 — басты жиынтық, кездейсоқ таңдама, вариациялық қатар, нұсқалық ұғымдарын меңгеру;
Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік. Жиілік кестесі 7.3.3.2 — нұсқалықтың  абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін есептеу;

7.3.3.3 — статистикалық деректерді жинау және оны кесте түрінде көрсету;

7.3.3.4 — таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсету

7.3.3.5 — кестедегі деректердің дұрыстығын тексеру;

Жиілік алқабы 7.3.3.6 — таңдама нәтижесін жиілік алқабы түрінде көрсету;

7.3.3.7 — кесте немесе жиіліктер алқабы түрінде берілген статистикалық ақпаратты талдау;

3-тоқсан
Қысқаша көбейту формулалары Қысқаша көбейту формулалары 7.2.1.10 —

 

қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдану;

7.2.1.11 —

 

қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдану;

Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру 7.1.2.14 — тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану;

7.2.1.14 — алгебралық  өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу;

7.2.1.15 — қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық  өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау ;

Мәтінді есептерді шығару 7.4.3.1 — есеп шарты бойынша математикалық модель құру;

7.4.2.2 — мәтінді есептерді теңдеулер және теңсіздіктер құру арқылы шығару;

4-тоқсан
Алгебралық бөлшектер Алгебралық бөлшек және оның негізгі қасиеті 7.2.1.16 — алгебралық бөлшектерді танып білу;

7.2.1.17 — алгебралық бөлшектегі айнымалылардың мүмкін мәндер жиынын табу;

7.2.1.18 — алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін қолдану:  ;

Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану 7.2.1.19 — алгебралық бөлшектерді  қосу және азайтуды орындау;

7.2.1.20 — алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлуді, дәрежеге шығаруды орындау;

Алгебралық өрнектерді   тепе-тең түрлендіру 7.2.1.21 — құрамында алгебралық бөлшектері бар өрнектерді   түрлендіруді орындау;
7-сыныптағы алгебра курсын қайталау

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *