Жаңа бағдарлама Геометрия 7 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар 2018-2019 жыл

Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-сыныптарына арналған

«Геометрия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар

 

  • 7-сынып

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны Оқыту мақсаттары
1-тоқсан
Геометрияның алғашқы мәліметтері Геометрияның негізгі ұғымдары. Аксиома. Теорема 7.1.1.1 — планиметрияның  негізгі фигураларын білу: нүкте, түзу;

7.1.1.5 — кесінді, сәуле, бұрыш, үшбұрыш, жарты жазықтық анықтамаларын білу;

7.1.1.2 — нүктелер  мен түзулердің тиістілік  аксиомаларын  білу және қолдану;

7.1.1.3 — аксиоманың  теоремадан айырмашылығын түсіну: теореманың шарты мен қорытындысын ажырату;

7.1.2.1 — нүктелердің түзу мен  жазықтықта орналасу аксиомаларын білу және қолдану (реттік аксиомасы);

7.1.1.6 — кесінділер мен бұрыштарды өлшеу аксиомаларын білу және қолдану;

7.1.1.8 — кесінділер мен бұрыштарды  салу аксиомаларын білу және қолдану;

7.1.1.11 — берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы аксиомасын білу;

7.1.2.2 — түзулердің параллельдік  аксиомасын білу;

Фигуралар теңдігі 7.1.1.7 — тең фигуралардың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану;
Теореманы дәлелдеу әдістері: тура дәлелдеу және «кері жору» әдісі 7.1.1.4 — теоремаларды дәлелдеу әдістерін білу: тура дәлелдеу және  «кері жору» әдістері
Сыбайлас және вертикаль бұрыштар, олардың қасиеттері 7.1.1.9 — сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын білу;

7.1.1.10 — сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және  қолдану;

7.1.1.32 — перпендикуляр ұғымын біледі;

2-тоқсан
 Үшбұрыштар Үшбұрыш және оның түрлері 7.1.1.13 — үшбұрыштардың түрлерін ажырату;
Үшбұрыштың биссектрисы, медианасы, биіктігі және орта сызығы 7.1.1.14 — теңқабырғалы, теңбүйірлі, тікбұрышты үшбұрыштардың элементтерін білу;

7.1.1.12 — үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы,   биіктігі, орта перпендикуляры,  орта сызығы анықтамаларын білу және оларды салу;

7.1.1.15 — сүйір бұрышты, доғал бұрышты және тікбұрышты үшбұрыштардың биіктіктерінің орналасуын салыстыру;

Үшбұрыштар теңдігінің белгілері 7.1.1.21 — үшбұрыштар теңдігінің белгілерін білу және дәлелдеу;

7.1.1.22 — үшбұрыштар теңдігінің белгілерін есептер шығару мен дәлелдеулерде қолдану;

Теңбүйірлі үшбұрыш, оның қасиеттері және белгілері 7.1.1.23 — теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолдану;

7.1.1.24 — теңқабырғалы үшбұрыштың қасиеттерін есептер шығаруда қолдану;

3-тоқсан
Түзулердің өзара орналасуы Параллель түзулер, олардың белгілері және қасиеттері 7.1.2.3 — екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштарды танып білу;

7.1.2.4 — түзулердің параллельдік белгілерін дәлелдеу;

7.1.2.5 — түзулердің параллельдік белгілерін есептер шығаруда қолдану;

7.1.2.6 — параллель түзулердің қасиеттерін дәлелдеу;

7.1.2.7 — параллель түзулердің қасиеттерін есептер шығаруда қолдану;

Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы 7.1.1.16 — үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын дәлелдеу;

7.1.1.17 — үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын есептер шығаруда қолдану;

7.1.1.18 — үшбұрыштың сыртқы бұрышының анықтамасын білу және үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы дәлелдеу;

7.1.1.19 — үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолдану;

Үшбұрыш теңсіздігі 7.1.1.20 — үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатысты білу және есептер шығаруда қолдану;

7.1.3.1 — үшбұрыш теңсіздігін білу және қолдану;

Тікбұрышты үшбұрыштардың теңдігінің белгілері. Тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттері 7.1.1.25 — тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілерін дәлелдеу;

7.1.1.26 — тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілерін есептер шығаруда қолдану;

7.1.1.27 — тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін қолдану;

Перпендикуляр түзулер. Перпендикуляр, көлбеу және оның проекциясы 7.1.2.8 — перпендикуляр,  көлбеу және көлбеудің  проекциясы ұғымдарын меңгеру;

7.1.2.9 — нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың біреу ғана болуы туралы теореманы дәлелдеу және қолдану;

7.1.2.10 — перпендикуляр түзулердің қасиеттерін білу және қолдану;

4-тоқсан
Шеңбер. Геометриялық салулар Шеңбер, дөңгелек, олардың элементтері мен бөліктері. Центрлік бұрыш 7.1.1.31 — нүктелердің геометриялық орнының анықтамасын білу;

7.1.1.28 — шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда)  анықтамаларын білу;

7.1.1.29 — центрлік бұрыштың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану;

7.1.1.30 — шеңбер диаметрі мен хордасының перпендикулярлығы туралы теоремаларды дәлелдеу және қолдану;

Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы. Екі шеңбердің өзара орналасуы 7.1.2.12 — түзу мен шеңбердің, екі шеңбердің өзара орналасу жағдайларын талдау;
Шеңберге жүргізілген жанама. Шеңберге жүргізілген жанамалардың қасиеттері 7.1.2.11 — шеңберге жүргізілген жанама мен қиюшының анықтамаларын білу;

7.1.2.13 — есептер шығаруда шеңбер жанамасының қасиеттерін білу және қолдану;

Үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер 7.1.2.14 — үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің анықтамаларын білу;

7.1.2.15 — үшбұрышқа  сырттай және іштей сызылған шеңберлердің центрлерінің орналасуын түсіндіру;

Салу есептері 7.1.2.16 — берілген бұрышқа тең бұрыш салу, бұрыштың биссектрисасын салу, кесіндіні қақ бөлу;

7.1.2.17 — кесіндінің орта перпендикулярын және берілген түзуге перпендикуляр түзу салу;

7.1.2.18 — берілген элементтері бойынша үшбұрыш салу;

7-сыныптағы геометрия курсын қайталау

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *