Жаңа бағдарлама Алгебра 9 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар 2018-2019 жыл

Негізгі орта білім беру деңгейінің 9 — сыныпқа арналған

«Алгебра» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар

  • 9-сынып

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны Оқыту мақсаттары
1-тоқсан
8-сыныптағы алгебра курсын қайталау
Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер, және олардың жүйелері Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері 9.2.2.1 — екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулерді ажырату;

9.2.2.2 — екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу;

9.4.2.1 — мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару;

9.4.3.1 — есеп шарты бойынша математикалық модель құру;

Екі айнымалысы бар теңсіздіктер 9.2.2.3 — екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу;
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйелері 9.2.2.4 — екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу;
Комбинаторика элементтері Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен ережелері (қосу және көбейту ережелері) 9.3.1.1 — комбинаториканың  ережелерін білу (қосу және көбейту ережелері);

9.3.1.2 — cанның факториалы  анықтамасын білу;

9.3.1.3

қайталанбайтын орналастыру, алмастыру  және теру  анықтамаларын білу;

9.3.1.4 — қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын білу;

Комбинаторика формулаларын қолданып есептер шешу 9.3.1.5 — қайталанбайтын орналастыру, алмастыру  және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын қолдана отырып есептер шығару;
Ньютон биномы және оның қасиеттері 9.3.1.6 — Ньютон биномы формуласын және оның қасиеттерін білу және қолдану;
2-тоқсан
Тізбектер Сандар тізбегі, оның берілу тәсілдері және қасиеттері 9.2.3.1 — сандар тізбегі туралы түсінік болу;

9.2.3.2 — тізбектің n-ші мүшесін табу, мысалы: ;

9.2.3.3 — математикалық индукция әдісін білу және қолдану;

Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар 9.2.3.4 — сандар тізбектерінің арасынан арифметикалық және геометриялық прогрессияны ажырату;

9.2.3.5 — арифметикалық  прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану;

9.2.3.6 — геометриялық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану;

9.2.3.7 — арифметикалық немесе/және геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару

Шексіз кемімелі геометриялық прогрессия 9.2.3.8 — шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру үшін қолдану;
Мәтінді есептерді шығару 9.2.3.9 — шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын есептер шығаруда қолдану;

9.4.2.2 — геометриялық және арифметикалық прогрессияларға байланысты мәтінді есептерді  шығару;

3-тоқсан
Тригонометрия Бұрыш пен доғаның градустық және радиандық өлшемдері 9.1.1.1 — бұрыштың радиандық өлшемі ұғымын меңгеру;

9.1.2.1 — градусты радианға және радианды градусқа айналдыру;

9.1.1.2 — бірлік шеңбердің бойында сандарын белгілеу;

Кез келген бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі. Бұрыш синусының, косинусының, тангенсінің және котангенсінің мәндері 9.2.4.1 — тригонометриялық функциялардың анықтамаларын білу;

9.2.4.2 — бірлік шеңбердегі  нүктелердің координаталары ( ) мен тригонометриялық функциялардың өзара байланысын білу;

Тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері 9.2.4.5 — бірлік шеңбердің көмегімен  тригонометриялық функциялардың анықталу облысы мен  мәндер жиынын табу;

9.2.4.6 — бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың жұптылығын (тақтылығын), периодтылығын ,  бірсарындылығын және таңбатұрақтылық аралықтарын  түсіндіру;

Тригонометрия формулалары 9.2.4.4 — келтіру формулаларын қорытып шығару және қолдану;

9.2.4.3  — бұрыштардың қосындысы мен айырымының, жарты және қос бұрыштың тригонометриялық формулаларын қорытып шығару және қолдану;

4-тоқсан
Тригонометрия Тригонометрия формулалары 9.2.4.7 — тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге және көбейтіндісін қосындыға немесе айырымға түрлендіру формулаларын

қорытып шығару және қолдану;

Тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіру 9.2.4.8 — тригонометриялық  өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау;
Ықтималдықтар теориясының элементтері Ықтималдықтар теориясының негіздері 9.3.2.1 — оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиға, қолайлы нәтижелер, тең мүмкіндікті және қарама-қарсы оқиғалар ұғымдарын меңгеру;

9.3.2.2 — элементар және элементар емес оқиғаларды ажырату;

9.3.2.3 — ықтималдықтың классикалық анықтамасын білу және есептер шығару үшін оны қолдану;

9.3.2.4 — ықтималдықтың статистикалық анықтамасын білу;

Мәтінді есептерді шығару 9.3.2.5 — геометриялық ықтималдықты есептер шығаруда қолдану;
7-9-сыныптардағы алгебра курсын қайталау

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *