Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10- сыныптары үшін «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша
ұзақ мерзімді жоспар
- 10 сынып:
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі | Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны | Оқыту мақсаттары
|
|
1 тоқсан | |||
Кинематика
|
Қазіргі заманғы физиканың рөлі | 10.1.1.1 — қазіргі заманғы физиканың рөлі туралы пікір айту және өз пікірін дәлелдеу; | |
Физикалық шамалардың қателіктері. Өлшеулер нәтижесін өңдеу
№ 1 Зертханалық жұмыс «Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау» |
10.1.1.2 — жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу;
10.1.1.3 — тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау; 10.1.1.4 — физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескере отырып, тәжірибелік зерттеудің соңғы нәтижесін жазу; |
||
Теңүдемелі қозғалыс кинематикасының негізгі теңдеулері мен ұғымдары
|
10.1.1.5 — жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі графигін пайдалана отырып, теңүдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру формуласын қорытып шығару;
10.1.1.6 — сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика теңдеулерін қолдану; |
||
Инвариантты және салыстырмалы физикалық шамалар
Галилейдің салыстырмалылық принципі |
10.1.1.7 — инварианты және салыстырмалы физикалық шамаларды ажырату;
10.1.1.8 — жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын есеп шығаруда қолдану; |
||
Қисық сызықты қозғалыс кинематикасы
|
10.1.1.9 — қисықсызықты қозғалыс кезіндегі траекторияның қисықтық радиусын, дененің тангенциалды, центрге тартқыш және толық үдеуін анықтау; | ||
Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы
№ 2 Зертханалық жұмыс «Ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу» |
10.1.1.10 — көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларын анықтау;
10.1.1.11 — көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалыс траекториясын зерттеу; |
||
Динамика
|
Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары | 10.1.2.1 — бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін құру; | |
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы
|
10.1.2.2 — инертті масса мен гравитациялық массаның физикалық мағынасын түсіндіру;
10.1.2.3 — материалдық нүктенің гравитациялық өріс кернеулігі мен потенциалының қашықтыққа тәуелділік графигін түсіндіру; 10.1.2.4 — бүкіл әлемдік тартылыс заңын есептер шығаруда қолдану; |
||
Абсолют қатты дененің инерция моменті | 10.1.2.5 — материалдық дененің инерция моментін есептеу үшін Штейнер теоремасын қолдану; | ||
Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы
Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі. |
10.1.2.6 — айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуін есеп шығаруда қолдану;
10.1.2.7 — айналмалы және ілгерілемелі қозғалысты сипаттайтын физикалық шамалардың арасындағы сәйкестікті жүргізу ; |
||
№ 3 Зертханалық жұмыс
«Көлбеу науамен сырғанайтын дененің қозғалысын оқып үйрену» |
10.1.2.8 — дененің инерция моментін тәжірибелік әдіспен анықтау; | ||
Статика
|
Массалар центрі. | 10.1.3.1 — абсолют қатты дененің және денелер жүйесінің массалар центрін анықтау; | |
Тепе-теңдік түрлері. | 10.1.3.2 — әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру кезінде себеп-салдар байланысын орнату; | ||
№ 4 Зертханалық жұмыс
«Бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу» |
10.1.3.3 — күштерді қосудың заңдылығын эксперименттік тексеру және күш шамасын тәжірибелік жолмен анықтау; | ||
Сақталу заңдары
|
Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары және олардың кеңістік пен уақыттың қасиеттерімен байланысы. |
10.1.4.1 — сақталу заңдарын сандық және эксперименттік есептерді шығаруда қолдану; | |
Сұйықтар мен газдардың механикасы |
Гидродинамика. Сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленнтік ағыстары. |
10.1.5.1 — сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленттік ағыстарын сипаттау; | |
Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Көтергіш күш. | 10.1.5.2 — үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану; | ||
Тұтқыр сұйықтың қозғалысы. Стокс формуласы. Денелерді қапталдай ағу | 10.1.5.3 — Торричелли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану; | ||
№ 5 Зертханалық жұмыс
«Тұтқыр сұйықта қозғалатын кішкентай шардың жылдамдығының оның радиусынан тәуелділігін зерттеу» |
10.1.5.4 — эксперименттің нәтижесіне әсер етуші факторларды анықтау және нәтижені жақсартудың жолдарын ұсыну; | ||
2 тоқсан | ||
Молекулалық- кинетикалық теория негiздерi
|
Газдардың молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары және оның тәжiрибелiк дәлелдемелерi.
Термодинамикалық жүйелер және термодинамикалық параметрлер. Тепе-теңдік және тепе-теңдік емес күйдегі термодинамикалық жүйе. Температура — зат бөлшектерінің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі ретінде |
10.2.1.1 — температура мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының байланысын сипаттау;
|
Идеал газ. Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi | 10.2.1.2 — идеал газ моделін сипаттау;
10.2.1.3 — молекулалық кинетикалық теорияның негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану; |
|
Газ заңдары |
Идеал газ күйінің теңдеуі | 10.2.2.1 — идеал газ күйінің негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану; |
Изопроцестер. Изопроцесстер графиктері.
Дальтон заңы |
10.2.2.2 — тұрақты температура кезінде қысымның газ көлеміне тәуелділігін зерттеу(Бойль-Мариотт заңы);
10.2.2.3 — тұрақты қысым кезінде газ көлемінің температураға тәуелділігін зерттеу (Гей-Люссак заңы); 10.2.2.4 — тұрақты көлем кезінде қысымның газ температурасына тәуелділігін зерттеу(Шарль заңы); 10.2.2.5 — газ заңдарын сандық және графиктік есептер шығаруда қолдану; |
|
Термодинамика негiздерi
|
Идеал газдың ішкі энергиясы. Термодинамикалық жұмыс. Жылу мөлшері, жылусыйымдылық | 10.2.3.1 — бір атомды және екі атомды идеал газдың ішкі энергиясының формуласын есептер шығаруда қолдану; |
Термодинамиканың бiрiншi заңы. Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану. Адиабаталық процесс, Пуассон теңдеуі | 10.2.3.2 — термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге және адиабаталық процеске қолдану; | |
Қайтымды және қайтымсыз процестер. Энтропия. Термодинамиканың екiншi заңы.
Айналмалы процесс және оның пайдалы әсер коэффициенті, Карно циклі; |
10.2.3.3 — идеал жылу қозғалтқышы үшін Карно циклін сипаттау;
10.2.3.4 жылу қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициенті формуласын есептерді шығаруда қолдану; |
|
Сұйық және қатты денелер |
Қаныққан және қанықпаған бу. Ауаның ылғалдылығы.
Фазалық диаграммалар. Үштік нүкте.Заттың кризистiк күйi |
10.2.4.1 — гигрометрдің және психрометрдің көмегімен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау; |
Сұйықтың беткi қабатының қасиеттерi. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар | 10.2.4.2 — сұйықтың беттiк керiлу коэффициентiн әр түрлі тәсілдермен анықтау; | |
Кристалл және аморф денелер.
Қатты денелердің механикалық қасиеттері
|
10.2.4.3 — әр түрлі қатты денелер мысалында кристалдық және аморфты денелердің құрылымын ажырату;
10.2.4.4 — серпімді деформация кезіндегі Юнг модулін анықтау; |
3 тоқсан | ||
Электростатика
|
Электр заряды. Зарядтың беттік және көлемдік тығыздығы. Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы | 10.3.1.1 — электр зарядының сақталу заңы мен Кулон заңын есептер шығаруда қолдану; |
Электр өрісі. Біртекті және біртекті емес электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің суперпозиция принципі | 10.3.1.2 — суперпозиция принципін электр өрісінің қорытқы кернеулігін анықтау үшін пайдалану; | |
Электр өрісінің кернеулік векторының ағыны.
Гаусс теоремасы |
10.3.1.3 — зарядталған жазықтықтың, шардың, сфераның және шексіз жіптің электр өрісінің кернеулігін анықтау үшін Гаусс теоремасын қолдану; | |
Зарядтың орын ауыстыруы кезіндегі электр өрісінің жұмысы.
Потенциал. Электр өрісінің потенциалдар айырымы |
10.3.1.4 — нүктелік зарядтың электр өрісінің потенциалы мен жұмысын есептеу;
|
|
Эквипотенциал беттер. Біртекті электр өрісі үшін кернеулік пен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс
|
10.3.1.5 — электростатикалық өрісте күшті және энергетикалық сипаттамаларды байланыстыратын формуланы есептер шығаруда қолдану;
10.3.1.6 — гравитациялық және электростатикалық өрістерде күшті және энергетикалық сипаттамаларды салыстыру. |
|
Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер;
|
10.3.1.7 — диэлектриктердегі поляризация құбылысы мен өткізгіштердегі электростатикалық индукция құбылысына салыстырмалы талдау жасау; | |
Электрсыйымдылығы. Конденсаторлар. Конденсаторларды жалғау
|
10.3.1.8 — конденсатор сыйымдылығының оның параметрлеріне тәуелділігін зерттеу;
10.3.1.9 — конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын есеп шығаруда қолдану; |
|
Электр өрісінің энергиясы; | 10.3.1.10 — электр өрісінің энергиясын есептеу; | |
Тұрақты ток | Электр тогы. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Өткізгіштерді аралас жалғау
|
10.3.2.1 — аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану; |
№ 6 Зертханалық жұмыс
«Өткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену» |
10.3.2.2 — өткізгіштерді аралас жалғауды зерттеу; | |
Ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісі.
|
10.3.2.3 — элерктр қозғаушы күші мен кернеу көзінің әр түрлі жұмыс режиминдегі (жұмыстық, бос жүріс, қысқа тұйықталу) байланысын зерттеу; | |
Толық тізбек үшін Ом заңы; | 10.3.2.4 — толық тізбек үшін Ом заңын қолдану; | |
№ 7 Зертханалық жұмыс
«Ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау» |
10.3.2.5 — эксперимент арқылы ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау; | |
Кирхгоф заңдары
|
10.3.2.6 — тармақталған электр тізбегіне Кирхгоф заңын қолдану; | |
Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңы. Ток көзінің пайдалы әсер коэффициенті | 10.3.2.7 — электр тогының жұмысы, қуаты және ток көзінің пайдалы әсер коэффициентінің формулаларын есептер шығаруда қолдану; | |
Әр түрлі ортадағы
электр тогы
|
Металдардағы электр тогы.
Асқын өткiзгiштiк
|
10.3.3.1 — металдардағы электр тогын сипаттау және кедергінің температураға тәуелділігін талдау;
10.3.3.2 — жоғары температурада асқын өткізгішті материалдарды алудың келешегін талқылау; |
Жартылай өткiзгiштердегi электр тогы. Жартылай өткізгішті құралдар;
|
10.3.3.3 — жартылай өткізгіштердегі электр тогын сипаттау және жартылай өткізгіш құралдарын қолдану принципін түсіндіру; | |
№ 8 Зертханалық жұмыс
«Шамның қыл сымының, резистордың және жартылай өткізгіш диодтың вольт-амперлік сипаттамасы» |
10.3.3.4 — шамның қылсымының, резистордың және жартылай өткізгіш диодтың вольт-амперлік сипаттамасын зерттеу;
|
|
Электролит ерiтiндiлерiндегi және балқыламалардағы электр тогы. Электролиз заңы | 10.3.3.5 — электролиттердегі электр тогын сипаттау және электролиз заңын есептер шығаруда қолдану; | |
№ 9 Зертханалық жұмыс
«Бір валетті ионның электр зарядын өлшеу» |
10.3.3.6 — электролиз үдерісіндегі электронның зарядын эксперимент арқылы анықтау; | |
Газдардағы электр тогы. Вакуумдегi электр тогы.
Электронды-сәулелік түтікше
|
10.3.3.7 — газдардағы және вакуумдағы электр тогын сипаттау;
10.3.3.8 — электронды-сәулелік түтікшенің жұмыс істеу принципін және қолданылуын түсіндіру; |
|
4 тоқсан | ||
Магнит өрiсi | Магнит өрісі. Тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуі. Ампер тәжірибелері
Магнит индукция векторы. Дөңгелек және шексіз түзу тогы бар өткізгіштердің индукциясы. Бұрғы ережесі |
10.3.4.1 — магнит индукция векторының физикалық мағынасын заманауи техниканың жетістіктері мен есептер шығару арқылы түсіндіру;
|
Ампер күші, сол қолы ережесі; | 10.3.4.2 — электр өлшеуіш құралдардың, электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру; | |
Лоренц күші. Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы | 10.3.4.3 — токомак, циклотрон, андронды коллайдер, магниттік тордың жұмыс істеу принципін талдау және поляр шұғыласының табиғатын түсіндіру;
10.3.4.4 — зарядталған бөлшектердің қозғалысына магнит өрісінің әсерін зерттеу; |
|
Заттың магниттік қасиеттері. Кюри температуры | 10.3.4.5 — заттың магниттік қасиеттері бойынша топтастыру және олардың қолдану аймағын анықтау;
10.3.4.6 — магниттік материалдарды(неодим магниттер, датчиктер, сейсмометрлер, металл іздегіш) заманауи қолдану аймағын және олардың қолдану үрдісін талқылау; |
|
Электромагниттiк
индукция |
Ампер күшінің жұмысы. Магнит ағыны.
Электромагниттiк индукция құбылысы |
10.3.5.1 — Электромагниттік құралдардың( электромагниттік реле, генератор, трансформатор) жұмыс істеу принципін зерттеу; |
Электромагниттiк индукция заңы. Ленц ережесі.
Өздік индукция. Индуктивтілік |
10.3.5.2 — электромагниттік индукция заңын есептер шығаруда қолдану; | |
Магнит өрісінің энергиясы
|
10.3.5.3 — механикалық және магнит өрісінің энергиялары арасындағы сәйкестікті жүргізу; | |
Электр қозғалтқыш және тұрақты токтың электр генераторы | 10.3.5.4 — қолданыстағы электрқозғалтқыштың моделін зерттеу және Фарадей заңы мен Ленц ережесін қолданып алынған нәтижелерді пайдалана отырып дәлелді түрде түсіндіру;; | |
Физикалық практикум |