Жаңа бағдарлама Геометрия 9 сынып ҰМЖ Ұзақ мерзімді жоспар 2018-2019 жыл

Негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныптарына арналған

«Геометрия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар

 

  • 9-сынып

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны Оқыту мақсаттары
1-тоқсан
8-сыныптағы геометрия курсын қайталау
Жазықтықтағы векторлар Вектор. Векторларға амалдар қолдану. Коллинеар және коллинеар емес векторлар 9.1.4.1 — вектордың, коллинеар векторлардың, тең векторлардың, нөлдік вектордың, бірлік вектордың және вектор ұзындығының анықтамаларын білу;

9.1.4.2 — векторларды қосу, векторды санға көбейту ережелерін білу және қолдану;

9.1.4.4 — векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеу;

9.1.4.5 — екі вектордың арасындағы бұрыштың анықтамасын білу;

9.1.4.6 — векторлардың скаляр көбейтіндісін табу;

9.1.4.7 — есептерді векторлық әдіспен шешу;

Вектордың координаталары. Координаталық түрде берілген векторларға амалдар қолдану 9.1.3.1 — вектордың координаталарын табу;

9.1.3.2 — вектордың  ұзындығын табу;

9.1.4.3 — векторлардың коллинеарлық шартын қолдану;

9.1.3.3 — координаталарымен берілген векторларға амалдар қолдану;

9.1.3.4 — векторлардың скаляр көбейтіндісін және оның қасиеттерін білу және қолдану;

9.1.3.5 — векторлар арасындағы бұрышты есептеу;

Есептерді шешуде векторларды қолдану 9.1.4.19 — векторды есептер шығаруда қолдану;;
2-тоқсан
Жазықтықтағы түрлендірулер Қозғалыс және оның қасиеттері 9.1.4.8 — қозғалыстың  түрлерін, композициясын және олардың қасиеттерін білу;

9.1.4.9 — симметрия, параллель көшіру және бұру кезінде фигуралардың бейнелерін салу;

9.1.4.10 — жазықтықта түрлендіруді қолдана отырып есептер шығару;

Гомотетия және оның қасиеттері 9.1.4.11 — гомотетияның анықтамасын және қасиеттерін білу;

9.1.4.12 — гомотетия кезінде әртүрлі фигуралардың бейнелерін салу;

Ұқсас фигуралар және олардың қасиеттері. Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері 9.1.4.13 — ұқсас фигуралардың анықтамасын және қасиеттерін білу;

9.1.4.14 — үшбұрыштар ұқсастығы белгілерін білу және қолдану;

9.1.4.15 — тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастығын білу және қолдану;

9.1.4.16 — үшбұрыш биссектрисасының қасиетін білу және қолдану;

9.1.4.17 — ұқсас фигуралардың  аудандары және ұқсастық коэффициенті арасындағы тәуелділік формуласын білу;

3-тоқсан
Үшбұрыштарды шешу Үшбұрыштарды шешу 9.1.3.6 — косинустар теоремасын білу және қолдану;

9.1.3.7 — синустар теоремасын білу және қолдану;

9.1.2.3 — дұрыс көпбұрыштарды салу;

9.1.3.8 — іштей сызылған үшбұрыштың  ауданын (  – үшбұрыштың қабырғалары, – сырттай сызылған шеңбер радиусы) және  сырттай сызылған көпбұрыштың ауданының  (  мұндағы   – іштей сызылған шеңбер радиусы,   көпбұрыштың жарты периметрi) формуларын білу және қолдану;

9.1.3.9 — шеңберге іштей немесе сырттай сызылған үшбұрыштардың аудандарын пайдаланып шеңбердің радиусын табу формулаларын білу және қолдану;

9.1.3.10 — синустар және косинустар теоремаларын үшбұрыштарды шешуде және қолданбалы есептерді шығаруда қолдану;

4-тоқсан
Шеңбер. Көпбұрыштар Шеңбер және дөңгелек. Доғаның ұзындығы. Дөңгелек, сектор және сегменттің аудандары 9.1.1.1 — доға ұзындығының формуласын қорытып шығару және қолдану;

9.1.1.2 — сектор мен сегмент ауданының формулаларын қорытып шығару және қолдану;

9.1.1.3 — іштей сызылған бұрыш анықтамасын және оның қасиеттерін білу;

9.1.1.4 — дөңгелектегі  кесінділердің пропорционалдылығы туралы теоремаларды білу және қолдану;

Дұрыс көпбұрыштар, олардың қасиеттері және симметриялары 9.1.2.1 — шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштардың қасиеттері мен белгілерін білу және қолдану;

9.1.2.2 — дұрыс көпбұрыштардың анықтамасын және қасиеттерін білу;

9.1.2.4 — дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустары арасындағы байланысты білу және қолдану;

9.1.2.5 — дұрыс көпбұрыштың қабырғаларын, периметрін, ауданын және оған іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын байланыстыратын формулаларды білу және қолдану;

9.1.2.6 — үшбұрыш медианаларының қасиеттерін білу және қолдану;

9.1.4.18 — дұрыс көрбұрыштардың симметрияларын білу

7-9-сыныптардағы геометрия курсын қайталау

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *