Жаңа бағдарлама Геометрия 8 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар 2018-2019 жыл

Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-сыныптарына арналған

«Геометрия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар

 

  • 8-сынып

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны Оқыту мақсаттары
1-тоқсан
7-сыныптағы геометрия курсын қайталау
Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу Көпбұрыш. Дөңес көпбұрыш 8.1.1.1 — көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтері анықтамаларын  білу;

8.1.1.2 — көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындыларының және сыртқы бұрыштарының қосындыларының формулаларын қорытып шығару;

Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері 8.1.1.3 — параллелограмм анықтамасын білу;

8.1.1.4 — параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану;

8.1.1.5 — параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану;

8.1.1.6 — тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамаларын білу және олардың қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару;

Фалес теоремасы. Пропорционал кесінділер 8.1.1.7 — Фалес теоремасын білу және қолдану;

8.1.1.8 — пропорционал кесінділер туралы теоремаларды білу және қолдану;

8.1.1.9 — циркуль мен сызғыштың көмегімен кесіндіні бірдей n бөлікке бөлу;

8.1.1.10 — пропорционал кесінділерді салу;

Трапеция, оның түрлері мен қасиеттері. Трапеция мен үшбұрыштың орта сызықтары 8.1.1.11 — трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу;

8.1.1.12 — үшбұрыштың орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану;

8.1.1.13 — трапецияның орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану.

Үшбұрыштың тамаша нүктелері 8.1.3.1 — үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медианалар, биссектрисалар, биіктіктер және орта перпендикулярлар қасиеттерін білу және қолдану;
2-тоқсан
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының тригонометриялық функциялары. Пифагор теоремасы 8.1.3.2 — бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатыстары арқылы берілген анықтамаларын білу;

8.1.3.3 — Пифагор теоремасын дәлелдеу және қолдану;

8.1.3.4 — тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышының төбесінен гипотенузасына түсірілген биіктігінің қасиеттерін дәлелдеу және қолдану;

Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер 8.1.3.21 — Пифагор теоремасын пайдаланып,
формуласын қорытып шығару және есептер шешуде қолдану;

8.1.3.22 — негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қорытып шығару және қолдану;

8.1.3.23 —  бұрыштарының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі арасындағы байланыстарды білу және қолдану

8.1.3.24 —  мәндерін олардың біреуінің

8.1.3.5 — бұрышты оның синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің белгілі мәні бойынша салу;

Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу 8.1.3.6 — тікбұрышты үшбұрышты  300, 450, 60-қа тең бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін табу үшін қолдану;

8.1.3.7 — тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін  300, 450, 60— қа тең бұрыштардың синус, косинус, тангенс  және котангенсінің мәндерін қолдану;

8.1.3.8 — берілген екі элементі бойынша тікбұрышты үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғаларын табу;

3-тоқсан
Аудан Фигураның ауданы және оның қасиеттері 8.1.3.9 — көпбұрыш ауданының анықтамасы мен қасиеттерін білу;

8.1.3.10 — тең шамалас және тең құрамдас  фигуралардың анықтамаларын білу;

Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары 8.1.3.11 — параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;

8.1.3.12 — үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;

8.1.3.13 — трапецияның ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;

4-тоқсан
Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі Жазықтықтағы координаталар әдісі

 

 

8.1.3.14 — жазықтықта координаталарымен берілген  екі нүктенің арақашықтықтығын  есептеу;

8.1.3.15 — кесінді ортасының координаталарын табу;

8.1.3.16 — кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүктенің координаталарын табу;

8.1.3.17 —  центрі (a, b), радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін  білу;

8.1.3.18 — берілген теңдеуі бойынша шеңбер салу;

8.1.3.19 — түзудің жалпы теңдеуін және  берілген екі нүкте арқылы өтетін  түзудің теңдеуін жазу: ;

Мәтін есептерді шығару 8.1.3.20 — координаталармен берілген қарапайым есептерді шығару ;
8-сыныптағы геометрия курсын қайталау

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *