Жаңа бағдарлама Биология 10 сынып ҰМЖ КТЖ Ұзақ мерзімді жоспар Жаңа мазмұны бойынша Күнтізбелік тақырыптық жоспарлау Календарный план

КҮНТІЗБЕЛІК ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
Жаратылыстану-математикалық бағыт
Жоғарғы сынып
Пән: Биология
Сынып: 10
Оқу жоспарындағы ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі
Тақырып/ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны
Оқу мақсаты Сағат саны
1 тоқсан
10.1А
Молекулалық биологияжәне биохимия
(21 сағат) Жердегі тіршілік үшін судың маңызы. 10.4.1.1 Жердегі тіршілік үшін судың іргеліі маңызын түсіндіру 1
Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер. Химиялық құрылымы. Көмірсулардың қасиеті және қызметтері. 10.4.1.2 көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктеу 1
Редуцирленетін және редуцирленбейтін қанттар.
Зертханалық жұмыс «Редуцирленетін және редуцирленбейтін қанттардың тотықсыздандыру қабілетін зерттеу». 10.4.1.3 редуцирленетін және редуцирленбейтін қанттарды анықтау 1
Липидтердің құрылымдық компоненттері. Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтері. 10.4.1.4 майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттау 1
Нәруыздарды құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәруыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы. Нәруыз денатурациясы мен ренатурациясы. Зертханалық жұмыс «Нәруыздардың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсері (температура, pH)». 10.4.1.5 нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу 1
10.4.1.6 түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу 1
Биологиялық нысандарда нәруыздың болуы. Зертханалық жұмыс «биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау». 10.4.1.7 биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау 1
ДНҚ құрылысы. ДНҚ құрылымы (бірінші және екінші реттік). ДНҚ молекуласының қызметі. 10.4.1.8 ДНҚ құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты орнату 1
Репликация механизмі. ДНҚ. Мезелсон мен Сталь тәжірибесі. Чаргафф ережесі. 10.4.1.9 Чаргафф ережелері негізінде ДНҚ репликациясы үдерісін сипаттау 1
РНҚ молекуласының құрылысы мен қызметтері. Матрицалық РНҚ. Рибосомалық РНҚ. Транспорттық РНҚ. 10.4.1.10 РНҚ типтерінің құрылысы мен қызметтерін ажырату 1
РНҚ және ДНҚ молекулалары құрылысынның ұқсастықтары мен айырмашылықтары. 10.4.1.11 РНҚ және ДНҚ молекулаларының құрылысын салыстыру 1
10.1B Жасушалық биология
(7 сағат) Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері. Жасушаның негізгі компоненттері: жасуша қабырғасы, плазмалық мембрана, цитоплазма және оның органоидтары (мембранасыз, бірмембраналы және қосмембраналы). Ядро. Жасушаның негізгі компоненттерінің қызметтері. 10.4.2.1 электронды микроскоп арқылы көрінетін жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктерін түсіндіру 1
Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланыс. Жасуша мембранасының сұйық кристалды моделі. Мембраналық нәруыздардың, фосфолипидтердің, гликопротеиндердің, гликолипидтердің, холестеролдың қызметі. Зертханалық жұмыс «Жасуша мембранасына әр түрлі жағдайлардың әсері». 10.4.2.2 жасуша мембранасының сұйық кристалды моделін пайдаланып, жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланысты орнату 2
Бактерия, саңырауқұлақ., өсімдік және жануар жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтері. 10.4.2.3 прокариот және эукариот жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтерін салыстыру 1
10.1С Қоректену
(3 сағат) Ферменттер белсенділігіне әсер ететін факторлар мен жағдайлар: рН; температура; субстрат концентрациясы, фермент ингибитор және активатор.
Зертханалық жұмыс «Ферменттер белсенділігіне әр түрлі жағдайлардың әсері». 10.1.2.1 әр түрлі жағдайлардың (температура, pH, субстрат пен ингибитор концентрациясы 2
ІЖБ 1
Барлығы 18
2-тоқсан
10.2А Заттардың тасымалдануы
(8 сағат) Адам гемоглобині мен миоглобинінің құрылысы мен қызметі. Адам гемоглобині мен миоглобині үшін оттектің диссоциациялануының қисық сызығы. 10.1.3.1. эмбрион мен ересек ағзаның гемоглобині мен миоглобині үшін оттектің диссоциациялануының қисық сызығын түсіндіру 1
Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының диффузия жылдамдығына әсері. Эритроцит жасушасы беттік аудан мөлшерінің, көлемге қатынасының маңызы.
Зертханалық жұмыс «Жасушаның беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасын анықтау». 10.1.3.2 беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының мәнін есептеу және олардың заттарды тасымалдауға қатысты маңызын түсіндіру 2
Пассивті тасымалдау механизмі:қарапайым тасымал, мембраналық каналдар арқылы диффузия, жеңілдетілген диффузия. 10.1.3.3 пассивті тасымалдау механизмін түсіндіру 1
10.2В Тыныс алу

(12 сағат) АТФ-тың құрылысы мен қызметі 10.1.4.1 АТФ-тың құрылысы мен қызметтерін сипаттау 1
АТФ синтезі: глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырау кезеңдері. 10.1.4.2 анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы АТФ синтезін салыстыру 1
Метаболизм түрлері. Энергетикалық алмасу кезеңдері. 10.1.4.3 метоболизмнің түрлерін атау 1
10.1.4.4 энергетикалық алмасу кезеңдерін сипаттау 1
Митохондрияның құрылымы мен қызметтері. Митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысы. 10.1.4.5 митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысты орнату 1
Кребс циклі. Циклдің негізгі және аралық қосылыстары мен реакцияның соңғы өнімдері. Электрондық-тасымалдау тізбегі. Биологиялық жүйелер үшін маңызы. 10.1.4.6 Кребс циклін сипаттау 1
10.2 С Бөліп шығару
(11 сағат) Абсорбция және реабсорбция. Зәрдің түзілуі. 10.1.5.1 зәрдің сүзілу (фильтрация) және түзілуі механизмін түсіндіру 1
Су мөлшерін реттеу. Нысана мүшелер. Әсер ету эффектсі. Гипофункция. Гиперфункция. 10.1.5.2 су мөлшерін бақылаудағы антидиуретикалық гормонның (АДГ) ролін түсіндіру 1
Адам денесіндегі қан мен басқа сұйықтықтарды жасанды тазарту. Диализ әсерінің себептері,. Диализ әдістері: перитонеальды, гемодиализ. 10.1.5.3 диализ механизмін түсіндіру 1
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Диализ және бүйрек трансплантациясы. Артықшылықтары мен кемшіліктері. 10.1.5.4 бүйрек трансплантациясы мен диализдің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау 1
ІЖБ 1
Барлығы 14
3-тоқсан
10.3А Жасушалық цикл
(8 сағат) Митоз. Жасушада митоздың әр түрлі кезеңдерінде жүретін үрдістер. Зертханалық жұмыс «пияз тамыры ұшындағы жасушалардан митоздың белсенділік деңгейін анықтау» 10.2.2.1 дайын микропрепараттар көмегімен митоз фазаларын зерттеу 1
Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез. Гаметалар. Гаметогенез кезеңдері. Өсімдіктердегі спорогенез және гаметогенез. 10.2.2.2 өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың қалыптасу ерекшелігін түсіндіру 1
Онкологиялық жаңатүзілулердің пайда болуы. Обыралды жағдайлардың туындауына әсер етуші факторлар. 10.2.2.3 жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обырдың түзілуін түсіндіру 1
Қартаю. Қартаю үрдісі туралы теориялар. 10.2.2.4 қартаю үдерісін түсіндіру 1
10.3В
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

(20 сағат) Модификациялық өзгергіштік. Белгілердің өзгеруіндегі вариациялық қатарлар. Зертханалық жұмыс «Вариациялық қатар мен қисыққа құрылған модификациялық өзгергіштікті зерттеу». 10.2.4.1 модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттеу 1
Белгілердің тұқымқуалауындағы цитологиялық негіздер. Дигибридті будандастыру кезіндегі хромосомалардың тәуелсіз ажырауы. Жынысқа тіркес тқұым қуалау. Көптік аллельділік. Есептер шығару. 10.2.4.2 дигибридті будандастыру; жыныспен тіркескен тұқым қуалау мен көп аллельділіктің цитологиялық негіздерін есептер шығаруда қолдану 1
Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы. Кроссинговер нәтижесінде белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарының бұзылуы. 10.2.4.3 кроссинговер нәтижесінде белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарының бұзылуын түсіндіру 1
Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Эпистаз. Комплиментарлық. Полимерия. 10.2.4.4 аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуін салыстыру 1
Хуго де Фризадің мутация теориясы. Кенеттен және индуцияланған мутация. Нүктелік, хромосомалық, геномдық, ядролық және цитоплазмалық мутациялар.
Модельдеу «Адам хромосомасы жиынтығынан кариограмм құру. Геномдық мутацияны оқып білу». 10.2.4.5 Хуго де Фриздің мутация теориясын, мутагенез себептер, мутагенез себептерін және мутация түрлерін зерттеу 1
Хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық аурулары. 10.2.4.6 хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық ауруларын (аутосомдық және жыныстық) сипаттау 1
10.3 C Эволюциялық даму және селекция негіздері
Тірі ағзалардың көптүрлілігі
(11 сағат) Тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланыс. Тұқымқуалайтын өзгергіштік – эволюция негізі. Комбинативтік өзгергіштік, мутациялар. Табиғи сұрыпталу. Тіршілік үшін күрес. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар. 10.2.6.1 тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланысты түсіндіру 1
10.2.6.2 эволюция үдерісіне әсер ететін факторларды талдау 1
Эволюцияның дәлелдемелері. Салыстырмалы-анатомиялық. Эмбриологиялық. Палеонтологиялық. Биогеографиялық. Биохимиялық. 10.2.6.3 эволюцияның дәлелдемелерін талдау 1
Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері. 10.1.1.1 Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдерін және сызбаларын сипаттау 1
Филогенетикалық шежіре ағашы. Кладограммалар. Түсінік «Соңғы әмбебап жалпы ата тек». Модельдеу «Кладограмма құру». Филогенетикалық картның әр түрлі формалары. Кладограммалар мен филогенетикалық ағаштардың айырмашылығы. Кладограммалар мен филогенетикалық ағаштардың эволюциялық маңызы. 10.1.1.2 филогенетикалық карталарды (кладограммалар мен филогенетикалық ағаштарды) құру және түсіндіріп беру 1
10.1.1.3 әр алуан филогенетикалық карталардың (кладограммалар мен филогенетикалық ағаштар) принциптерін салыстыру 1
Түр түзілудің тәсілдері. Түр түзілудің механизмі. Түр түзілудің оқшаулаушы механизмі. Түртүзілудегі репродуктивті оқшаулану. Полиплоидия және гибридизация. 10.2.6.4 түр түзілудің тәсілдерін атау 1
10.2.6.5 түр түзілудің негізгі механизмдерін жіктеу 1
Селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдері. Гибридизация (будандастыру). Полиплоидия. Жасанды мутагенез. 10.2.5.1 селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдердің зерттеу 1
Антропогенез кезеңдері. Проантроптар. Архантроптар. Палеоантроптар. Неоантроптар. 10.2.6.6 антропогенездің кезеңдерін атау 1
ІЖБ 1
Барлығы 20
4-тоқсан
10.4 B Координация және реттеу
(11 сағат) Жүйке жасушаларының құрылысы. Мембраналық потенциал. Әрекет потенциалы. Әрекет потенциалының инициациясы мен трансмиссиясы. Нейронның аксон бойымен қозудың берілуі. 10.1.7.1 миеленденген нейрон аксонында әрекет потенциалының инициациясы мен трансмиссиясын сипаттау және түсіндіру 1
Рефрактерлық кезең мен оның маңызы. Миелинденген нейрондардың артықшылығы. Миелинденген және миелинденбеген нейрондарды салыстыру. 10.1.7.2 рефрактерлық кезең мен миелин қабығының маңызын түсіндіру 1
Орталық жүйке жүйесінің құрылысы. Мидың құрылысы мен қызметтері. Жұлынның құрылысы мен . 10.1.7.3 жұлын мен мидың құрылысы мен қызметтерін оқып білу 1
Механорецепторлардың түрлері. Пачини денешігі мысалында рецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беру реакциясы. 10.1.7.4 механорецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беруін (Пачини денешігі) сипаттау 1
Холинергиялық синапстың құрылысы мен қызметі арасындағы байланыс. Холинергиялық синапстың мысалында синапстық берілудің механизмі. 10.1.7.5 холинергиялық синапстың құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты орнату 1
10.4 C Қозғалыс
(7 сағат) Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы. Миофибрилла құрылымы (аймақ, дисклер, саркомерлер, актин, миозин т.б.). 10.1.6.1 көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымын зерттеу 1
Бұлшықет талшықтарының жиырылу механизмі. Бұлшықет талшығының Т-жүйесі. 10.1.6.2 бұлшықеттің жиырылу механизмін түсіндіру 1
Жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысы. Актинге қатысты қаңқа бұлшықет ұлпаларының түрлер. 10.1.6.3 жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысының байланысын орналастыру 1
10.4 D Биомедицина және биоинформатика
(6 сағат) Биомеханиканы робототехникада қолдану. Инженерлік биомеханика (экзоқаңқа, робототехника т.б.). Медициналық биомеханика (протездеу т.б. Эргометриялық биомеханика(оптимизация т.б.) Модельдеу «Жердегі тірі ағзалар қозғалысының биомеханикасын зерттеу». 10.4.4.1 биомеханиканы робототехникада қолдалынуын зерттеу
1
Жүректің өткізгіш жүйесі. Жүрек автоматиясының механизмі. Жүректегі қозудың өту жылдамдығы. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылғыштығы. Электрокардиография, оның диагностикалық маңызы. Модельдеу « Жүректе өтетін электрлік үрдісті зерттеу». 10.4.4.2 электрокардиограмманы қолдана отырып жүрек автоматиясы механизмін түсіндіру
2
10.4 E Биотехнология
(7 сағат) Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері. 10.4.3.1 биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау
1
ПТР-ді қолдану. Медициналық диагностикалауда, әкелікті негіздеуде, тұлғаларды дербестендіру медицинасында , гендерді клондауда, ДНҚ секвенирлеуде мутагенезде полимеразды тізбекті реакцияның маңызы. 10.4.3.2 полимеразды тізбекті реакцияның таксономияда, медицинада мен криминалистикада және,маңызын сипаттау 1
Гендік -инженериялық манипуляциялаудың кезеңдері. Гендік инженерияның маңызы. 10.4.3.3 гендік -инженериялық манипуляциялаудың кезеңдерін түсіндіру 1
Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтары. 10.4.3.4 гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау 1
ІЖБ 1
Барлығы 16

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *